Қасас сүресі, 685-ші бөлім, 14-17 аяттар
Қасас сүресінің 14-17 аяттарының тәпсірі
«Қасас» сүресінің 14 аяты:
«وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَاسْتَوَى آتَیْنَاهُ حُکْمًا وَعِلْمًا وَکَذَلِکَ نَجْزِی الْمُحْسِنِینَ»
(Мұса Ғ.С.) ержетіп, теңелген кезде өзіне хикмет, ғылым бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз. (14)
Бұл аяттар хазірет Мұсаның өмірі туралы хикаялардың келесі бөлігіне сілтеме жасап: «Мұса жасөпірімдік кезеңге жеткен кезде Құдай оның ойлану және ақыл қабілетін нығайтып, илаһи аяндармен оған ақиқатты түсініп, хақ пен жалғанға дұрыс төрелік ете алуы үшін білім мен хикмет сыйлады» дейді.
Жастық шақ – әрбір адамның өміріндегі күш-қуатының жоғары шегіне жететін уақыт. Хазірет Мұсаға деген илаһи мейірім оның пәктігі мен лайықтылығына байланысты болды. Осы аятқа сәйкес, әрбір жақсы адам илаһи мейірімге бөленеді. Бірақ бұл кейін хазірет Мұсаға берілген уәһи мен пайғамбарлықтан басқа.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Жастық шақ – адам өмірінің ең жақсы кезеңі. Себебі осы кезеңде физикалық мүмкіндік ақылдың дамуымен бірге адамның кемелдікке жетуіне негіз әзірлейді.
2. Басқаларға жақсылық пен ізгілік жасау Алланың ерекше мейірімдеріне ие болуға негіз әзірлейді.
«Қасас» сүресінің 15 аяты:
«وَدَخَلَ الْمَدِینَةَ عَلَى حِینِ غَفْلَةٍ مِّنْ أَهْلِهَا فَوَجَدَ فِیهَا رَجُلَیْنِ یَقْتَتِلَانِ هَـذَا مِن شِیعَتِهِ وَهَـذَا مِنْ عَدُوِّهِ فَاسْتَغَاثَهُ الَّذِی مِن شِیعَتِهِ عَلَى الَّذِی مِنْ عَدُوِّهِ فَوَکَزَهُ مُوسَى فَقَضَى عَلَیْهِ قَالَ هَـذَا مِنْ عَمَلِ الشَّیْطَانِ إِنَّهُ عَدُوٌّ مُّضِلٌّ مُّبِینٌ»
(Мұса Ғ.С.) елдің қаперсіз уақытында қалаға кіргенде төбелесіп жатқан екі адамды көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса (Ғ.С.) оны жұдырықпен ұрғанда оған қаза жетті. (Мұса Ғ.С.): "Бұл шайтан ісі. Өйткені ол ашық адастырушы дұшпан" деді. (15)
Хазірет Мұса балалық шағында Перғауынның сарайында өмір сүрді. Сарайдың басқа мүшелері сынды өмірдің лайықты жағдайы мен жауынгерлік жаттығулардан өтті. Бір күні сарайдан шығып, қала көшелерінің ортасында жүріп келе жатқанда бір-бірін өлтіретіндей төбелесіп жатқан екі адамды көрді. Бірі исраил қауымынан, екіншісі мысырлық қотби екен. Мұсаның діндесі, Исраил қауымынан болған адам Мұсаны танып, одан көмектесуін сұрады. Мұса оны жәбірленуші санап, жұдырығымен қотбиді салып қалып, оны жер жастандырды.
Мұсаның өзі де қолының соққысының соншалықты қатты болып, бір жұдырықпен-ақ дұшпанды жер жастандырып, оның ісін тәмамдаймын деп ойламаған еді. Мұса ол адамды өлтіруді мақсат етпеген болатын. Тек зұлымдыққа ұшыраған бір адамды қорғау үшін ғана осындай іске барған еді. Алайда қотби енді қозғалыстан қалып, жантәсілім етті. Сол кезде Мұса қақтығыстар мен кикілжіңдердің бастауына көңіл аударып: «Барлық ұрыс-төбелестердің тамыры – адам баласының арасында қақтығыстар тудыратын шайтанда. Шайтан оларды адастырып, бір-бірін өлтіртеді» деді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Мұса хазірет Перғауынның сарайында өскенімен, жәбірленушілердің қорғаушысы болды. Перғауынның жұбайы Асия сарайда өмір сүргенімен, Мұсаға иман келтіріп, сол жолда жанын пида етті.
2.Пайғамбарлар жәуәнмәрт, жәбірленушілердің жұбатушысы болып, оларды қорғау үшін залымдармен қарсыласты.
2.Адамдардың арасында қақтығыс қалыптастыру – шайтанның ісі. Сол себепті өзіміздің ашуымызды бақылап, шайтанның бізді билеуіне жол бермейік.
«Қасас» сүресінің 16-17аяттары:
«قَالَ رَبِّ إِنِّی ظَلَمْتُ نَفْسِی فَاغْفِرْ لِی فَغَفَرَ لَهُ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِیمُ»، «قَالَ رَبِّ بِمَا أَنْعَمْتَ عَلَیَّ فَلَنْ أَکُونَ ظَهِیرًا لِّلْمُجْرِمِینَ»
"Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!",- деді. Сондықтан Алла оны жарылқады. Өйткені ол тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (16) "Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін" деді (17).
Қотбидің өлтірілуімен басқа қотбилердің оны өлтіру үшін соңына түсіп, ұстап алып, қысас жасауды мақсат ететіндіктері түсінікті жағдай еді. Мұса өзінің жұдырығының соққысымен қотбилікті ұруымен өзіне зұлымдық жасады. Себебі ол іс өзінің басының қатерге тігілуіне, қотбиліктердің оны ұстау үшін соңына түсуіне себеп болды. Хазірет Мұса сол оқиғаға байланысты күнәһар саналмады, бірақ бұл іс оның жұмысының келесі кезеңдерде қиындықпен кезігуіне себеп болды. Сол себепті Құдайдан егер міндетін орындауда кемшіндікке ұрынса, оны кешіруді сұрап, жұмысының салдардарын залалсыздандыруды, перғауындардың зұлымдықтарынан құтқаруды сұрады. Құдай оны кешіріп, ол қотбиліктердің қолына түспеді.
Сол кезде хазірет Мұса Құдайға ант беріп, дұшпанның қолына түсірмеген илаһи мейірімге шүкіршіліктің белгісі ретінде өмірінің соңына дейін қылмыскерлерге қолдау көрсетпейтінін, зұлымдарға көмектеспейтінін айтты. Сол себепті Перғауынның сарайына қайтпай, олармен байланысын үзді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Мүміндерді залымдардан құтқаруда қатер тумас үшін және жөнсіз салдарлар мен зардаптары болмауы үшін ықтият сақтап, абай болған жөн.
2.Қателік немесе бұзушылық тіпті қасақана жасалмаса да, оның табиғи салдарлары болады.
3. Мықты білектердің алғысы мазлұмдардың жәрдемшісі, залымдар және қылмыскерлермен серіктестік жасаудан аулақ болуда.