Нұрлы жол (315)
Нұрлы жол (315)
Мейірімді де рақымды А...-ның атымен бастаймын.
«Юныс» сүресінің 45 аяты:
«Оларды жинайтын күні; (дүниеде) күндіз бір-ақ сағат тұрғандай болып, олар бір-бірін таниды. Аллаға жолығуды жасынға шығарып, тура жолға түспегендер зиянға ұшырайды. (45)».
Кәпірлер қиямет күнін теріске шығарып, оның болатынын мойындамаса да, олар қаласын, қаламасын, барлық адамдар жиналатын сол күні олар да сол жерде жиналады. Сол күні қияметтің ғаламаттығы соншама, пәни дүниедегі өмір сүрген немесе өлген соң қабірде болған уақыттары оларға бір күннің бір сағатындай ғана болып көрінеді. Қиямет күні адамдардың қайтыс болғандарына ұзақ жылдар өткеніне қарамастан, олар өздерін ұйқыдан қазір ғана оянғандай сезінетін болады. Сондықтан олар бір-бірін ұмытып үлгермегендіктен, бір-бірін жақсы таниді. Осындай жағдайда қайта тірілетін қиямет күнін теріске шығарғандардың қиямет кеңістігінде өздерінің қаскүнем болғандарын және осы алаңға құралақан келгендіктерін әрі кері қайтатын жолдың жоқ екендіктерін сезетіндіктері қалыпты жағдай Осы аяттан үйренетініміз:
- Дүниедегі өмірдің қысқалығы сондай, қияметте адамның бойын сол қысқа уақыт пен мүмкіндіктерді уыстан шығарып алғандығы үшін зиян мен шығын сезімін билейді.
- Нағыз зиян деген ол адамның мәңгілік бақыттан гөрі дүниенің уақытша ләззатына басымдылық беруі.
«(Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға уәде еткен бейнеттің кейбірін саған көрсетсек немесе сені (бұрын) дүниеден алсақ та, олардың жиналатын орны біз жақ. Соңында Алла олардың не істегендеріне айғақ». (46)
Осы аят пайғамбар мен мүміндерді жұбатып: «Егер Алла кәпірлерді осы дүниеде толық жазаламаса, оның себебі сый мен жазаның негізі қияметке байланысты болғандығынан. Барша адам Алла тарапына қайтады. Барлық істерден хабардар Алла адамдарды толықтай жазалайды. Бұл бірақ барлық жаза қияметте беріледі деген сөз емес. Жазалардың кейбіреулері осы дүниеде де орындалады. Оны сендер өздеріңнің көздеріңнің тірісінде көресіздер, жазалардың кейбіреулері оларға сіздер көз жұмған соң жетеді» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
Мүміндер кәпірлердің жазаларының кешіктірілуіне бола өкініп, алаңдамаулары керек. Ол Алланың мойнында, Алла өзінің уәдесін орындайды.
«Юныс» сүресінің 47 аяты:
«Әр үмметтің бір пайғамбары бар. Оларға пайғамбарлары келген заманда араларына туралықпен үкім болады. Сондай-ақ олар зұлымдыққа ұшырамайды. (47)».
Алланың пайғамбарлары екі топ болды: бір топ кітап пен шариғат иелері; екінші топ шариғатты жарнамалап, таратушылар. Құран аяттарынан адам баласының әртүрлі үмбетінің арасында үнемі әмбиелердің тағылымдары мен аспандық кітаптарды жарнамалап, халықты соған еруге шақырған адамдардың болғаны белгілі. Адамдардың арасындағы пайғамбарлардың маңызды міндеті – теңдік пен әділетті орнату, зұлымдық және қаскүнемдікпен күресу болды. Қияметте де Алла әрбір халықты пайғамбарымен бірге жинап, қияметтің сотында олардың өздерінің қатысуымен араларында әділет негізінде төрелік ететін болады. Осы аяттан үйренетініміз:
- Алла Тағала ешбір халық пен үмбетті өз бетімен қоя берген жоқ. Пайғамбарлардың сөзін қалай болғанда да олардың құлақтарына жеткізді.
- Қоғамда нағыз теңдік пен әділет тарату әмбиелер мен аспандық кітаптардың арқасында жүзеге асады.
«Юныс» сүресінің 48-49 аяттары:
«Олар (кәпірлер): «Егер сендер шыншыл болсаңдар, осы уәде қашан болады» дейді. (48) (МұхаммедҒ.С.): «Алланыңқалауынанбасқаөзімепайда, зиянкелтірукүшінеиеемеспін. Әрүмметүшінбіражалбар. Қашанолардыңбелгілімерзімікелсе, бірсәткекешіктірілмейдідеілгерілетілмейді» де. (49)».
Қиметке сенбеген кәпірлер осы ақиқатқа күмән тудыру үшін әртүрлі сылтаулар іздеді. Сондықтан «Егер қиямет шындық болса және сендер рас айтып тұрған болсаңдар, ол қашан орын алады?» деген сауал қойды. Бұйрықтың міндетті түрде жүзеге асуының қажеттілігі оның уақытын білуге қатысты емес. Біз барлығымыз бір күні дүние саламыз, бірақ ешқайсымыз өзіміздің ажалымыз жететін күннен хабарсызбыз. Пайғамбар да аспандық уахи негізінде адамдарға дүниенің соңында қияметтің орнайтынын хабарлады. Бірақ Алла Тағала ол адамдарға хабарлау үшін пайғамбарға қияметтің уақытынан хабар берген жоқ. Осы аяттан үйренетініміз:
- Пайғамбарлар адамдармен шындық негізінде сөйлеседі. Сол себепті былай деп тура мәлімдейді: «Біздің өзіміздің күшіміз жоқ. Сонымен қатар өзіміздің зиянымыз бен пайдамыздың да иесі емеспіз».
- Қоғамның да жеке-жеке адамдар сынды, кейде оның құлдырап, кейде абырой мен даңқтан айырылатын соңғы кезеңі болады.