Бақара сүресі, 211-214 аяты
Бақара сүресі, 211-214 аяты
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын.
سَلْ بَنِي إِسْرَائِيلَ كَمْ آتَيْنَاهُم مِّنْ آيَةٍ بَيِّنَةٍ وَمَن يُبَدِّلْ نِعْمَةَ اللّهِ مِن بَعْدِ مَا جَاءتْهُ فَإِنَّ اللّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ ﴿۲۱۱﴾
"(Мұхаммед с.ғ.с) Израил ұрпақтарынан сұра. Оларға қаншама ашық мұғжизалар келтірдік. Кім өзіне Алланың нығметі келгеннен кейін өзгертсе, күдіксіз Алла қатты азап иесі. (2:211)"
Тарих - ғибрат алудың ең жақсы мәйегі. Алла тағала Исраил қауымына көптеген материалдық және рухани нығметтер беріп, оларды Перғауынның құлдығынан құтқарған Мұса (ғ) тәрізді жетекшіні жіберді және осы дүниедегі тұрмысқа жақсы жағдай жасады. Бірақ олар илаһи мүмкіндіктерді теріс жолда пайдаланып, күнә мен зұлымдық жасауға қолданды. Аллаға табынудың орнына бұзауға табынды, Мұсаның (ғ) соңынан ерудің орнына Самериге ерді. Осының нәтижесінде Алланың ашуына ұшырап, осы дүниеде қорқынышты тағдырға тап болды. Қазіргі заманда да өнеркәсіптік әлемде адам көптеген нығметтер мен мүмкіндіктерге ие болғанымен, өкінішке орай пайғамбарлардың тәлімдерінен алшақтауы салдарынан осы мүмкіндіктерді күнә мен зұлымдыққа және қоғамды құртуға қолдануда.
زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا وَيَسْخَرُونَ مِنَ الَّذِينَ آمَنُواْ وَالَّذِينَ اتَّقَواْ فَوْقَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَاللّهُ يَرْزُقُ مَن يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ ﴿۲۱۲﴾
"Сондай кәпір болғандарға дүние тіршілігі әдемі көрінді де, мұсылмандарды тәлкек қылады. Негізінде тақуалар қиямет күнінде олардан үстем болады. Және Алла қалағанын есепсіз ризыққа бөлейді. (2:212)"
Дүниенің жарқылы кәпірлердің көзін қарықтырғаны сонша, олар мастық пен тәкәппарлыққа ұшырап, мұндай істерге мән бермейтін мүміндерді надан әрі ақымақ деп санап, оларды келемеждейді. Бірақ адамдардың артықшылығының өлшемі – дүниелік байлық пен мансап емес, қайта қияметте көрініс табатын иман мен тақуалық секілді рухани және илаһи құндылықтар. Бұл аяттан ұғатынымыз:
Дүниеқұмарлық – адамның өзін өзгелерден артық санап, басқаларды кемсітуі мен масқаралауына себеп болады, ал құдайшылық пен тақуалық – адамның осы дүние мен ақыретте бақытты болуына және Алланың шексіз ықыласына бөленуіне себеп болады.
كَانَ النَّاسُ أُمَّةً وَاحِدَةً فَبَعَثَ اللّهُ النَّبِيِّينَ مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ وَأَنزَلَ مَعَهُمُ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ لِيَحْكُمَ بَيْنَ النَّاسِ فِيمَا اخْتَلَفُواْ فِيهِ وَمَا اخْتَلَفَ فِيهِ إِلاَّ الَّذِينَ أُوتُوهُ مِن بَعْدِ مَا جَاءتْهُمُ الْبَيِّنَاتُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ فَهَدَى اللّهُ الَّذِينَ آمَنُواْ لِمَا اخْتَلَفُواْ فِيهِ مِنَ الْحَقِّ بِإِذْنِهِ وَاللّهُ يَهْدِي مَن يَشَاءُ إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ ﴿۲۱۳﴾
"Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Алла қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол кітап берілгендер, ашық дәлел келгеннен кейін араларындағы кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Алла иман келтіргендерді, олар тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізеді. Алла қалағанын даңғыл жолға салады. (2:213)"
Бұл аят адамзат қоғамын басқарудағы дін мен илаһи заңдардың маңызды рөліне сілтеме жасап: "Әуелде адамның өмірі қарапайым және шектеулі болған. Бірақ адамдардың саны көбейіп, қоғамдардың пайда болуымен табиғи түрде олардың арасында қарама-қайшылықтар туындай бастаған соң, заңдар мен әкімдердің зәрулігі байқалды",-дейді. Осы кезде адамдарды құтқарып, тура жолға салу және илаһи кітаптар бойынша төрелік жүргізу мен басқару үшін Алла пайғамбарларын жіберді. Олар қоғамдарда тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға зор талпыныстар жасағанымен, адамдардың көпшілігі нәпсі, әсіре бойұрушылық пен қызғанудың салдарынан оларға қырсылық танытып, ақиқатты қабылдағысы келмейді. Бұл арада Аллаға, пайғамбарлар мен илаһи кітаптарға деген сенімнің арқасында мүміндер ғана бірлік пен тыныштыққа қол жеткізіп, ақиқат жолына түседі. Алайда кәпірлер өздерінің адасуына себеп болған қарама-қайшылықтарда қала береді. Бұл аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, қоғамға заң мен әкім керек. Сондықтан ең жақсы заң – илаһи кітаптар, ал ең жақсы әкім – пайғамбар мен діни жетекшілер болып табылады.
Екіншіден, адамдар арасындағы түрлі жанұялық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің ең абзал жолы – Алланың заңдарына бойұсыну болып табылады.
أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُواْ الْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُم مَّثَلُ الَّذِينَ خَلَوْاْ مِن قَبْلِكُم مَّسَّتْهُمُ الْبَأْسَاء وَالضَّرَّاء وَزُلْزِلُواْ حَتَّى يَقُولَ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُواْ مَعَهُ مَتَى نَصْرُ اللّهِ أَلا إِنَّ نَصْرَ اللّهِ قَرِيبٌ ﴿۲۱۴﴾
"(Мұсылмандар!) Сендерге бұрынғы өткендердің басына келген сияқты (жағдай) келмей жаннатқа кіруді ойладыңдар ма? Оларға ашаршылық пен қиыншылықтарға кіріптар. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: "Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?",-дегенге дейін (қиыншылықта) тербетілді. Естеріңде болсын. Негізінен Алланың жәрдемі жақын. (2:214)"
Тура жол мен бақытқа жету және қарама-қайшылықтан аулақ болу жолында Аллаға иман келтірудің рөлі жөніндегі аяттан кейін бұл аят: "Нағыз иманның жалғыз өзі жеткіліксіз, сондықтан қиын-қыстау оқиғаларда оны амалмен сақтап, Алланың жолынан ауытқымау керек. Өйткені барлық оқиғалар адамдардың иманын сынау үшін болады",-дейді. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:
Біріншіден, қиыншылықтарға төзбей тұрып пейішке барамын деп ойлау дұрыс емес.
Екіншіден, сынақ – әр адамның өзінің қадірін түсінуіне арналған міндетті илаһи дәстүрлердің бірі.