Бақара сүресі, 196-199 аяты
Бақара сүресі, 196-199 аяты
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын.
وَأَتِمُّواْ الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلّهِ فَإِنْ أُحْصِرْتُمْ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ وَلاَ تَحْلِقُواْ رُؤُوسَكُمْ حَتَّى يَبْلُغَ الْهَدْيُ مَحِلَّهُ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ بِهِ أَذًى مِّن رَّأْسِهِ فَفِدْيَةٌ مِّن صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكٍ فَإِذَا أَمِنتُمْ فَمَن تَمَتَّعَ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ فَمَن لَّمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلاثَةِ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعْتُمْ تِلْكَ عَشَرَةٌ كَامِلَةٌ ذَلِكَ لِمَن لَّمْ يَكُنْ أَهْلُهُ حَاضِرِي الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَاتَّقُواْ اللّهَ وَاعْلَمُواْ أَنَّ اللّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ ﴿۱۹۶﴾
"Хаж және умраны Алла үшін толық орындаңдар. Егер (жолда) тосылсаңдар, құрбандықтан қолайлысы болады. Құрбандық орнына барғанға дейін шаштарыңды алдырмаңдар. (Құрбандық барып бауыздалғаннан кейін шаш алдырып ихрамнан шығады). Біреу (ыхрамда) науқас немесе басында бір жайсыздық болып, шаш алдырса ораза не садақа немесе құрбандықтан төлеу салады. Ал қашан амандықта болсаңдар хажға дейін умрадан пайдаланса, (әуелі умраны орындап, ыхрамнан шығып, хаж үшін қайта ыхрам байланса, бұны "хаж тәматтуғ" деп атайды). Сонда қолайлы бір құрбан шалады. Егер біреу құрбандық таба алмаса, хажда үш күн, үйге қайтып келгенде жеті күн болып, толық он күн ораза ұстайды. Бұл үйі Мәсжид Харамның маңында болмағандар үшін. Алладан қорқыңдар. Негізінен Алланың қатты азап иесі екенін біліңдер. (2:196)"
Өздеріңіз білетіндей қажылықтың негізін хазірет Ыбырайым (ғ) қалаған болатын. Сол заманнан бері бұл рәсімдер арабтар арасында дәстүрге айналды. Ислам да осы дәстүрді жалғастырды. Сондықтан жағдайы келген әр мұсылманға өмірінде бір рет қажыға бару парыз етілді. Алайда "умра" зиярат етуді білдіреді және тек Меккеге кірген адамға ғана уәжіп саналады. Умраны орындаушы Қағбаны тәуап етіп, намаз оқуы тиіс. Алланың тапсырмалары адамның қабілетіне сай және шамадан тыс нәрсе емес екендігін айқындау үшін осы ғибадаттық сапар барысында түсініксіздіктер пайда болмауы үшін қажы мен умра амалдары туралы бұйрықтардың ізінше бұл аят ондағы кейбір үкімдерді баяндайды. Осы аяттан "Исламда тығырық жоқ және үкімдері түрлі жағдайларға сәйкес. Осылайша қажылықты толық орындай алмаған адам оның орнына ораза ұстап не садақа бере алады, немесе қой бауыздап кедейлерді тойдыра алады" дегенді түсінеміз.
الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلاَ رَفَثَ وَلاَ فُسُوقَ وَلاَ جِدَالَ فِي الْحَجِّ وَمَا تَفْعَلُواْ مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللّهُ وَتَزَوَّدُواْ فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَى وَاتَّقُونِ يَا أُوْلِي الأَلْبَابِ ﴿۱۹۷﴾
"Хаж (шәууал, зылқағда және зылхажжаның онына дейінгі) белгілі айлар. Кім ол айларда (ыхрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжал жоқ. Әй ақыл иелері! Нендей қайыр істесеңдер, Алла оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. "Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар." (2:197)"
Қажылық рәсімдері әр жылда бір рет және белгілі бір мезгілде орындалады. Қажыға баратын адам осы рухани сапарға ең алдымен тақуалық пен тазалық жағынан дайын болғаны жөн. Ол күнәдан аулақ ұстанып, оң істер жасауға ниеттенуі тиіс. Осы аяттан мынадай тәлімдерді үйренеміз:
Мекке – қауіпсіздік пен бірлік және ғибадат орталығы. Қажылық күндері бұл жерде илаһи кеңістік орнату үшін жанжалдасуға, күнә жасауға және әйелмен жақындасуға болмайды.
لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَن تَبْتَغُواْ فَضْلًا مِّن رَّبِّكُمْ فَإِذَا أَفَضْتُم مِّنْ عَرَفَاتٍ فَاذْكُرُواْ اللّهَ عِندَ الْمَشْعَرِ الْحَرَامِ وَاذْكُرُوهُ كَمَا هَدَاكُمْ وَإِن كُنتُم مِّن قَبْلِهِ لَمِنَ الضَّآلِّينَ ﴿۱۹۸﴾ ثُمَّ أَفِيضُواْ مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ وَاسْتَغْفِرُواْ اللّهَ إِنَّ اللّهَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ ﴿۱۹۹﴾
"Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің) оқасы жоқ. Қашан Ғарафаттан қайтсаңдар, Машғарыл Харамның қасында, Алланы еске алыңдар. Сондай-ақ Оны, сендерге нұсқағанындай еске алыңдар. Сендер бұрын азғындардан едіңдер. (2:198) Сонсоң ел қайтқан жерден қайтыңдар да Алладан жарылқау тілеңдер. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (2:199)"
Осыдан бұрынғы аяттан қажылық кезінде мұсылмандардың қауіпсіздігі мен бірлігіне нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынғанын білдіңіздер. Бұл аятта қажылық кезінде кез-келген сауда мен кәсіпті күнә деп санаған жәһили арабтардың сеніміне керісінше: "Осы зор және салтанатты рәсімдерді өткізу үшін сауда-саттық пен экономикалық шараларды орындау қажет",-дейді. Сонан соң қажылық кезіндегі Арафаттан Машғарға қарай жүру үкіміне тоқталып: "Алдымен сендерді адасудан құтқарып, тура жолға салған Алланы естен шығармаңдар. Екіншіден халықпен бірігіп, ұйымдасып қозғалыңдар, өздеріңді артық санап ерекшеленуші болмаңдар",-дейді. Осы аяттардан ұғатынымыз:
Біріншіден, Ислам барлық салаларды қамтушы дін болғандықтан, қажылық тәрізді ғибадаттық шарамен қатар, адамдардың тұрмыс-тіршілігіне де мән береді.
Екіншіден, сапарда дүниелік нығметтерді пайдаланайық, бірақ Алланы жадымыздан шығармайық.
Үшіншіден, қажылық кезінде халық арасында ешқандай артықшылық болмауы тиіс және ондағы рәсімдерді бірге бастап, бірге аяқтау керек.