Қаң 17, 2017 12:49 Asia/Almaty

"Қасас" сүресінің 29-31 аяттарының тәпсірі

"Қасас» сүресінің 29 аяты:

 «فَلَمَّا قَضَى مُوسَى الْأَجَلَ وَ سَارَ‌ بِأَهْلِهِ آنَسَ مِن جَانِبِ الطُّورِ‌ نَارً‌ا قَالَ لِأَهْلِهِ امْکُثُوا إِنِّی آنَسْتُ نَارً‌ا لَّعَلِّی آتِیکُم مِّنْهَا بِخَبَرٍ‌ أَوْ جَذْوَةٍ مِّنَ النَّارِ‌ لَعَلَّکُمْ تَصْطَلُونَ»

Мұса (Ғ.С.) мерзімді бітіріп, жұбайымен жолға шыққанда Тұр жақтан бір от көріп, жұбайына: "Тұра тұрыңдаршы. Рас бір от көрдім. Бәлкім, бір хабар немесе оттан бір шоқ әкелермін. Әрине сендер жылынарсыңдар" деді. (29).

Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның хазірет Шұғайыптың қызына үйленгенін, оның кем дегенде сегіз жыл олардың қойын бағып, егер қажет болса, тағы екі жыл қалып, қызмет етуге келіскенін айттық. Осы аят былай дейді: «Мұса алған міндетін орындап, он жыл қой баққаннан кейін бала-шағасын ертіп, өзінің туған жері Мысырға қайтпақ болды. Бірақ жол ұзақ әрі қауіп-қатерге толы еді. Олар Шам өлкесіне жеткен кезде жолдан адасып, өздеріне жөн сілтейтін адам іздеді. Хазірет Мұса алыстан Тур тауының етегінен от көріп, ішінен: «Мына отты жаққан адам міндетті түрде бұл жердің жолын біледі. Ол маған жөн сілтей алады. Мұнымен қоса, қараңғы әрі суық түні жанұям жылынуы үшін  оттан шоқ алып келемін» деп ойлады.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Ер азамат жұбайы мен өз отбасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жауапты. Отбасы да оған өмірдің қиыншылықтарын шешуде жәрдемдесуі керек.

2.Отанға деген сүйісеншілік – табиғи сезім. Әрбір адам көп жыл жырақта болғаннан кейін өзінің туған жеріне қайтып оралу құқығына ие.

3. Көп жылдар бойы сарайда өмір сүрген Мұса сарайда тұруға әуестенбеуі үшін әрі болашақта оны күтіп тұрған қиындықтарға шыдауы үшін он жыл бойы қой бағып, далада өмір сүруі керек болды.

 «Қасас» сүресінің 30 аяты:

 « فَلَمَّا أَتَاهَا نُودِیَ مِن شَاطِئِ الْوَادِ الْأَیْمَنِ فِی الْبُقْعَةِ الْمُبَارَ‌کَةِ مِنَ الشَّجَرَ‌ةِ أَن یَا مُوسَى إِنِّی أَنَا اللَّـهُ رَ‌بُّ الْعَالَمِینَ»

 «Ол жерге келген сәтте мүбарак жердегі ойпаттың оң жағындағы ағаштың жанынан: "Әй, Мұса! Рас, Мен әлемдердің Раббы Алламын" деп, дабысталды. (30)

Рауаяттарға сәйкес, хазірет Мұса отқа жақындаған кезде ол оттың осы уақытқа дейін өзі көрген оттардан өзгеше екендігін байқаған. От жап-жасыл, балғын, қурамаған ағаштардың арасында жанып тұрды. Жалын ыстық әрі күйдіруші емес, тек нұр мен жарыққа ғана ие болды. Мұса бұл не от деп ойлауы мұң екен, үн естіліп: «Уа, Мұса! Сені бұл жерге әкелген менмін. Сені мен барлық жаратылыстың жаратушысы және ықтиярларыңның иесімін» деді. Шын мәнінде Құдай тілге келіп, пендесі Мұсамен сөйлесті. Алламен сөйлесуі оны басқа пайғамбарлардан ерекшелендіргендіктен хазірет Мұса «Калим Аллаһ» деп танымал болды.

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Діни мәдениетте Құдайға қатысты мекендер тау мен шөл дала болса да қасиетті мекендер саналады.

2. Хазірет Мұса отбасына от тауып, жолды анықтау үшін Тур тауына барған болатын, бірақ Құдай ол жерде оған адамдарға жетекшілік ету жауапкершілігін жүктеді. Басқаша айтқанда, біздің міндетіміз әрекет ету, бірақ оның нәтижесі біздің қолымызда емес.

«Қасас» сүресінің 31-32 аяттары:

 «وَأَنْ أَلْقِ عَصَاکَ فَلَمَّا رَ‌آهَا تَهْتَزُّ کَأَنَّهَا جَانٌّ وَلَّى مُدْبِرً‌ا وَلَمْ یُعَقِّبْ یَا مُوسَى أَقْبِلْ وَلَا تَخَفْ إِنَّکَ مِنَ الْآمِنِینَ»، «اسْلُکْ یَدَکَ فِی جَیْبِکَ تَخْرُ‌جْ بَیْضَاءَ مِنْ غَیْرِ‌ سُوءٍ وَاضْمُمْ إِلَیْکَ جَنَاحَکَ مِنَ الرَّ‌هْبِ فَذَانِکَ بُرْ‌هَانَانِ مِن رَّ‌بِّکَ إِلَى فِرْ‌عَوْنَ وَمَلَائِهِ إِنَّهُمْ کَانُوا قَوْمًا فَاسِقِینَ»

) "Таяғыңды таста!)" Сонда оны иреңдеген жылан тәрізді көріп, бұрыла артына қарамай жөнелді. "Әй, Мұса! Бері бұрыл, қорықпа! Шынында сен амандықта болғандардансың!" (31) "Қолыңды қойныңа тық. Кесірсіз аппақ болып, шығады. Қорқудан салбыраған қолыңды жина! (Сүлкиме!) Бұл екеуі Перғауынға да, адамдарыңа да Раббыңның екі дәлелі. Өйткені олар бұзақы ел..." (32)

Мұндай бөтен дауысты бұрын-соңды естімеген және сондай көрініс пен ғажайып отты көрген Мұсаның бұл не дауыс және не көрініс деп таңдануы түсінікті жағдай еді.

Құдай дәлелді аяқтап, Мұсаның көріп, естіген нәрселерінің Ұлы Құдай тарапынан екендігіне сенімділік сыйлау үшін оған екі мұғжизаны көрсетті: бірі оның асасының жыланға айналуы; келесісі алақанының жалтырауы. Бұл екі мұғжизаны көрген Мұсаның өзі алдымен естігендерінің шынайылығына сенімді болды. Кейін Құдай тарапынан осы екі мұғжизасымен Мысырға қайтып баруға жауапты болды. Оның бірінші міндеті өзі өмір сүрген Перғауын сарайына бару болды. Бірақ бұл жолы Перғауынды бір Құдайға шақырып, Исраил ұрпағына зұлымдық жасауды доғару үшін баратын болды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Өз жолының дұрыстығына сенімді адам басқаларға жетекшілік ете алады.

2. Қоғамда негізді реформа жасау үшін алдымен зұлымдық мен бейбастақтықтың тамырлары мен бастауларын табу керек.

3.Қатерден қорқу мен қашу – адам баласына тән. Бұл тұрғыдан пайғамбарлардың басқа адамдардан айырмашылығы жоқ.