Бақара сүресі, 249-252 аяты
Бақара сүресі, 249-252 аяты
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын.
فَلَمَّا فَصَلَ طَالُوتُ بِالْجُنُودِ قَالَ إِنَّ اللّهَ مُبْتَلِيكُم بِنَهَرٍ فَمَن شَرِبَ مِنْهُ فَلَيْسَ مِنِّي وَمَن لَّمْ يَطْعَمْهُ فَإِنَّهُ مِنِّي إِلاَّ مَنِ اغْتَرَفَ غُرْفَةً بِيَدِهِ فَشَرِبُواْ مِنْهُ إِلاَّ قَلِيلًا مِّنْهُمْ فَلَمَّا جَاوَزَهُ هُوَ وَالَّذِينَ آمَنُواْ مَعَهُ قَالُواْ لاَ طَاقَةَ لَنَا
الْيَوْمَ بِجَالُوتَ وَجُنودِهِ قَالَ الَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلاَقُو اللّهِ كَم مِّن فِئَةٍ قَلِيلَةٍ غَلَبَتْ فِئَةً كَثِيرَةً بِإِذْنِ اللّهِ وَاللّهُ مَعَ الصَّابِرِينَ ﴿۲۴۹
"Талұт әскерлерімен (Байтулмуқаддастан) жолға шыққанда, оларға: "Алла сендерді бір өзенмен сынайды. Кім өзен суынан ішетін болса, ол менің қарамағымда емес; Кім өзен суынан татпаса, ол шынында менің қарамағымда болғаны, тек уысымен бірер көсіп алып ішсе, оның оқасы жоқ (бұйрыққа қайшылық жасағандық есептелмейді)",-деді. Бірақ, аз сандылары болмаса, көпшілігі онан ішіп қойды. Талұт және онымен бірге иманға кіргендер өзеннен өткен кезде (жаудың көптігін көріп): "Біз Жалұт және оның әскерлерімен соғысуға төтеп бере алмайды екенбіз",-десті. Талұттың қарамағында Алланың дидарын көруге сенетіндері: "Алланың жар болуымен аз қол көп қолды жеңеді",-десті. Алла сабырлылармен бірге. (2:249)"
Алла тағала Талұтты Исраил қауымының қолбасшысы етіп таңдаған кезде олардың ақсақалдары оның басшылығын қабылдамай, соғыстан құтылу үшін түрлі сылтауларды алдыға тартты. Содан кейін Талұттың қолбасшылығын қабылдаған топ онымен бірге қаладан шығады. Дегенмен Талұт олардың қаншалықты адал және бағынышты екендерін сынау үшін бір өзеннің жағасына әкеліп: "Менің нағыз серіктерім шөлдегендеріне қарамастан мына судан қанып ішпей, тек бір алақан су ұрттағандар ғана",-дейді. Бұл аят: "Осы сыннан да көпшілігі өте алмады. Олар суды көріп, шөлін жеңе алмады. Одан кейін дұшпанмен бетпе-бет келгенде қалтырап, Жалұттың әскерімен шайқаса алмай қалады. Жүректерінде Аллаға деген иманы мықты нағыз мүміндер ғана табандылық көрсетіп, қорықпастан дұшпанның зор әскеріне қарсы тұрды",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Алла тағала кейде ішіп-жеу арқылы да сынайды. Исламдық қоғам жетекшісінің нағыз серіктерін сырттай адал болып көрінетін серіктерден ажырату үшін тек харамға ғана емес, кейде халалға да жоламау талап етіледі.
Екіншіден, ақырет пен илаһи уәделерге иман келтіру қиыншылықтар алдында адамның күші мен қабілетін арттырады.
Үшіншіден, күрестерде табандылықты жалғастыру маңызды. Талұт пен Жалұттың оқиғасында залым әкімдермен күресеміз деп ұран айтқандардың саны көп болғанымен, дұшпанмен күресуге шыққандардың саны аз еді.
وَلَمَّا بَرَزُواْ لِجَالُوتَ وَجُنُودِهِ قَالُواْ رَبَّنَا أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ ﴿۲۵۰﴾
"Олар Жалұтпен және оның әскерімен шайқасқан кезде: "Я, Раббымыз, бізге қайсарлық бітіргейсің! Бізді табанды еткейсің! Кәпірлер қауымына қарсы бізге медет бергейсің!",-деді. (2:250)"
Осыдан бұрын айтқанымыздай, Жалұттың әскерін көргенде Исраил қауымының бойын үрей билеп, олардың арасынан шайқасқа тек нағыз мүміндері ғана шығады. Бірақ олар да илаһи жәрдемсіз мұндай мықты әскерді жеңе алмайтындарын білді. Сондықтан Алла тағаладан жәрдем сұрап, дұшпанға қарсы тұруда сабыр мен табандылық тілейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, талпыныссыз оқылған дұға орындалмайды, әрекет пен талпыныс жасай отырып оқылған дұға орындалады. Талұттың серіктері соғыс майданына шыққан соң жеңу үшін дұға оқиды.
Екіншіден, иман келтіргендердің мақсаты – бір ұлттың басқа бір ұлтқа үстемдігі емес, ақиқаттың жалғанды жеңуі болып табылады. Сондықтан Талұттың серіктері Алладан кәпірлерді жеңуді тіледі.
فَهَزَمُوهُم بِإِذْنِ اللّهِ وَقَتَلَ دَاوُودُ جَالُوتَ وَآتَاهُ اللّهُ الْمُلْكَ وَالْحِكْمَةَ وَعَلَّمَهُ مِمَّا يَشَاءُ وَلَوْلاَ دَفْعُ اللّهِ النَّاسَ بَعْضَهُمْ بِبَعْضٍ لَّفَسَدَتِ الأَرْضُ وَلَكِنَّ اللّهَ ذُو فَضْلٍ عَلَى الْعَالَمِينَ ﴿۲۵۱﴾تِلْكَ آيَاتُ اللّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ
بِالْحَقِّ وَإِنَّكَ لَمِنَ الْمُرْسَلِينَ ﴿۲۵۲﴾
"Алланың жәрдемімен олар жеңді, Дәуіт Жалұтты өлтірді. Алла Дәуітке патшалық пен хикметті бағыштады. Оған қалаған нәрселерін (білімді) үйретті. Алла адам баласының біреуін біреуі арқылы қорғамаған болса, жер жүзі былығып кетер еді. Бірақ, Алла бүкіл ғалам үшін мархамат иесі ғой. (2:251) (Ей, Мұхаммед!) Бұл - Алланың аяттары, мұны саған бұлжытпай оқып беремін. Сен расында елшілердің бірісің. (2:252)"
Ақырында мүміндердің талпынысы мен илаһи жәрдемнің арқасында осы аз топ қаруланған әскерді жеңеді. Ал Дәуіт есімді мүмін әрі батыл жасөспірім дұшпанның қолбасшысын өлтіреді. Осы ерлігі мен иманының құрметіне Алла оны пайғамбарлыққа таңдап, оған білім мен хикмет үйретеді. Сүлеймен пайғамбар оның ұлы болып табылады. Бес аятта баяндалған осы әңгіме, Меккеден және үйлерінен қуылған мұсылмандарды жұбатып, олардың рухын нығайту әрі оларға ескерту жасау үшін еді. Олардың саны аз, мал-мүлкі мен байлықтары жоқ еді. Мекке мүшріктері оларға: "Бізге пайғамбар болатындай Мұхаммедтің не артықшылығы бар? Меккеде дәулетті және мансапқа ие ерлер көп қой",-дейтін. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, адам өзінің қабілеті мен лайықтығын көрсетпейінше Алланың ерекше ілтипатына бөленбейді. Дәуіт пайғамбарлық дәрежеге Алла жолындағы күресімен жетті.
Екіншіден, егер дұшпанмен джихад парыз етілмесе, жер бетін азғындық пен күнә басып кетер еді. Ендеше мұджахедтердің Алла жолында қаза болуына алаңдамайық.
Үшіншіден, осы оқиғадан жеңістің бірнеше себебі бар екенін түсінеміз. Бірінші, лайықты әрі қабілетті жетекші; Екінші мүмін серіктер; Үшінші Аллаға тәуекел ету; Төртінші сабыр мен табандылық; Бесінші илаһи мақсатпен соғысу.