Нұрлы жол (311)
Нұрлы жол (311)
Мейірімді де рақымды А...-ның атымен бастаймын.
"Юныс" сүресінің 24-ші аяты:
Шын мәнінде дүние тіршілігінің мысалы біз көктен жаудырған жаңбыр тәрізді. Ол арқылы адамдар, малдар жейтін өсімдіктер аралас өсіп, жер жүзі құлпырып зейнеттенген кезде, жер иесі пайдалануға күшіміз жетеді деп ойлаған сәтте, түнде не күндіз әміріміз келіп, тіпті кеше болмаған тәрізді түбінен орылғанға айналдырдық. Ойланатын қауымға аяттарымызды осылайша айырып баян етеміз. (24)
Алла Тағала Құранда кейбір ақиқаттарды баяндау үшін тәмсілдер мен теңеулерді пайдаланған. Мәселен, осы аятта дүниенің баянсыз және өткіншілігін жаңбыр жауған кездегі жердің жасылдығына теңеп, мезгіліз аяз бен аптап немесе дауыл мен сел арқылы сол аймақта тіпті шөп пен ағаш өспегендей, тып-типыл етіп жойып жіберуі мүмкін екендігін айтады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Табиғаттың әдемі көріністері адамның дүниеге бауырбасушылығы мен тәуелділігінің факторы болмауы тиіс. Өйткені олардың барлығы өткінші әрі баянсыз.
2.Дүниедегі адамның өмірі көк шөп пен гүлдердікі сынды қысқа әрі өткінші. Өзімізді осы дүниеде мәңгілік қалатындай көрмейік.
«Юныс» сүресінің 25-ші аяты:
«Алла есендік жұртына (жәннәтке) шақырады да, қалаған құлын тұп- тура жолға салады». (25)
Бұл дүниенің қысқа өмірінің алдында Алла Тағала адамдарды соған шақырған ақыреттің мәңгілік дүниесі бар. Алла Тағала пайғамбарларды адамдарға шынайы салауаттылық пен тыныштық сарайына жол нұсқау үшін жіберді. Тура жолға түскен адамдарды Алла тағаланың лайық көретіндігі, олардың амалдарының осы тура жолдан алыстамауына себеп болатындығы белгілі.
Осы аяттан үйренетіміз:
1.Дүниенің салауаттылығы мен тыныштығы өткінші. Бірақ ақыреттің салауаттығы баянды әрі мәңгілік.
2.Шынайы тыныштыққа жетудің жалғыз жолы – һәм осы дүниеде адамның жүрегін тыныштандырып, сенімді ететін, һәм ақыретте оны бақыт пейішіне жетелейтін илаһи тура жолда жүру болып табылады.
Енді «Юныс» сүресінің 26-ші аятын тыңдайық:
Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар. Олардың беттерінде бір дақ не қорлық әсері көрінбейді, солар жәннәттік. Олар онда мәңгі қалады. (26).
Пейішке тоқталған алдыңғы аяттан кейін осы аят: «Алла Тағала пейішті ізгі амал етушілерге арнаған. Олардың сыйы сан мен сапа жағынан олардың амалдарынан өте жоғары. Келесі аятта: «Ізгі іс жасағандарға он есе үлкен сый беріледі. Тіпті қайырымдылық тұрғысында жеті жүз есе» деп айтады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Алла һәм шақырады, һәм жолды көрсетеді, һәм ынталандырып, мақсатқа жеткен адамдарға үлкен және артық сый береді. Оның шақыруын неге қабылдамасқа? Неліктен біз басқалардың жолымен жүруіміз керек?
2.Ізгі және лайықты іс илаһи нығметке толы пейіштегі мәңгілік ғұмырға жеткізеді.
«Юныс» сүресінің 27-аяты:
Ал сондай жамандық істегендердің жазасы, сондай ғана болады, беттерінде қорлық әсері болады. Оларды, Алладан қорғаушы болмайды. Олардың беттері түннің қараңғылығынан бір бөлім қаптағандай. Солар тозақтық. Олар онда мүлде қалады. (27).
Нәтижесінде жақсылық пен игілікке жететін ізгілік жасаушыларға қарсы, жамандық жасаушылар илаһи қаһар мен азапқа душар болады. Олардың қашар жолдары жоқ. Алланың қаһарының күштілігі соншалықты, олардың жүздерін қап-қара түнекке айналдырып жібереді. Әлбетте, Алланың төрелігі күнәһарлардың жазасы күнәларынан артық емес, соған сай болуды талап етеді. Бірақ Оның мейірімі мен қайырымы ізгі амал етушілердің сыйы олардың амалдарынан үнемі артық және көбірек болуына себеп болады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Алла адамдарды азат, өздерінің жолдарын өз қалаулары бойынша таңдай алатындай: бір топты ізгілік істеушілер, келесі топты күнәһалар етіп жаратқан.
2.Исламның тәрбиелік жүйесінде ынталандыру мен сый үнемі жазалаудан артық болып келеді.