Қаң 01, 2017 19:30 Asia/Almaty

Бақара сүресі, 200-205 аяты


Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын.

 

 

 

فَإِذَا قَضَيْتُم مَّنَاسِكَكُمْ فَاذْكُرُواْ اللّهَ كَذِكْرِكُمْ آبَاءكُمْ أَوْ أَشَدَّ ذِكْرًا فَمِنَ النَّاسِ مَن يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا وَمَا لَهُ فِي الآخِرَةِ مِنْ خَلاَقٍ ﴿۲۰۰﴾وِمِنْهُم مَّن يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ ﴿۲۰۱﴾أُولَئِكَ لَهُمْ نَصِيبٌ مِّمَّا كَسَبُواْ وَاللّهُ سَرِيعُ الْحِسَابِ ﴿۲۰۲﴾

 

"Қашан хаж амалдарыңды өтесеңдер, (Минада) Алланы ата-бабаларыңды зікір еткендей тіпті одан да артық зікір етіңдер. Сонда адамдардан кім: "Раббымыз! Бізге дүниеде ғана жақсылық бер!",-десе оларға ақиретте несібе жоқ. (2:200) Және олардан кім: "Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!",-дейді. (2:201) Міне олар үшін амалдарынан үлес бар. Алла есепті тезінен көруші. (2:202)"

Исламға дейін арабтар хаж рәсімдерін орындаған соң бір жерге жиналып, әрқайсысы өздерінің ата-бабалары мен тайпаларының ерліктерін еске алып, мақтанатын. Осы мәселеге байланысты Құран: "Ата-бабаларыңмен мақтанғанша Алланы зікір етіңдер, Оның берген нығметтеріне шүкірлік білдіріп, Одан өз болашақтарыңды тілеңдер",-дейді. Құран сондай-ақ: "Халық екі топқа бөлінеді; біріншісі хаж амалдарынан кейін сол қасиетті жерге жиналып, дүние мен өздерінің дүниелік қажеттерін ғана ойлап, Алладан соны ғана тілейді. Сондықтан мұндай топ, адам барлығына зәру болатын қиямет күні құр алақан қалады",-дейді. Бірақ екінші топ өз дұғаларында, кемелдікке жетудің құралы болып саналатын дүниеге де мән береді және Алладан әркім оған кезігетін қиямет күнінде өз істерінің нәтижесі оң болуын және тозақтың азабынан аман қалуды тілейді. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, дұғаларда және Алланы еске алуда немқұрайлы болмайық және осы дүниедегі бірнеше күндік өмірімізді ғана ойламайық.

Екіншіден, Ислам ортаны ұстанатын дін және мұсылман өзі мен өз қоғамының материалдық дамуын ойламайды деген түсінік қалыптаспауы үшін, дүние мен ақыретті қатар қозғайды.

Үшіншіден, Алладан орынсыз нәрселерді тілеудің орнына жақсылығымыз бен бақытымызды сұрайық. Өйткені біз келешегімізден және бізге ненің жақсы екенінен бейхабармыз.

 

 

وَاذْكُرُواْ اللّهَ فِي أَيَّامٍ مَّعْدُودَاتٍ فَمَن تَعَجَّلَ فِي يَوْمَيْنِ فَلاَ إِثْمَ عَلَيْهِ وَمَن تَأَخَّرَ فَلا إِثْمَ عَلَيْهِ لِمَنِ اتَّقَى وَاتَّقُواْ اللّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ ﴿۲۰۳﴾

 

"Санаулы күнде Алланы зікір етіңдер. Сонда күнәдан сақтанған кісіге (Минадағы ғибадатты) асығып екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Алладан қорқыңдар әрі негізінде Аллаға қайтарылатындықтарыңды біліңдер. (2:203)"

Өткен аяттар, қажылық рәсімінде ата-бабаларыңды мақтан тұта берудің орнына Алланы зікір етіңдер десе, бұл аят оның уақытын белгілейді. Зихажже айының 10-ындағы Құрбан айт рәсімдерінен кейін, қажылар осы айдың 11-12-13-інде Мина жерінде болады. Бұл жер жаратылыс әлемі мен Жаратушымен мұңдасып,  ғибадат етуге жақсы мұрсат болып табылады. Сол себептен аят, осы күндері тайпалық жетістіктермен мақтанудың орнына, Алланы еске алыңдар деп ескертеді. Осы аяттан мынаны ұғамыз: Егер адам тақуа болса, Алла оған жеңіл қарайды және оның істері аз болса да, қабылдап, кемшіліктерін кешіреді.

 

 

وَمِنَ النَّاسِ مَن يُعْجِبُكَ قَوْلُهُ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيُشْهِدُ اللّهَ عَلَى مَا فِي قَلْبِهِ وَهُوَ أَلَدُّ الْخِصَامِ ﴿۲۰۴﴾

 

"(Мұхаммед с.ғ.с) адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да Алланы жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем. (2:204)"

Бұл аят мұнафықтардың кейбір екіжүзділігіне меңзеп: "Кейбір адамдар сөз жүзінде иман келтіргенін көрсетіп, өмір туралы сөйлегенде мүміндерді өздеріне баурап алмақшы болады",-дейді. Құран осындай адамдардың қатерін ескертіп: "Мұндай адамдарға сенбеңдер, олар шын иман келтірмеген және мүміндермен дұшпан, бірақ дұшпандығын жасырады",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Сырттай әдемі әрі шешен сөздер мен үгіттерге алданып қалмайық. Сөйлеушінің мақсатын білейік. Оның сөздері біздің дүниеқұмарлығымызды күшейте ме, әлде бізді Аллаға қарай жетелей ме?

 

 

 

وَإِذَا تَوَلَّى سَعَى فِي الأَرْضِ لِيُفْسِدَ فِيِهَا وَيُهْلِكَ الْحَرْثَ وَالنَّسْلَ وَاللّهُ لاَ يُحِبُّ الفَسَادَ ﴿۲۰۵﴾

 

"Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді. (2:205)"

Әдемі сөздерімен "егер билікке жететін болсақ қоғамда қауіпсіздік пен жақсы тұрмыс орнатамыз" деп уәде бергендер, билікті қолға алғанда өздерінің дүниелік мақсатына жету үшін адамдарды қор қылады. Олар қоғамның экономикасын да қиратып, жас ұрпақты да азғындыққа жетелейді. Құран басқа аяттарда: "Билік тақуа адамдардың қолында болған шақта, олар халықтың діні мен дүниесін түзетуді ойлайды, Алламен байланыс орнатудың ең көркем жолы болып табылатын - намазды қоғамда жайып, кедейлермен байланыс болып саналатын - зекетті жаяды. Осы аяттан үйренетініміз: Өзгелермен байланыста олардың сөзіне ғана көңіл аудармай, олардың істері қоғамның игілігіне жарады ма, әлде қоғамда азғындықтың жайылуына себеп болды ма? Осыған назар аудару керек.