Бақара сүресі, 273-277 аяты
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اتَّقُواْ اللّهَ وَذَرُواْ مَا بَقِيَ مِنَ الرِّبَا إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ﴿۲۷۸﴾فَإِن لَّمْ تَفْعَلُواْ فَأْذَنُواْ بِحَرْبٍ مِّنَ اللّهِ وَرَسُولِهِ وَإِن تُبْتُمْ فَلَكُمْ رُؤُوسُ أَمْوَالِكُمْ لاَ تَظْلِمُونَ وَلاَ تُظْلَمُونَ ﴿۲۷۹﴾ Бақара сүресі, 273-277 аяты
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын.
لِلْفُقَرَاء الَّذِينَ أُحصِرُواْ فِي سَبِيلِ اللّهِ لاَ يَسْتَطِيعُونَ ضَرْبًا فِي الأَرْضِ يَحْسَبُهُمُ الْجَاهِلُ أَغْنِيَاء مِنَ التَّعَفُّفِ تَعْرِفُهُم بِسِيمَاهُمْ لاَ يَسْأَلُونَ النَّاسَ إِلْحَافًا وَمَا تُنفِقُواْ مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللّهَ بِهِ عَلِيمٌ ﴿۲۷۳﴾الَّذِينَ يُنفِقُونَ
أَمْوَالَهُم بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ سِرًّا وَعَلاَنِيَةً فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَلاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ ﴿۲۷۴﴾
"Өзін құдай жолына атаған, (тіршілік ету үшін) ешқайда баруға шарасыз болған кедейлерге қайыр-сахауат беріңдер. Ахуалды білмейтіндер олардың тілемшілік етпейтіндігіне қарап, оларды бай деп ойлайды, олардың кейіптерінен де белгілі, олар біреуден қадалып (бір нәрсе) сұрамайды. Не нәрсені қайыр-сахауат етсеңдерде, Алла бәрін біліп тұрады. (2:273) Мал-мүліктеріңнен күндіз-түні жасырын немесе әшкере садақа беретіндердің сауабы Алланың алдында дайын. Оларға (ақыретте) қауіп-қатер, қам-қайғы болмайды. (2:274)"
Ислам діні мұсылман қоғамында әділет пен тепе-теңдікті сақтау үшін бірқатар нұсқаулар берген, солардың бірі – садақа. Яғни байлар мен дәулетті адамдар өз қаржыларынан кедейлерге жәрдемдесуге тиіс. Осы аяттар "һижрат" пен "джихад" жолында үй-жайлары мен туыстарынан айрылып, бөтен жерде қиын тұрмыс кешкен және кәсібі жоқ "муһажирлер" мен "мұжаһидтерге" садақа беру туралы. Осылай бола тұра, олардың намысы мен сабыры жұрттан қайыр сұрап, қол жаюына рұқсат бермеді. Сол себепті халықтың көбі оларды ештеңеге мұқтаж емес деп ойлайды. Мұсылмандар осындай абыройлы адамдарды ұмытпай, діни ағайындардың қиыншылықта отыруына жол бермеуі тиіс. Тарихта жазылғандай, Исламның алғашқы кезінде пайғамбардың (с) бір топ сахабасы онымен бірге Меккеден Мәдинаға көшеді. Бірақ Мәдинада олардың не баспанасы, не табысы болмайды. Өйткені Мекке мүшріктері олардың мал-мүліктерін тартып алған еді. Мәдина тұрғындары олардың кейбіреуіне өз үйлерінен орын беріп, қамқорлыққа алады. Дегенмен олардың басым бөлігі пайғамбар (с) мешітінің қасындағы "сеффе" деп аталатын жерде өмір сүрді. Сондықтан бұл аят олардың жағдайына қарасуға шақырады. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, Алла тағала байлардың мал-мүлкінде кедейлерге де енші қалдырған.
Екіншіден, исламдық қоғамда мүміндердің абыройын сақтау үшін, кедейлер өздерінің мұқтаждығын айтпас бұрын оларға жәрдемдесу керек.
Үшіншіден, Құран тәлімдері бойынша "кедей" деп науқасқа шалдыққан, кәрілікке жеткен немесе зілзала мен сел тәрізді табиғи апаттарға ұшырап, соғыс тауқыметіне ұшырап тұрмыстық қажеттерін қамтамасыз ете алмай қалған адамға айтылады. Соған қарамастан материалдық жағдайдан гөрі оның абыройын сақтау парыз. Ендеше халық жиналған жерлерде ұялмай қайыр сұрайтын адамдар кедей болып саналмайды.
Төртіншіден, Алла өзінің жолында садақа бергендерді болашақта кедейліктен қорғайды. Сондықтан кедейлік жайлы еш алаңдаушылық жоқ. Олар да Аллаға тәуекел еткендіктен садақа бергендеріне өкінбейді.
الَّذِينَ يَأْكُلُونَ الرِّبَا لاَ يَقُومُونَ إِلاَّ كَمَا يَقُومُ الَّذِي يَتَخَبَّطُهُ الشَّيْطَانُ مِنَ الْمَسِّ ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُواْ إِنَّمَا الْبَيْعُ مِثْلُ الرِّبَا وَأَحَلَّ اللّهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبَا فَمَن جَاءهُ مَوْعِظَةٌ مِّن رَّبِّهِ فَانتَهَىَ فَلَهُ مَا سَلَفَ وَأَمْرُهُ إِلَى اللّهِ وَمَنْ عَادَ فَأُوْلَئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ ﴿۲۷۵﴾ يَمْحَقُ اللّهُ الْرِّبَا وَيُرْبِي الصَّدَقَاتِ وَاللّهُ لاَ يُحِبُّ كُلَّ كَفَّارٍ أَثِيمٍ ﴿۲۷۶﴾
"Өсім жегендер (қияметте көрлерінен) жын соққан адамдай болып түрегеледі. Өйткені, олар: "Сауда-саттық дәл өсімқорлық сияқты",-дейді. Алла сауда-саттықты халал, өсімді арам етті. Кімде-кім Раббынан (өсімқорлықтың арамдығы туралы) насихат алғаннан кейін райынан қайтса, бұрынғы алғандары өзінікі болады, оның ісі Аллаға тапсырылады. Қайталай (өсімқорлық) істегендер – тозақтықтар, олар онда мәңгі қалады. (2:275) Алла өсімқорлықты жояды, сауданың берекесін арттырады. Алла барлық нысапсыз күнәкарды ұнатпайды. (2:276)"
Алла тағала қасиетті "Бақара" сүресінің 14-ші аятында мүміндерді Алла жолында мал жұмсауға шақырып, оның жеке және әлеуметтік нәтижесін баяндағанын айтқанбыз. Осылайша бір жағынан адамдардың бойында жомарттық рухы пайда болып, олардың дүниеге деген құмарлығы азаяды. Ал екінші жағынан таптық айырмашылық азайып, исламдық қоғамда бауырластық пен теңдік рухы үстемдік құрады. Осы аяттардан кейін Құран қоғамның экономикалық тепе-теңдігін бұзатын және өсім алушының болмысына кері әсерін тигізетін кесапат құбылыс - "өсімқорлыққа" тоқталады. Өйткені ол бір жағынан жоқ-жітіктердің байларға қатысты жиіркеніші мен көре алмаушылығына себеп болып, қоғамдық жарылысқа итерсе, екінші жағынан өсімқор адамды тек ақша мен алтыннан басқа нәрсені ойламайтын, тіпті адами сезімдерді де ақшамен есептейтін ессіздік науқасқа шалдықтырады. Өсімқордың ақшасы өндірісте немесе қоғамның қызмет көрсету саласында ешқандай рөл атқармайды. Ол еңбек етпестен мұқтаж адамға қарызға ақша беріп, оның үстінен қосымша ақша сұрайды. Осындай әрекеттің салдарынан әлсіз одан сайын әлсіреп, өсімқордың байлығы одан сайын көбейе түседі. Ал бұл қоғамдағы мұқтаждарға жасалатын ауыр зұлымдық. Сондықтан барлық илаһи діндерде өсім харам етіліп, өсімқорға жаза белгіленген. Сырттай қарағанда өсім байлықты көбейтетіндей, ал садақа оны кемітетіндей болып көрінгенімен, ақшаның салдары мен берекесі Алланың қолында. Демек өсімнен түскен ақша кедейлердің қарғысынан келгендіктен, бақыттың орнына оның өмірі мен мал-мүлкіне қауіп төндіреді. Кейде тіпті өсімқордың мал-мүлкінің жойылуының негізгі себебіне айналады. Садақа беруші қоғамда жазымды сипатқа ие болғандықтан, тыныштық пен қауіпсіздікте өмір сүретін болады. Ауқатты жанға айналып, бақуатты ғұмыр кешеді. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, өсімқорлық адамдардың рухани тыныштығы мен қоғамның экономикалық тепе-теңдігін бұзады және қоғамда мейірімділіктің орнына жиіркеніш, әділеттің орнына зұлымдық орнатады.
Екіншіден, Ислам баршаны қамтитын толыққанды дін. Сондықтан халықтың экономикалық істеріне бағдарламасы бар. Ол халықты тек ғибадат етуге міндеттеп, олардың дүниедегі шаруаларын өз бетімен жібермеген.
Үшіншіден, өсімқорлық - жақсылықты білмеудің бір түрі. Алланың бізге берген мал-мүлкі - аманат. Сондықтан оны кедейлерге садақа ретінде бермеу - Алланың нығметінің қадірін білмеу болып табылады. Нығметке күпірлік етудің түбі жақсы болмайды.
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُواْ وَعَمِلُواْ الصَّالِحَاتِ وَأَقَامُواْ الصَّلاَةَ وَآتَوُاْ الزَّكَاةَ لَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَلاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ ﴿۲۷۷﴾
"Иман келтіріп, түзу іс істегендер, намазды өтеп, зекет бергендер Раббыларың алдында сауапқа ие болады, оларға (ақыретте) қауіп-қатер, қам-қайғы жоқ. (2:277)"
Бұл аят намазда Жаратушымен байланыс орнатумен қатар, зекет беріп Алланың пенделерімен де байланысын естен шығармайтын кісіні – нағыз мүмін деп таныстырады. Мұндай адам дінді тек жансыз міндеттемелер ғана деп санамай, үнемі өзгелерге жақсылық істеуді ойлайды.