Ұлы тұлғаның алдында 56
Мұғалім мен тәрбиешілер – қоғамның алға ілгерілеуінің факторлары. Олар білім беруімен бірге балаларға ойлануды үйретеді. Олардың ғамалдары мен іс-әрекеттері оқушылар үшін үлгі болады. Исламдық тағылымдарда мұғалім пайғамбарлардың мұрагері саналатындықтан, жоғары дәрежеге ие.
Бала жеті жастан он жеті жасқа дейін білім беру жүйесінің бақылауындағы мұғалімдер мен тәрбиешілерден тәлім-тәрбие алады, яғни әрбір адам болмысы қалыптасып, үйренетін кезеңде білім беру жүйесінің бақылауында болады. Сондықтан бұл жүйе өте маңызды саналады. Аятолла Хаменеи білім беру жүйесінің рөлін өте маңызды деп бағалап ды: «Егер мемлекет материалдық ғиззат пен рухани бақыт, саяси тәуелсіздік пен ғылыми даму және жақсы тұрмыс пен діттеген барлық мақсатына жеткісі келсе, білім беру жүйесіне басты, негізгі жұмыс ретінде көңіл бөлгені жөн. Неліктен? Өйткені айтылған әрбір мақсатқа жету үшін адами күш қажет. Бұл адами күштер білім беру жүйесінің бақылауында қалыптасады. Біздің білім беру жүйеміз адам өмірінің ең жақсы кезеңінің 12 жылында сындарлы жұмыс жасаса, жастарға жақсы тәлім-тәрбие беріп, оның келешек өмірінде кезігетін оқиғаларының алдында азырақ зардап шегуіне себеп болады. Сондықтан білім беру жүйесі – тәлім-тәрбие беріп, адамның болмысының қалыптасуына әсер ететін негізгі орталық. Ол іскер адамдарды, елдің адами күшін тәрбиелейді»,- деді. Білім беру жүйенің маңыздылығы адамның маңыздылығына байланысты. Адам – Алла Тағаланың ең жақсы жаратылысы. Адам өзінің ең жақсы жылдарын мектеп қабырғасында өткізеді. Мектеп балаға тәлім-тәрбие беру сынды үлкен міндетке ие. Осыған орай негізгі өзегі мұғалім саналатын білім беру жүйесі балаға ең жақсы тәлім-тәрбие беру үшін мұғалімдер мен оқушылар үшін ең жақсы жағдай қалыптастыруға міндетті. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Біз дайындық жылын қосып санағанда мектеп қабырғасынан 13 жылдан кейін шығатын азаматымыздың ахлағы, ой-өрісі мен ойлану қабілеті жоғары болғанын қалаймыз. Ол ахлақ тұрғысынан батыл, ақкөңіл, жақсылық тілеуші, оптимист және тағы да басқа жақсы сипаттарға ие болуы керек. Білім тұрғысынан өнертапқыш, ойлампаз, білім-ғылымға құштар, терең ой-өріске ие болғаны қажет. Іс-әрекет тұрғысынан тәртіпті әрі заңды жақсы білгені абзал. Біз осындай адамды қажет етеміз. Мұндай адамды тәрбиелеуге бола ма? Әрине, болады. Әрине, адамдар әртүрлі гендері және басқа да факторларының айырмашылығына қарай бірдей емес. Бірақ адамдардың барлығы өз рөлін атқара алады»,- деді. Иран Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша сындарлы білім беру жүйесі арнайы ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктердің бірі – білім жүйесінің структурасы. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша білім беру жүйенің структурасының мазмұны тұрғысынан бір үлгімен шектеліп қалғаны дұрыс емес, білім беру жүйесінің қоғамның қажеттіліктері мен мақсаттары және сенімдеріне сай болғаны дұрыс. Білім беру жүйесі оқушыны ойлануға үйретіп, өз пікірін білдуге мәжбүрлеуі керек. Бала кезінен ойлануды үйрету үшін мектеп қабырғасынан оқушыға философияны үйрету Ислам революциясының ұсыныстарының бірі болып табылады. Ол хазірет бұл туралы қызықты жайттарға назар аудартып: «Бүгін материалдық дамыған мемлекеттердің негізгі әрі маңызды жұмыстарының біріне балаларға философияны үйретуі жатады. Біздің қоғамның көпшілігі бала үшін философияны қажет деп ойламайды. Кейбіреулер философияны есейген кезде оқитын ғылым деп санайды. Философия ой-өрісті қалыптастырып, түсінуді үйретеді. Мұны басынан түсінген жөн. Құрылымы маңызды, балаларға арналған философияның мәтіні де маңызды, яғни бала кішкентай кезінен ойлануға әдеттенеді. Бұл өте маңызды»,- деді. Аятолла Хаменеи білім беру жүйесін өзгерту жобасын ұсынып, ел басшыларына бұл жүйеге көбірек көңіл бөлуді талап етті. Қоғамның қандай маманды қажет ететіндігі мен қандай мақсаты бар екендігі анықталуы керек. Аятолла Хаменеи: «Біз нені қалаймыз, білім беру жүйесіне қоятын талаптарымыз қандай? Алдымен соларды анықтайық. Жастар үшін қандай тәлім-тәрбие керек? Мектеп бағдарламалары осы мәселелерге назар аударуы қажет»,- деді. Жас әрі ақылды мұғалімді табу – Ислам революциясы жетекшісінің келесі ақыл-кеңестерінің бірі. Ол кісі білім беру жүйесінде мұғалімді таңдаған кезде біріншіден жастарды үйретуді басты мәселе ретінде қалыптастыруды сұрады. Білім беру жүйесінің басты мәселесі адамдарды тәрбиелеу болып табылады. Иран Ислам революциясы жетекшісінің білім беру жүйеге қатысты қуаттауларының бірі дарындарды табу саналады. Оқушылардың дарындарын табу діни жетекші үшін ерекше маңызды. Ол бұл туралы: «Білім беру жүйенің қол астында білім алып жүрген оқушылардың ішінде тіпті бір дарын көңіл бөлінбей қалмағаны жөн. Сабақ оқитын әр баланың дарыны босқа қалмағаны дұрыс. Мектептен кейін кейбіреулер жоғары оқу орынларына барар, басқалары техникалық мамандарды меңгеруге барар. Олардың барлығы жақсы. Бұл кезеңде дарындар дауы керек»,- деді. Осы кезде көмпьютерлік ойындар мен ғаламтор балаларымызды тұтқынға алып, балалр мен жасөспірімідерді дұрыс ойланудан алыстатты. Сондықтан білім беру жүйенің міндеті екі есе ауырлады. Аятолла Хаменеидің пікірінше, білім беру жүйе көне тәсілдерді ұмытып, оқушыларға тәлім-тәрбие беру үшін жаңа жолдарды табуы керек. Аятолла Хаменеидің пікірінше егер бір елдің білім беру жүйесі өзгеріп, тереңдесе, елдің экономикасы, медицинасы, қоршаған ортасы, өлім-жітім көрсеткіші, туу көрсеткіші, өнер, қоғамдағы халық арасындағы қарым-қатынастарға және одан жоғары дін, философия және ахлаққа әсерін тигізеді. Аятолла Хаменеидің терең ойлары орындалмайтын іс емес. Талпыныс, ойлану, басқалардың тәжірибелерін пайдалану және дұрыс жолдарды табу арқылы іскер, мақсаттары анық және мүмкіндіктері мол адамдар тәрбиелейтін білім беру жүйеге жетуге болады.