Нау 22, 2017 12:48 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 83-85 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 83 аяты

 «تِلْکَ الدَّارُ الْآخِرَةُ نَجْعَلُهَا لِلَّذِینَ لَا یُرِیدُونَ عُلُوًّا فِی الْأَرْضِ وَلَا فَسَادًا وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِینَ»

Міне ахирет жұрты. Оны жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін. (83)

Алдыңғы бағдарламада Қарунның оқиғасы мен оның тәкәппарлық пен өз байлығына масаттанғаны салдарынан өлгені туралы айттық. Бұл аяттар сол оқиғаның жалпы қорытындысы ретінде былай дейді: «Өздерін басқалардан артық санайтын әрі басқалардан артық болуды қалайтын адамдар қияметтегі орындарының жұмақ болмайтынын білсін. Себебі, жұмақ – пәк, тақуа адамдардың орыны».

Дүниеге салынған байлар мен билік иелерінің сипаттары болып табылатын тәкәппарлық пен үстемшілдік һәм олардың өздерін бейбастақтыққа тартады, һәм олардың байлықтары мен биліктері қоғамдағы бұзақылықтың артуына себеп болады.

Тарихта хазірет Әлидің халыққа билік еткен кезде былай деп айтқаны бар: «Билікті мен артық санаушылықтың құралы етпегім сынды байлық иелері де өздерінің материалды тұрғыдағы артықшылықтарын басқаларға үстемдік етудің құралына айналдырмауы керек».

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Байлық пен билікке иелік бейбастақтық пен бұзақылықтың факторы емес. Бейбастақтықтың кеңеюіне себеп болатын нәрсе – билік пен байлыққа сүйеніп, үстемшілдік пен артықшылық талап ету.

2.Нағыз тақуалық – қарапайым болып, менмендік пен басқалардан өзін артық санамауда.

«Қасас» сүресінің 84 аяты:

 «مَن جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ خَیْرٌ مِّنْهَا وَمَن جَاءَ بِالسَّیِّئَةِ فَلَا یُجْزَى الَّذِینَ عَمِلُوا السَّیِّئَاتِ إِلَّا مَا کَانُوا یَعْمَلُونَ»

Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе, ол жамандықты істегендерге істегендерінің ғана сазайы беріледі. (84)

Алдыңғы аяттың жалғасында бұл аят ақыреттегі жаза мен сыйдың жалпы тәртібіне сілтеме жасап: «Құдай сый берген кезде адамдардың ғамалының құнына емес, өзінің мейірімі мен хикметі негізінде береді. Сол себепті оның сыйының құны адамдардың жақсы істерінің құнынан артығырақ болады. Кейде он есе, жүз есе, кейде тіпті жеті жүз есе, кейде сан жетпейтін мөлшерде береді» дейді. 

Алланың мейірімі мен хикметінің адамның ниетінің пәктігі мен риясыздығына да байланысты екендігі белгілі. Бір ғамалды әртүрлі түрткілер арқылы орындау әртүрлі сыйларға себеп болады.

Бірақ, жаман істерге қатысты Құдай өзінің әділеті негізінде қатынас жасап, жазаны әрбір істің жаман салдарларына сәйкес тағайындайды.

Кейбір адамдардың істерінің салдарлары адам өлген соң да көп жылдарға, ғасырларға созылып, қоғамда бейбастақтық пен күнәнің таралуына себеп болады.

Бұл аят «Құдай жаман іс жасағандарды жазалайды» демей: «Олардың жазасы – өздері жасағанның өзі» дейді. Яғни, адам осы дүниеде не істесе, қияметте нәтижесі мен салдарлары олардың істеріне лайық түрде көрініс табады. Шын мәнінде, олардың қияметте азапқа түсуіне себеп болатын олардың өздерінің іс-әрекеттері.

Осы аяттардан үйренетініміз:

2. Кім жасаса да, ізгі іс – жағымды. Оның осы дүние мен ақыретте сыйы мен сауабы болады.

3.Жақсы ғамал жеткіліксіз. Оны қияметке дұрыс жеткізу маңызды. Көбінесе күнә мен міндетсіну, тәкәппарлық пен менмендік немесе рия адамның ізгі ғамалының жойылып, қияметке жетпеуіне себеп болады.

4.Құдай жақсы істердің сауаптарын өзінің хикметі негізінде бергенімен, күнәһарларды жазалауда өзінің әділеті негізінде қатынас жасайды. 

«Қасас» сүресінің 85 аяты:

 «إِنَّ الَّذِی فَرَضَ عَلَیْکَ الْقُرْآنَ لَرَادُّکَ إِلَى مَعَادٍ قُل رَّبِّی أَعْلَمُ مَن جَاءَ بِالْهُدَى وَمَنْ هُوَ فِی ضَلَالٍ مُّبِینٍ»

(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз саған Құранды міндетті қылған Алла әрине сені қайтар жеріңе (Меккеге) қайтарады. "Раббым, Туралық келтірген кісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі" де. (85)

Осы аят пен «Қасас» сүресінің соңғы аяттары болып табылатын кейінгі аяттар пайғамбарға қаратып айтылып, хазіретті Алланың бұйрығымен Меккеден Мединеге хиджрат етуге міндеттейді.

Көптеген байлық пен билікке ие болған Меккенің мүшіріктері басқа адамдардың пайғамбарға иман келтіруіне рұқсат бермеді. Олар хазіретке иман келтірген адамдарды азаптады. Ол кезде саны аз мұсылмандарды үш жыл экономикалық және әлеуметтік қоршауда ұстап, олардың бастарына ең қиын жағдайды орнатты.

Бірақ, олар өз істерінен түңілген кезде пайғамбарды өлтіруге шешім қабылдады. Сол кезде Құдай оған Меккеден Ясребке хиджрат етуге бұйрық берді.

Пайғамбар бір жағынан Меккеде қалғысы келді. Себебі ол жер хазіреттің туған жері болды, һәм Құдайдың үйі де сол жерде орналасты. Алайда хазірет өзінің шақыруын таратып, кеңейту үшін Меккеден хиджрат етуі керек болды.

Құран осы аятта пайғамбарға қаратып: «Құранды саған түсірген Құдай осы хиджратты саған міндет етті. Сені туған жерің Меккеге қайтаруға уәде береді. Оралу мүшіріктердің орнына өзің мен мүміндер билік пен үкіметке ие болатын жағдайда орын алады» деді.

Аяттың жалғасы пайғамбарға: «Сенің ресалатыңды теріске шығарып, теріске шығаруда табандап тұрғандарға былай деп айт: «Сендер менің ресалатымды теріске шығарғандарыңмен, Құдай қай адамның өзі тарапынан адамдарға жетекшілік ету үшін жіберілгенін, кімнің жолнұсқаушылық пен ағартушылықтың мәйегі екендігін, қай адамдардың адасушылыққа салынып, илаһи жетекшілікті қабылдауға әзір еместіктерін жақсы біледі» деді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Құран аяттарының түсіріліп, оның адамдарға жария етілуі кәпірлердің қарсыласуының соңында пайғамбардың Меккеге хиджрат етуіне себеп болды. Бірақ, Құранның Құдайы пайғамбарға оны қайтадан абырой және құрметпен Меккеге қайтып оралтуға уәде береді. Тура сол уәде орындалып, пайғамбар Меккеге қайтып оралды.

2.Парызды орындау тек намаз оқып, ораза тұтумен ғана шектелмейді. Құран оқып, оны уағыздап, адамдарды соған шақыру да – парыз.