Жел 29, 2016 19:01 Asia/Almaty

Нұрлы жол (316)

«Юныс» сүресінің 50-51 аяттары:

Маған айтыңдаршы! Алланың азабы сендерге түнделетіп, не күндіз келсе күнәкарлар не нәрсені асығып тілер еді» де. (50) Оған азап түскеннен кейін иман келтіресіңдер ме, жоқ әлде қазір ме? Расында сендер азапты асығып тілеп едіңдер (51).

Осы аяттар қияметті теріске шығарып, «илаһи жаза қай кезде орнайды?» деп сұрағандарға жауап болып табылады. Пайғамбар оларға: «Азаптың түсуін асыға күткен сендер, азап егер күндіз немесе түнде күтпеген жерден келсе, не істейсіңдер? Қашатын жол немесе оған төтеп бере алатындай  күшке иесіңдер ме?»  деп айтуға жауапты. Егер азаптың белгілерін көріп, иман келтіреміз және сол иман сендерді құтқарады деп ойласаңдар, ол бос әурешілік болып табылады. Өйткені азаптың түсуімен тәубенің есіктері жабылып қалады, ал мұндай жағдайда иман келтірудің әсері болмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Күнәһарлар үшін азаптың түсетіндігіне деген сенім ғана емес, сонымен қатар оның орын алуының мүмкін екендігінің өзі олардың өз істерінде абай болуы үшін жеткілікті.
  2. Қатер төнген кезде иман келтірудің құны болмайды. Өйткені ол сенім мен еріктің емес, қорқыныштың нәтижесі.

Енді «Юныс» сүресінің 52 аятына құлақ түрелік:

Сонсоң залымдарға: «Мәңгілік азапты татыңдар! Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар» делінеді (52).

Алдыңғы аяттарда күнәһарларға бұл дүниеде тұтқиылдан түсетін илаһи жаза мен азап туралы сөз болды. Осы аятта өздері мен басқаларға зұлымдық жасап, зұлымдықтан қол үзбегендіктен мәңгілік азапқа душар болатын күнәһарлардың қияметтегі жазалары туралы айтылады. Илаһи жазаларға адамдардың осы дүниедегі амалдары негіз болады. Сол күнәлар күнәһарлардың алдарында жинақталып, олардың тоқтаусыз азаптарының негізіне айналады. Осы аяттан үйренетініміз:

1. Исламдық мәдениетте зұлымдық деген тек басқаларға ғана қатысты емес, сонымен қатар күнә да зұлымдық деп саналады. Сондықтан һәм өзіне, һәм адамдарды тура жолға нұсқау үшін көп мехнат шегіп, қиындық көрген  аспандық пайғамбарларға жасалған зұлымдық та күнә.

2. Илаһи жаза әділ әрі адамдардың амалдары негізі бойынша ғана беріледі, одан артық берілмейді.

Қазір «Юныс» сүресінің 53-54 аяттарына құлақ түрелік:

Сенен олар: «Бұл шындық па?»,- деп сұрайды. «Әрине Раббыма ант етемін, сөзсіз Ол хақ. Сендер Алланы әлсірете алмайсыңдар» де (53).

Өзіне зұлымдық істеген әркім жер жүзіндегі нәрселер өзінікі болса, төлеуге беріп, азапты көргенде, іштей өкінер еді. Араларына әділдік пен үкім етіледі. Зұлымдыққа ұшырамайды (54).

Осы дүние мен ақыретте күнәһарларға азаптың түсірілетіндігі туралы алдыңғы аяттардан соң осы аятар былай дейді: «Илаһи жазалау туралы күмәнденбеңдер, Алланың уәделері кесімді әрі міндетті түрде орындалады. Сөздерінің барлығы шындық әрі дұрыс пайғамбар осындай күннің орын алатындығының шындық екендігіне, азаптың алдынан ешқандай қайтар немесе қашар жолдың жоқ екендігіне Алланың атымен ант етеді. Илаһи жазаның ауырлығы соншама, әрбір күнәһар азаптан құтқарылу үшін жер бетіндегі барлық мал-мүлкін сыйлауға әзір болады. Бірақ өкініш білдіретін уақыт өтіп, қияметтің соты әділет негізі бойынша үкім шығарып, орындауға қойып қойған соң не пайда?

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Кейбір кездері күмәнді жою үшін, тіпті Алланың елшісінің ант ішіп, кесімді сөйлеуі қажет болады.
  2. Алланың әділ сотында адамдардың күші, билігі мен байлығы іске жарағысыз болып қалады. Ол жерде тек ақида мен амал ғана маңызды.

«Юныс» сүресінің 55-56  аяттары:

Сақ болыңдар! Расында көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Біліңдер! Алланың уәдесі хақ. Бірақ олардың көбі білмейді. (55) Ол тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ақ Оның алдына қайтарыласыңдар. (56).

Қияметтің орнайтындығына күмән мен сенімсіздік білдірудің маңызды факторлары Алланың құдіретіне шәк келтіру болып табылады. Сондықтан осы аят былай дейді: «Неліктен Алла Тағала өлгендерді тірілте алатын және оларды жазалап, мүміндерге сый беру құдіретіне ие емес деп ойлайсыңдар? Барлық тіршілік атаулыны Алланың жаратқандығын, оның Жаратушы және әлемнің иесі екендігін, сендердің өлімдерің мен өмірлеріңнің Оның қолында екендігін білмейсіңдер ме? Ондай болса қияметтің бұйрығына неге шәк келтіресіңдер?».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Барлық нәрсенің шынайы иесі – Алла Тағала. Адамдардың иелігі уақытша. Сондықтан қияметте кәпірлердің өздерін құтқару үшін пида ететін ештеңелері болмайды.

 

2.Жаратылысқа Алланың билік етуі – Оның өз уәделерін жүзеге асыратын әлеуетінің дәлелі.