Нұрлы жол (312)
Нұрлы жол (312)
Мейірімді де рақымды А...-ның атымен бастаймын.
«Юныс» сүресінің 28-29-шы аяттары:
Қиямет күні оларды түгел жинаймыз. Сонсоң мүшріктерге: «Сендер де, Аллаға қосқан шеріктерің де орындарыңда тұрыңдар!»,- дейміз. Сонда олардың араларын айырамыз. Олардың шеріктері: «Сендер бізге табынбаған едіңдер» дейді. (Олардың Аллаға теңеп табынғандары: Пайғамбарлар, періштелер.) (28) «Енді сендер мен біздің арамызға куәлікке Алла жеткілікті. Тіпті біздің, сендердің табынғандарыңнан хабарымыз жоқ» дейді. (29)
Осы аяттар қияметтегі Алланың мүшріктер табынған нәрселерді шақырып, олардың әрқайсысынан жеке дара түрде: «Сендер неліктен жансыз пұттар мен шерктерге табындыңдар? Сендер неге осындай табынуға келістіңдер?» деген сахнаны баяндайды. Жансыз пұттар сынды шерктерге Алланың әмірімен тіл бітіп, мүшріктердің бұл істеріне жеккөрініш танытып: «Біз өзімізді Аллаға шерк деп санаған жоқпыз. Керісінше сендер солай деп ойладыңдар. Шындығында сендер бізге табынған жоқсыңдар. Керісінше сендер өздерің қалағн еткен нәрсеге табындыңдар, ал бізді соған сылтау еттіңдер» деседі» дейді.
«Саба» сүресінің 41-ші аяты да осы тақырыпқа тоқталып: «Табынуға айналған періштелер де мүшріктердің осы істеріне жиіркеніш білдіріп, өздерінің осындай істерге наразылықтарын баяндайды» дейді. Осы аяттардағы қызық нәрсе, ол Алланың осы пұттарды мүшріктердің шеріктері деп атауы, яғни мыналар Алланың шерктері емес, керісінше өздерің жасап, табынған сендердің шерктерің дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Қияметте адамдармен қоса, қолдан жасалған пұттар да қияметтің Сотында мүшріктерге қарсы куәлік ету үшін қайта тіріледі.
2. Бұл дүниеде қияметте бізге жар болмақ түгілі, біздің дұшпанымызға айналатын заттарға немесе адамдарға бауыр баспайық.
«Юныс» сүресінің 30-шы аяты:
Сол арада әркім бұрын істеген ісінен сыналады. Сондай-ақ шынайы иелері Алланың хұзырына апарылады. Жасама нәрселері олардан ғайып болды. (30)
Пұттар мен шерктердің мүшріктерге жеккөрініш танытуларынан кейін олардың арасы бөлінеді. Мүшріктер олардан көмек сұрай алмайды. Олар шынайы иелеріне қайтып оралады. Енді олардың істері Алланың қолында, олар өз істерінің нәтижесін көреді.
Осы аяттан үйренетініміз:
Қиямет дүниелік іс-әрекеттер мен амалдардың нәтижесінің белгілі болатын күні. Шын мәнінде, пейіш пен жәһаннам – біздің жақсы-жаман амал-әрекеттеріміздің нәтижесі.
Дүниенің жалған әрі жасанды көріністері қияметте жоғалып, жойылады. Тек хақ пен ақиқат мәңгілік қалады.
«Юныс» сүресінің 31-ші аяты:
«Сендерді аспаннан, жерден кім ризалықтандырады? Құлаққа, көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім игерді?»,- де. Олар: «Алла» дейді. «Ендеше Алладан қорықпайсыңдар ма?»,- де. (31)
Қиямет күнгі мүшріктердің бейшара күйге түсетіндігі жайлы алдыңғы аяттан соң, Алла пайғамбарына олардан былай деп сұра дейді: «Алланы мойындайтын сендер, сендердің ризықтарыңның Оның қолында екенін және Оның сендердің барлық болмыстарыңнан хабардар екендігін білесіңдер ғой. Ондай болса, сендер Оның орнына неге пұттарға табынасыңдар? Заттарды неге Оның хикметіне делдал етесіңдер? Алладан неге қорықпайсыңдар?». Құранның келесі аяттарынан жәһілдік дәуірдегі мүшріктердің Алланы өздерінің жаратушылары деп мойындағандары, бірақ істердің хикметін періштелер мен кейбір табиғи құбылыстармен байланыстарғаны белгілі. Олардың түсінігінше, Алла әлемді басқаруды соларға тапсырған. Алайда Құран осы теріс пікірді жоққа шығарып, оны Аллаға шерк қосудың бір түрі деп атады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Сауалдың туындауы, жауап табу үшін ойлану және илаһи пәк табиғатқа жүгіну – пайғамбарлардың адамдармен араларында келіспеушілік туғанда ұстанған тәсілдері болып табылады.
2.Әлем үнемі хикметті қажет етеді. Осы әлемдегі хикметтің бірлігі Пәруәрдігердің жалғыз болуының белгісі.
«Юныс» сүресінің 32-33-ші аяттары:
«Міне, осы Алла, шынайы Раббыларың. Шындықтан кейін адасудан басқа не бар? Қалай бұрылып бара жатырсыңдар? (32) Осылайша бұзақылық істегендерге Раббыңның: «Рас олар иман келтірмейді» деген сөзі хақиқат болды. (33).
Аспан мен жердегі илаһи ұлылық пен даналық үлгілерін баяндауы мен мүшріктердің ұждандарының Алланың жаратушы екендігін мойындағандарынан кейін осы аят кесімді екпінмен: «Осындай Алла сендердің де Пәруәрдігерлерің. Ол Жаратушы ғана, ал пұттар даналық иесі болатындай емес. Пұттардың өздері Аллаға мұқтаж» дейді. Аяттардың жалғасы сөгіс екпінімен: «Хақ пен жалғанның арасында басқа іс жоқ. Не нәрсе болсын не хақ, немесе жалған болады. Егер хақ болмаса, міндетті түрде жалған. Алла хақ, сондықтан сендердің жасанды пұттарың мен шерктерің жалған. Олар хақ бола алмайды. Қыңыр-қырсықтық пен ашу және бағынбаушылыққа салынып хақтан теріс айналған адамдар жетекшілік пен иманда табысқа жетпейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Хақ пен жалғандықтың арасында басқа жол жоқ. Хақ емес нәрсе жалған, сондықтан хақ пен жалғанның арасында бейтараптық болмайды.
2. Адам бейбастақтық пен күнә жолын таңдау арқылы өзінің иманға бет бұруына кедергі болады.