Ақп 20, 2017 16:53 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 70-75 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 70 аяты:

 «وَ هُوَ اللَّهُ لا إِلهَ إِلَّا هُوَ لَهُ الْحَمْدُ فِی الْأُولى‏ وَ الْآخِرَةِ وَ لَهُ الْحُکْمُ وَ إِلَیْهِ تُرْجَعُون»

Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән және Сол жаққа қайтарыласыңдар. (70)

Өткен бірнеше бағдарламада Құран аяттары жаратылыс ісінде болсын, ғибадатта болсын Құдайға ешбір серік қоспауды  қуаттады. Осы аят илаһи таухидке сілтеме жасап: «Сендерге нығмет беруде Құдайға серік болатын қай құдай бар? Материалды және рухани барлық нығметтер сендерге Құдай тарапынан келеді. Сол себепті тек ол ғана шүкір мен мадаққа лайық. Тек ол ғана осы дүние мен ақырет әлемінің билеушісі. Одан басқа кім осы жаратылысқа ұлылықпен бұйрық беру құдіретіне ие? Өмірдің соңында да сендердің оралатын жақтарың – мүшіріктер табынатын ойдан шығарып алған тәңірлер емес, – сол жақ» дейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Адам мен жаратылыс иелері үшін тағзым ету мен табыну – әлемнің басы мен соңы тек соның ғана қолындағыға лайық.

2. Құдайдың барлық жаратылыс иелеріне қатысты жаратылыстық және адамдардың өміріндегі заңдық билігі оның барлық жаратылыстарға қатысты жаратылыстық және иелік құқығынан бастау алады.  

«Қасас» сүресінің 71-72-73 аяттары:

 «قُلْ أَرَأَیْتُمْ إِنْ جَعَلَ اللَّهُ عَلَیْکُمُ اللَّیْلَ سَرْمَداً إِلى‏ یَوْمِ الْقِیامَةِ مَنْ إِلهٌ غَیْرُ اللَّهِ یَأْتِیکُمْ بِضِیاءٍ أَفَلا تَسْمَعُون»، «قُلْ أَرَأَیْتُمْ إِنْ جَعَلَ اللَّهُ عَلَیْکُمُ النَّهارَ سَرْمَداً إِلى‏ یَوْمِ الْقِیامَةِ مَنْ إِلهٌ غَیْرُ اللَّهِ یَأْتِیکُمْ بِلَیْلٍ تَسْکُنُونَ فِیهِ أَفَلا تُبْصِرُون‏»، «وَ مِنْ رَحْمَتِهِ جَعَلَ لَکُمُ اللَّیْلَ وَ النَّهارَ لِتَسْکُنُوا فیهِ وَ لِتَبْتَغُوا مِنْ فَضْلِهِ وَ لَعَلَّکُمْ تَشْکُرُون‏»

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін тәңір кім? Естімейсіңдер ме?",- де. (71) "Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тәңір кім? Көз салмайсыңдар ма?",- де. (72) Алла сендерге өз мәрхаметінен түнді тынығу, күндізді кеңшілігін (ризық) іздеулерің үшін жаратты. Әрине шүкірлік етерсіңдер. (73

Бұл аяттар Құдайдың жаратылысқа деген абсолютті билігіне сілтеме жасап: «Егер Құдай жерді айнлалыстан тоқтатып, қазір қай жерде күн болса, сол жерді ақырзаманға дейін күндіз етіп, қазір қай жерде түн болса, әлемнің соңына дейін сол жерді түн ғып қалдырса, сендер табынатын ойдан шығарып алған тәңірлерің жерді айналысқа келтіріп, күн мен түнді жер құрылығының әртүрлі жеріне бөле алады ма?» дейді.

Күн мен түннің үйлесімді айналысының сендер мен барлық жаратылыс иелері үшін қандай үлкен нығмет екендігіне назар аудырып көрдіңдер ме? Егер күннің нұры мен жылуы жер құрылығының жартысына жетпейтін болса, күмәнсіз, тіршілік ол жарты шарда жойылуға бет бұрған болар еді. Егер жер шарының жартысына әрдайым күннің нұры мен жылуы түсіп тұрғанда көптеген тіршілік иелері шыдай алмай, жойылып кеткен болар еді. Жердің өз осінен айналуы түн мен күннің арнайы жүйемен және қысқа уақытта өзінің орнын бір-бірімен алмастырып, күн батар мезгілде ауаның температурасы төмендеп, күннің шығуымен артуына себеп болады.

Нұр мен жылу адамдар мен тіршілік иелерінің өмірі үшін қажеттілік боғанымен, түннің қараңғылығы мен ауаның төмендеуі де адамдар мен көптеген жаратылыс иелерінің демалуы үшін негіз әзірлейді. Мұның өзі соған азырақ көңіл бөлінетін үлкен нығмет.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Жаратылыс жүйесі мен сонда үстемдік ететін жүйе мен хикметті зерттеуге шақыру таухид пен құдайтанудың ең жақсы жолдарының бірі. Жердің өз осін жүйелі түрде және нақты айналуы және күн мен түннің орнауы Құдайдың құдіретінің кесімді белгілерінің қатарына жатады.

2.Түн демалу үшін, күн жұмыс істеп, талпыныс жасау үшін берілген.

3. Адамдарды жетекшілікке нұсқауға талпыныс жасағанда адамдар өздері ойланып, исламның заңдылығын түсінуі үшін оятатын сауалдарды пайдаланайық.

4. Нығметтерді тану адамды Құдайға шүкір айтуға итермелейді. Жасөспрімдер мен жастар Құдайға ғибадат етуде көбірек қызығушылық таныту үшін оларға Алланың нығметтерін таныстыруға күш салайық. 

«Қасас» сүресінің 74-75 аяттары:

 «وَ یَوْمَ یُنادیهِمْ فَیَقُولُ أَیْنَ شُرَکائِیَ الَّذینَ کُنْتُمْ تَزْعُمُون»، «وَ نَزَعْنا مِنْ کُلِّ أُمَّةٍ شَهیداً فَقُلْنا هاتُوا بُرْهانَکُمْ فَعَلِمُوا أَنَّ الْحَقَّ لِلَّهِ وَ ضَلَّ عَنْهُمْ ما کانُوا یَفْتَرُون»

Сол күні оларға: "Менің серігім деп, ойлағандарың қайда?",- деп, дабыстайды. (74) Ол күні әр үмметтен бір айғақ шығарып: "Дәлелдеріңді әкеліңдер" дейміз. Сонда олар рас, хақиқаттың Аллаға тән екенін біледі де олардың жасанды нәрселері жоқ болады. (75)

Құран осы сүренің 62-аятында баяндалған сауалды тағы қойып: «Осы дүниеде Алланың орнына тағдырлары солардың қолдарында деп ойлап, жаратылыс иелеріне барғандар қияметтің сотында сұралады. Олар өздерін дінге шақыру мен уағыздау міндетіне ие болған әр үмбеттің пайғамбарларының құзырында пайғамбарлар мен әлемнің Пәруәрдігерін танитын мүмкіндіктің болғанына қарамастан, өздері ойдан шығарып алған серіктерінің соңынан ергендері мен хақтан қол үзулеріне байланысты тиянақты дәлел келтіруі керек болады. Өздерінің құдайларының жалған болғандығына сол жерде көздері жетіп, олардың қолдарынан ештеңе келмейтінін түсініп, хақтың тек Құдай мен оның елшілерінің қасында екендігін түсінеді». Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құранның қиямет сахналарын еске салуы иманды адамдар үшін шерк қатері шынайы болғандықтан, егер абай болмаса, олардың да шеркке шырмалатындықтарын ескерту болып табылады.

2. Пайғамбарлар мен Алланың әулиелері –қияметтің сотындағы куәгерлер. Сол сотта Алланың елшісі бізге куәлік етпей, керісінше шапағат тілейтін болсын.

3.Шерк дәлел мен мықты демеуден кенде. Ақыретте перделер сыпырылып, хақ пен ақиқат көрініс табады.