Бақара сүресі, 245-248 аяты
Бақара сүресі, 245-248 аяты
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын.
مَّن ذَا الَّذِي يُقْرِضُ اللّهَ قَرْضًا حَسَنًا فَيُضَاعِفَهُ لَهُ أَضْعَافًا كَثِيرَةً وَاللّهُ يَقْبِضُ وَيَبْسُطُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ ﴿۲۴۵﴾
"Кім Аллаға көркем қарыз берсе (Алла жолында ықыласпен мал жұмсаса), сонда Алла ол үшін көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді. Әрі Ол жаққа қайтарыласыңдар. (2:245)"
Өткен аяттар мүміндерді Алла жолында соғысуға шақырды. Соғыс жан қиюмен қатар мал-мүлік жұмсауды қажет ететін болғандықтан, бұл аят Аллаға қарыз беру деген әдемі сөз тіркесі арқылы мүміндерді Алла жолында байлығын сарп етуге ынталандырады. Әрине Аллаға қарыз беру тек Құдай жолында соғысу мәселесіне ғана қатысты емес, қайта кез-келген қайырымдылық және қоғамдағы кедей-кепшіктерге жасалған көмек адамның Аллаға беретін қарыздарына жатады және Алла тағала осы дүние мен ақыретте оны бірнеше еселеп қайтарады. Өйткені Ол бізге ризық беруші, сондықтан Оның жолында жұмсалған нәрсе есептеледі және белгілі бір мезгілде қайтарылады. Осы аяттан үйренетініміз:
Егер ризықтың кеңшілігі мен таршылығының Алланың қолында екенін білсек, Оның жолында оңайлықпен қайырымдылық жасаймыз немесе басқаларға қарыз береміз. Өйткені мұның сыйын Алладан аламыз.
أَلَمْ تَرَ إِلَى الْمَلإِ مِن بَنِي إِسْرَائِيلَ مِن بَعْدِ مُوسَى إِذْ قَالُواْ لِنَبِيٍّ لَّهُمُ ابْعَثْ لَنَا مَلِكًا نُّقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللّهِ قَالَ هَلْ عَسَيْتُمْ إِن كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِتَالُ أَلاَّ تُقَاتِلُواْ قَالُواْ وَمَا لَنَا أَلاَّ نُقَاتِلَ فِي سَبِيلِ اللّهِ وَقَدْ أُخْرِجْنَا مِن دِيَارِنَا
وَأَبْنَآئِنَا فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقِتَالُ تَوَلَّوْاْ إِلاَّ قَلِيلًا مِّنْهُمْ وَاللّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ ﴿۲۴۶﴾وَقَالَ لَهُمْ نَبِيُّهُمْ إِنَّ اللّهَ قَدْ بَعَثَ لَكُمْ طَالُوتَ مَلِكًا قَالُوَاْ أَنَّى يَكُونُ لَهُ الْمُلْكُ عَلَيْنَا وَنَحْنُ أَحَقُّ بِالْمُلْكِ مِنْهُ وَلَمْ يُؤْتَ سَعَةً مِّنَ الْمَالِ
قَالَ إِنَّ اللّهَ اصْطَفَاهُ عَلَيْكُمْ وَزَادَهُ بَسْطَةً فِي الْعِلْمِ وَالْجِسْمِ وَاللّهُ يُؤْتِي مُلْكَهُ مَن يَشَاءُ وَاللّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ ﴿۲۴۷﴾
"(Мұхаммед с.ғ.с) Мұсадан (ғ) кейінгі Израил ұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: "Бізге патша сайлап бер. ... жолында соғысамыз",-десті. Олар: "Мүбада сендерге соғыс парыз қылынса да соғыспасаңдар?!",-деді. Олар: "Бізге Алла жолында соғыспайтын не болды? Расында жұрттарымыздан, бала-шағаларымыздан шығарылдық",-десті. Бірақ оларға соғыс парыз болған сәтте, олардың өте аздарынан басқасы бас тартты. Алла залымдарды біледі. (2:246) Оларға пайғамбарлары: "Дау жоқ. Алла сендерге Талұтты патша сайлады",-деді. Олар: "Оның бізге патшалығы қалайша болады? Одан көрі патшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ оған малдан да кеңшілік берілмеген еді",-десті. Пайғамбар: "Негізінен сендерге оны Алла сайлады да өзін білімде әрі тұлғада артық қылды. Алла әкімшілікті қалағанына береді. Алла, әр нәрсені кеңінен білуші",-деді. (2:247)"
Хазірет Мұсадан (ғ) кейін Исраил қауымы өздерінің рахатшыл және қомағайлық сезімдерінің салдарынан, қайтадан залым әкімнің қолына түсіп, жерінен айрылады. Сол кезде олардан шыққан топ босқындықтан құтылып, еркіндікке қол жеткізу үшін күресуге шешім қабылдайды. Сондықтан өз заманындағы пайғамбардан, оның жетекшілігімен залым патшамен соғысу үшін өздеріне қолбасшы әрі әмір таңдап беруін сұрайды. Сол пайғамбар Исраил қауымының тарихына назар аудара, олардың күресу мен соғысуға батылы бармайтынын білсе де, бірақ оларға жіберілген дәлелді тәмамдау үшін Талұт есімді белгісіз кедей және шопан жігітті олардың қолбасшысы етіп таңдайды. Алайда бұл мансапқа өздерінің белгілі тұлғаларының біреуі таңдалады деп ойлаған олар, Талұттың қолбасшылығын мойындамай, тіпті: "Біз лайықтырақпыз",-деген уәж айтады. Бірақ соғысқа мықты білек пен дұрыс ой қажет. Осы жағынан Талұт басқалардан артық еді. Сол себептен де Алла оны қолбасшы етіп тағайындады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, өзіңді, жанұяңды немесе отаныңды қорғап соғысудың өзі Алла жолындағы джихадтың бір түрі болып саналады.
Екіншіден, дін саясаттан бөлек емес. Тарихта илаһи пайғамбарлар халықты залым әкімдерден құтқарып, әділ билік орнату үшін көптеген талпыныстар жасаған.
Үшіншіден, жауапкершілікті қабылдау үшін байлық пен мал-мүлік немесе атақ пен мансап емес, істерді атқару үшін күш пен білім қажет.
وَقَالَ لَهُمْ نِبِيُّهُمْ إِنَّ آيَةَ مُلْكِهِ أَن يَأْتِيَكُمُ التَّابُوتُ فِيهِ سَكِينَةٌ مِّن رَّبِّكُمْ وَبَقِيَّةٌ مِّمَّا تَرَكَ آلُ مُوسَى وَآلُ هَارُونَ تَحْمِلُهُ الْمَلآئِكَةُ إِنَّ فِي ذَلِكَ لآيَةً لَّكُمْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ﴿۲۴۸﴾
"Және олардың пайғамбарлары: "Оның патшалығының белгісі; Раббыларың тарапынан, көңілге тоқтау болатын сандықтың келуі. Онда Мұса, Һарұн (ғ.с) әулеттерінен қалған мұралар бар. Оны періштелер көтереді. Расында мұнда анық белгі бар. Егер сенсеңдер",-деді. (2:248)"
Қырсыққан Исраил қауымы Талұттың жетекшілігін қабылдамаған соң, олардың пайғамбары бұларды Алланың жарлығына бағындыру үшін: "Естеріңде болсын Алла Талұт арқылы сендерге Исраил қауымының қасиетті сандығын қайтарды. Мұсаның (ғ) анасы нәрестені соған салып, Алланың әмірімен оны Ніл өзеніне жіберген және осылайша Мұса (ғ) Перғауын жасақтарынан құтылған еді. Нәресте Перғауынға жеткенде, Перғауын мен оның зайыбы мейірімділік танытып, оны перзент ретінде қабылдайды",-деді. Бұл сандық Перғауынның сарайында сақталатын. Мұса (ғ) пайғамбарлыққа жеткенде Тәурат жазбаларын соған салды және дүниеден өтер кезде де сауыты мен басқа естеліктерін сандыққа салып, халқына тапсырды. Исраил ұрпақтары арасында бұл сандық қасиетті саналып, соғыстарда сарбаздардың рухын көтеру үшін оны әскердің алдына ұстап жүретін болған. Бірақ та бұл сандық дұшпанның қолына түсіп, Исраил қауымы арасында реніш тудырды. Осылайша Талұт заманында Алланың жәрдемімен осы сандық Исраил қауымына қайтарылып, олардың мақтанышына айналды.