Бақара сүресі, 222-227 аяты
Бақара сүресі, 222-227 аяты
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын.
وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ قُلْ هُوَ أَذًى فَاعْتَزِلُواْ النِّسَاء فِي الْمَحِيضِ وَلاَ تَقْرَبُوهُنَّ حَتَّىَ يَطْهُرْنَ فَإِذَا تَطَهَّرْنَ فَأْتُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ أَمَرَكُمُ اللّهُ إِنَّ اللّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ ﴿۲۲۲﴾نِسَآؤُكُمْ حَرْثٌ لَّكُمْ فَأْتُواْ حَرْثَكُمْ أَنَّى شِئْتُمْ وَقَدِّمُواْ لأَنفُسِكُمْ وَاتَّقُواْ اللّهَ وَاعْلَمُواْ أَنَّكُم مُّلاَقُوهُ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ ﴿۲۲۳﴾
"(Мұхаммед с.ғ.с) олар сенен етеккір жайынан сұрайды. Оларға: "Ол жиренішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, оларға Алланың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар",-де. Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды жақсы көреді. (2:222) Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындықтарыңды біліңдер. (Мұхаммед с.ғ.с) мүміндерді қуандыр. (2:223)"
Үйленудің мақсаттарының бірі – перзент сүю және адамзат ұрпағын жалғастыру болып табылады. Осы мақсаттың жүзеге асырылуында әйел мен еркектің екеуі де рөл атқарады. Дегенмен перзентті дүниеге әкелуден бұрын, жаратылыс құралы оны бағу міндеті анаға жүктеген. Құран әдемі және түсінікті сипат арқылы әйелді егінжайға ұқсатады. Ол еркектің бойынан перзенттік ұрықты қабылдап, оны тоғыз ай бойы өзінің құрсағында күтіп, сонан соң бой көтерген өскін тәрізді оны адамзат қоғамының гүлістанына сыйлайды. Бірақ осы егінжай ұрықты қабылдауға дайын болуы тиіс және әйелдің етеккір кезеңі осы дайындыққа арналған. Сол себепті Алла тағала: "Әр айдың белгілі күндерінде әйелге жоламаңдар, өйткені олардың жаны мен тәніне зиян келтіресіңдер және сол кезде перзентті болуға дайын емес. Әділ және пәк перзентті тәрбиелеуді және қоғамның гүлзарына хош иісті гүл сыйлауды ойлаңдар. Қиямет сотында Алланың алдында перзенттеріңе қатысты жауапкершілікке жауап беретіндеріңді біліңдер",-дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, Ислам - толыққанды дін, сондықтан оның адамның түрлі саладағы, атап айтқанда отбасын құру мен перзентті болу секілді барлық мұқтаждықтары мен сауалдарына тиісті жауабы бар.
Екіншіден, діни үкімдер жаратылыс жүйесіне сәйкес келеді және қоғамда әйелдің де, ердің де саулығына кепілдік жасау үшін өзінің және басқалардың зиянына себеп болатын істерге тыйым салған.
Үшіншіден, адамның нәпсісі бақылануы тиіс және ләззаттың отбасы денсаулығы аясындағы түрі ғана мақұлданады.
Төртіншіден, Ислам көзқарасынша әйел – жарының тыныштығының мәйегі және жақсы перзент пен хош иісті гүлдер өсетін бақша іспеттес.
وَلاَ تَجْعَلُواْ اللّهَ عُرْضَةً لِّأَيْمَانِكُمْ أَن تَبَرُّواْ وَتَتَّقُواْ وَتُصْلِحُواْ بَيْنَ النَّاسِ وَاللّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ﴿۲۲۴﴾لاَّ يُؤَاخِذُكُمُ اللّهُ بِاللَّغْوِ فِيَ أَيْمَانِكُمْ وَلَكِن يُؤَاخِذُكُم بِمَا كَسَبَتْ قُلُوبُكُمْ وَاللّهُ غَفُورٌ حَلِيمٌ ﴿۲۲۵﴾
"Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. (Алланың атымен бұндай ант етпеу, етілген жағдайда кәферат беріп бұзу керек) Алла әр нәрсені естуші, білуші. (2:224) Алла анттарыңдағы бос сөзді тергемейді. Алайда жүректерің істегенді есепке алады (Ойламай ауызша еткен ант есеп емес). Алла аса жарылқаушы, ерекше жұмсақ. (2:225)"
Тәпсір кітаптарында келтірілгендей, пайғамбардың (с) бір серігінің күйеу баласы мен қызының арасында қарама-қайшылық пайда болады. Ол әлгі екеуінің ісін реттеуге еш араласпаймын деп ант ішеді. Сол кезде осы аят түсіп: "Адамдардың арасын жарастыру секілді жауапкершіліктен қашу үшін ант ішпеңдер. Негізсіз ант ішу арқылы өздеріңді игі істерден құр қалдырмаңдар, негізінде мұндай ант түкке тұрмайды. Осындай антты бұзғандары үшін Алла оларды айыптамайды. Ол адамның ойланбай жасаған қателіктерін кешіреді",-дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, ант ішу арқылы жақсы іске кедергі жасамайық. Алланың қасиетті атын құрметтейік және кез-келген орынсыз жерде пайдаланбайық.
Екіншіден, біз де біреудің ашуланып немесе қате айтып қалған сөзін Алла тағала тәрізді кешірейік, кек сақтамайық.
لِّلَّذِينَ يُؤْلُونَ مِن نِّسَآئِهِمْ تَرَبُّصُ أَرْبَعَةِ أَشْهُرٍ فَإِنْ فَآؤُوا فَإِنَّ اللّهَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ ﴿۲۲۶﴾وَإِنْ عَزَمُواْ الطَّلاَقَ فَإِنَّ اللّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ﴿۲۲۷﴾
"Әйеліне жақындаспауға ант еткендер, төрт ай күтеді. (Егер төрт ай ішінде кәфарат төлеп) анттарын бұзса, шәксіз Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (2:226) Егер олар талақ ниет етсе (төрт айға дейін антын бұзбаса, талақ болады) Расында Алла әр нәрсені естуші, білуші. (2:227)"
Исламнан бұрынғы кезеңдегі арабтардың жағымсыз әдеттерінің бірі – кейбір ерлер өз әйелдеріне рухани және физикалық қысым жасау үшін "ендігәрі саған жақындамаспын" деп ант ішіп, болмаса онымен ажырасып, бірақ еркіне жібермей, оған жақсы жар болмай, белгісіз жағдайда қалдыратын болған. Ислам осындай жағымсыз қылықтармен күресу үшін: "Кімде-кім осылай ант ішетін болса, әйелінің жағдайын анықтау үшін оған төрт ай мерзім беріледі. Не антын бұзып, әйелімен жақсы тұрмыс кешсін, немесе ер мен әйелі бірге тұра алмайтын болса, ресми түрде ажырассын",-дейді.
Осы аяттан мынандай сабақ аламыз:
Біріншіден, пайғамбарлардың қоғамды түзетудегі міндеттерінің бірі – ырымдар мен надан салт-дәстүрлерді жою болып табылады.
Екіншіден, отбасын еркек басқарғанымен, оның зайыбына күш көрсетіп, мазалауға хақы жоқ.
Үшіншіден, Ислам ажырасудың қаншалықты ащы болғанымен, оны қабылдайды. Бірақ әйелді белгісіз жағдайда қалдырумен келіспейді. Әрине ерлі-зайыптылар өздерінің нәпсілері бойынша емес, қайта отбасының мүддесіндегі ажырасуды қолдайды. Қияметте оған жауап беру керек.