Ұлы тұлғаның алдында 54
Адамның тәлім-тәрбие алу қажеттілігі барлық елдердің барлық мәдениеттерінде расталған. Тәлім мен тәрбиенің арасы салыстырмалы түрде жақын болып табылады. Кемеңгер адам өтпелі өмірде көптеген қиындықтардың бар екенін және солардан өту үшін қырағы болу қажет екенін жақсы біледі.
Өмірдің дұрыс әрі заңды жолдарын таңдау жетекшіге байланысты. Егер жетекші дұрыс болмаса, адамдардың барлығы сергелдең күй кешеді. Илаһи пайғамбарлар адамзаттың бірінші мұғалімдері әрі дұрыс жолға нұсқаушылары болды. Олар Алла тарапынан адамдарды ең дұрыс жолға нұсқау үшін жіберілген болатын. Өмір сүрудің дұрыс тәсілдерін басында илаһи елшілер үйреткен. Сөйтіп тәлім-тәрбие ағымы солардың жол көрсетуімен басталды. Адамзат осы уақытқа дейін тәлім-тәрбиені қажет етеді. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, тәлім-тәрбие жеке адам өмірінің мағынасы туралы баяндап, қоғамға өмірдің мағынасын үйретеді. Яғни, егер қоғамның адамдары дұрыс тәлім-тәрбиеге ие болса, бұл қоғамға өмірдің демі жіберілгендей болады. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша тәлім-тәрбие – адамның дамуы мен жоғары мақсаттарға жетуі үшін жағдай тудыру. Егер мұндай оқиға орын алса сындарлы қоғам құрылады. Иранның заманауи философы Моттахари өзінің «Исламдағы тәлім-тәрбие» атты кітабында: «Егер бір заттың жарылып, өркендегенін көргің келсе, оның ішіндегі қабілет-дарындарды сыртқа шығару керек. Сондықтан адамның тәрбиесі деген оның дарындарын дамыту болып табылады. Дарын ақылмен байланысты. Дарын ахлақтық, діни, өнер немесе сұлулық пен өнертапқыштық саласында бола алады»,- деп жазған. Уақыт тұрғысынан тағылым тәрбиеге қарағанда алда жүргенімен, тәрбиеші қажет білімге ие болмаса түлегі оның тәрбиесін қабылдамайды. Бірақ маңыздылығы тұрғысынан тағылым тәрбиеден кейін жүріп, тәрбиеге қызмет ететін құрал саналады. Дәл осы мәселе Ислам діні тұлғаларының тәрбиені тағылымнан жоғары санауына себеп болды. Діни көзқарас бойынша өзін тәрбиелеу білім алудан маңызды саналады. «Тазкие», яғни нәпсі мен мүлікті тазарту, тақуалық пен иман. Негізінде адам тазарса, бағбан мәпелеген ағаш сынды жақсырақ өсетін болады. Бұл туралы аятолла Хаменеи «Әл-Имран» сүресінің 164-ші «Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін..» деп айтылған аятына тоқталып: «Құран да тазаруды алға қояды. Бұл тазарудың ерекше орынға ие болуын көрсетеді. Өз оқырмандарың мен тыңдармаңдарыңды тазартыңдар, тәрбиелеңдер. Бұл – тәрбиенің өзі. Имам Әли (ғ.с.): «Өзін басшы қылған адам халықтан бұрын әдеп сақтауды үйренуі керек. Бұл қиын іс. Оны орындау керек. Бұл ахлақтық тәрбие. Бүгін біз ахлақтық тәрбиені қажет етеміз. Біз – Иран халқы, осы географиялық жерде орналасқан исламдық қоғам, үлкен ислам үмбеті, мұсылмандар қоғамы. Бұл біздің алғашқы қажеттіліктеріміз»,- деді. Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни білім алудан бұрын тазарудың, өзін тәрбиелеудің маңыздылығы туралы: «Алла Тағала Құран Кәрімде тазаруды басты мәселе деп атағандықтан, нәпсінің тазаруының ілімнен жоғары екендігі анықталады. Негізі, дәл солай. Егер бір елдің адамдары таза әрі тәрбиелі болса, ол халық алға ілгерілейді. Тәрбие маңызды. Білімнің жалғыз өзі пайдасыз. Білім жалғыз болса зиян әкеледі. Илаһи нығметтердің бірі саналатын жаңбыр гүлдердің үстіне жауған кезде әтірдің иісі сезіледі. Лас жерге тисе, жаман иіс шығады. Білім де сондай. Егер білім тәрбие көрген жүрекке қонса, оның әтірі әлемге жайылады. Егер тәрбие көрмеген бұзақы жүрекке қонса, бүкіл әлемді бүлдіреді»,- деген. Имамның пікірі бойынша, адамдар ең бастысы тәрбие көруі керек. Жүректері мен жандарын күнәдан тазартып, жамандықтардан тазарған соң ғана тағылым мен мамандық алғаны жөн. Ол өзінің маңызды сөзінде тәрбиесіз ғалымдардың қатерлеріне тоқталып: «Тазарып, тәрбие көрмеген ғалымның қатері наданның қатерінен көбірек. Надан адам бұзақы болса, өзі ғана бұзақы, алайда егер ғалым бұзақы болса, әлемді бұзады, мемлекетті бұзады. Сондықтан тағылымнан бұрын тазару керек» деді. Соңында, негізінде адамның ерекшелігінің бірі өзгерістерді қабылдауында. Адам өзінің хабардар болуы және азаттыққа ие болуына орай өз жолын таңдап, таңдаған жолында өзінің ой-өрісі, ахлағы және мәдениетін қалыптастыратындай жаратылған. Егер табиғат пен адамның болмысындағы өзгерісті қабылдамаса, ахлақ пен тәрбие мекені мен тәрбие мектебі мағынасыз. Алайда мұндай жағдайда өз жүректерін ішінен тазартқан адамдар балшықты илеп, ең әдемі құмыра жасауға дайындағандай. Мұндай адамдар шындықты қабылдауға дайын. Өздерін тәрбиелеген адамдар ілім мен білімді халыққа қызмет ететін құрал ретінде пайдаланады. Бүгінде ғалымдардың көбі өз білімдерін басқа адамдарды жою үшін пайдаланады. Сондықтан исламдық тағылымдар тазаруды тағылымнан бұрын қойған. Аятолла Хаменеидің пікірінше, исламдық тағылымдар аясында тәрбиеленген адамның келесі ерекшеліктері байқалады: исламды адамгершілік діні санау, Алланың алдында қарапайым, діни бауырларына мейірімді болу, исламдық бауырмалдық орнату. Сонымен бірге үстемшілерге, залымдарға тау сынды қарсы тұру ерекшелігі анық байқалады. Бұл – исламдық үмбеттің даму кезеңі. Мұндай жағдайды дайындаған адамдар алға ілгерілейді. Мұндай адамдарды илаһи құдырет дамытады. Үстемшіл дұшпан ислам тағылымдары аясында тәрбиеленген адамды көрген кезде ызаланып, наразы болады. Біз осылай әрекет етіп, өзімізді тәрбиелеп, өзімізді Құранға сәйкестендіруіміз керек. Мінез-құлқымызды, достарымыз бен қарсыластарымыздың, үстемшілердің арасындағы қарым-қатынастарымызды Құранға үйлестіруіміз керек. Алла Тағала солай еткен адамдарға сауап жазу туралы уәде берген болатын. Бұл сый осы дүние мен ақыретте де сыйланады. Бұл дүниедегі сый – ғиззат. Бұл дүниеде илаһи нығметтерден пайдаланатын болса, ақыретте жәннәтқа кіреді.