Жел 31, 2016 20:26 Asia/Almaty

Нұрлы жол (314)

Мейірімді де рақымды А...-ның атымен бастаймын.

«Юныс» сүресінің 39-40 аяттары:

«Олай емес, олар білімі жетпеген, сондай-ақ өздеріне мағынасы білдірілмеген нәрсені жасынға шығарды. Осылайша, бұлардан бұрынғылар да жасынға шығарған болатын. Енді қарашы! Залымдардың соңы не болды? (39).

Олардан Құранға сенетіндер де бар. Олардан оған сенбейтіндер де бар. Раббың бұзақыларды жақсы біледі. (40)».

Өткен бағдарламада мүшріктер мен кәпірлер негізсіз болжам мен долбар негізінде және ешбір дәлелсіз Құранды пайғамбардың сөзі деп атап, оның Алламен байланысын теріске шығарғандығын айтқан болатынбыз. Осы аяттар олар өздерінің қолдаушыларының сөздерін қайталайды дейді. Өйткені бұрынғы пайғамбарлар да осындай жала жабушылықтарпен бетпе-бет келген болатын. Олардың Құранды былайша теріске шығаруларының ғылыми негізі жоқ. Сондықтан өздеріне де, аспандық мектепке де, илаһи пайғамбарларға да әділетсіздік жасайды.  Бірақ осылардың арасында ақиқатты түсінетін және оны қабылдайтын адамдар да бар. Алла иман келтіру мен кәпір болуды адамдардың өз еріктерімен таңдауын қалады. Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Күпірлік пен жасынға шығару мен қабылдамаудың тамыры ақиқатты танымауда. Хақты тануды мақсат ететін адамдар еш күмәнсіз пайғамбарлар мектебінің ақиқатын түсініп, оларға иман келтіреді;
  2. Зұлымдық пен бейбастақтық күпірлік және әмбилердің тағылымдарынан алыстаудан туады.

«Юныс» сүресінің 41 аяты:

(Мұхаммед Ғ.С.) егер сені жасынға шығарса: «Менің ісім өзіме тән, сендердің істерің өздеріңе тән. Сондай-ақ сендер менің істегенімнен аулақсыңдар, мен де сендердің істегендеріңнен аулақпын» де. (41).

Осы аят кәпірлер және қарсыластармен қатынас жасау тәсілін баяндап: «Олардың алдындағы сендердің міндеттерің мәжбүрлеу немесе олармен ымыраға келіп, мойынсұну емес, бағыт беру және жол нұсқау болып табылады. Егер, олар сендерге қарсы шығып, сендерді теріске шығарса, сендердің бұдан былай оларға қатысты міндеттерің жоқ. Өйткені иман сенім мен ерік негізінде болуы керек. Бұл адамдар хақты түсінгісі келмеді. Егер, тіпті түсінген күнде де оны қабылдаудан бойтартты. Бірақ  кейбіреулер қарсыластарды тарту үшін олармен ымыраға келіп және мойынсұнуға жол беріп, өздерінің кейбір принциптерінен бас тарту арқылы оларды өздеріне тартуға болады деп ойлайды. Халықтың санын көбейту үшін өзіміздің принциптерімізден бас тартуға біздің хақымыз жоқ. Сондықтан осы аятта пайғамбар Алла тарапынан кәпірлерге: «Менің сөзімді қабылдамасаңдар, сендердің істеріңнен зәрезап екендігімді және бұдан былай сендердің алдарыңда жауапкершілікке ие емес екендігімді біліңдер» деп айтуға міндетті.  Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Қоғамның діни жетекшілері өздерін халықтың бір тобына қарсылық көрсетуге дайындап және барша олардың шақыруына оң жауап береді деп күтпеуі керек.
  2.  Ислам – дәлел мен ахлақ діні. Бұл дін өзінің позициясын тура және кесімді түрде мәлімдейді. Кәпірлерді мәжбүрлеп немесе олармен ымыраға келетін дін емес.

«Юныс» сүресінің 42-43-44 аяттары:

«Олардан саған құлақ салатын біреулер де бар. Егер олар түсінбейтін болса да, саңырауларға естірте аласың ба? (42).

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың саған қарайтын біреулері де бар. Дегенмен көрмейтін көзсіздерді сен тура жолға саласың ба? (43).

Расында Алла адамдарға еш зұлымдық қылмайды. Бірақ адамдар өздеріне- өздері зұлымдық қылады. (44)».

Пайғамбардың қарсыластармен қатынас жасау тәсілі туралы өткен аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Олардың кейбіреулері пайғамбардың жиылыстарына қатысып, пайғамбардың сөздерін тыңдап, оны көреді де. Бірақ олардың мұндай қатысуларының оларға ешқандай әсері болмайды. Өйткені пайғамбардың сөздері естімейтін керең немесе көрмейтін көрсоқырдай олардың көздеріне көрінбейді, құлақтарынан өтпейді, олардың жүректері мен саналарына жетпейді. Әсілі, мұндай адмдар хақты түсінбейді, шынтуайтында, түсінгілері келмейді. Негізінен адамның хайуаннан негізгі артықшылығы – оның ойлау қабілетіне ие екендігі. Әйтпегенде хайуан да көреді, естиді, тіпті оның көру және есту қабілеті адамнан артығырақ. Адам өзінің көргендері мен естігендерін ойланып, дұрысты бұрыстан, хақты терістен ажырата алып, соған сай амал ету қабілетіне ие. Соңғы аят былай дейді: «Алла Тағала ақиқатты түсіндіретін құрал ретінде көз, құлақ және ақылды адамдардың барлығына сыйлады. Ақиқаттың соңына түспеген адмдар өздеріне зұлымдық жасап, өздерін өлімге тастайды. Алла Тағала біреуді адасу аңғарына құласын деп, ешкімге зұлымдық жасаған жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Көру мен есту – ойлану мен түсіну үшін кіріспе болып табылады;

2.Олар ақиқатты көрмейді. Сондықтан қияметте де соқыр күйде жиналады. Бұл осы әлемде илаһи аяттарды түсінбеу мен көрмеудің салдары болып табылады.