Ұлы тұлғаның алдында 61
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи елдің ғылыми дамуына ерекше көңіл бөледі. Аятолла Хаменеидің қолдаулары Ирандағы ғылыми қозғалыстың дамуына себеп болды. Діни жетекшінің пікірі бойынша, «Ғылыми-технологиялық қозғалыстың жылдамдығы мемлекеттің ең басты мәселелерінің бірі. Сондықтан елдің ғылыми дамуының жылдамдығын ешбір жағдайда төмендетуге болмайды, керісінше күннен күнге алға ілгерілету керек».
Исламдық Иран өткен жылдары санкцияларға қарамастан, ғылым мен технология саласында таңғалдырарлық жетістіктерге жетіп, бүгінде ғылым саласында аймақ бойынша бірінші, әлем деңгейінде 200 мемлекеттің арасында 11-ші орында орналасқан. Иранның ғылыми деңгейінің алға ілгерілеуінің маңызды факторларының бірі бұл елдің медициналық жетістіктері болып табылады. Оларға діңгекті жасушаларды пайдалану, жаңа дәрі-дәрмектер, әсіресе нано-дәрілер шығару және әлем деңгейінде ең жақсы медициналық мақалалар ұсынуы жатады. Қазіргі таңда Иран технология және діңгекті жасушаларды зерттеу саласында дүниежүзінің дамыған 10 мемлекетінің қатарына қосылды.
Ирандық зерттеушілер діңгекті жасушаларды ауыр науқастарды емдеу үшін пайдаланады. Иран діңгекті жасушаларды ми мен сүйек, тері және жүректің зардап шеккен тіндерін емдеуге қолданады. Бұл салада «Раян» зерттеу орталығы ғалымдарының күшімен әсіресе бедеулікті емдеу бойынша табысқа жетті. Осы кезде «Раян» зерттеу орталығы мен Исфаһанда діңкекті жасушалар шығарылады. Марқұм доктор Саид Каземи Аштиани – «Раян» зерттеу орталығын құруға қатысқан ең маңызды адам. Революцияшыл ғалым көптеген талпынысымен діңгекті жасушаларды пайдалану саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Ислам революциясының жетекшісі доктор Саид Каземи Аштианиді еске алып, бұл ғалым туралы: «Доктор Саид Каземи Аштиани иманы және өзінің қажымас талпынысы мен сындарлы басқаруымен шынайы ғылыми зерттеулерді иманымен кемелдендірген ғылыми зерттеу орталығын құруда табысқа жетті. «Раян» орталығы –табысты әрі үлгі болатын ұйым. Осы ісі үшін мен Саид Каземиді жақсы көргем, қазір де жақсы көремін. Оның қозғалысы, жұмыс істеу тәсілі мен басқаруы әркімнің көңілінен шықты. «Раян» Каземи және алғашқы кезде бұл жерде жұмыс істеген оның басқа әріптестерінің көмегімен жұмысын бастап, дамыды. Мен дәл осыны жұмыстың басынан бастап сездім»,- деді. Бүгінде Каземи бедеулікті емдеу және жасушаларды зерттеу саласында елдің іші мен әлемнің зерттеушілерінің арасында танымал. Ислам революциясының жетекшісі өткен бірнеше жылда елде басталған ғылыми қозғалысқа тоқталып: ««Раян» орталығының зерттеушілері ғылым саласында ғылыми даму үшін жағдай жасады. Бұл орталық елдің ғылыми дамуының діңгекті жасушасы болып табылады»,- деп қуаттыды. «Раян» зерттеу орталығының әртүрлі бөлімдері бар. Ислам революциясының жетекшісі «Раян» зерттеу орталығын аралап, бұл ғылыми-дәрмен орталығын табысты әрі ғылым мен иман және талпыныстың жарқыраған нәтижесі деп атады. Аятолла Хаменеи оның әртүрлі бөлімдерін аралауымен бірге, әр бөлімде еңбек ететін дәрігерлері мен мамандарының сөздерін тыңдап, оларға сұрақ қойды. «Раян» зерттеу орталығының әртүрлі бөлімдеріне «діңгекті жасушалар» мен «ұрықтану» лабораториялары кіреді. Сонымен бірге бұл орталықта қарапайым жасушалардың діңгекті жасушаларға айналуы мен діңгекті жасушалардың инсулин шығаратын, бауыр және жүйке жасушаларына айналуы зерттеледі. Бұл ғылыми орталықтың мамандары қарт адамдардың жұлындарындағы діңгекті жасушалардың айырмашылығы мен олардың сүйек пен шеміршек тінін емдеу мақсатында сүйек және шеміршек жасушаларын зерттеумен айналысады. «Раян» орталығының келесі ғылыми жұмыстарының біріне эмбрионалдық жасушаларды пайдалану арқылы клондау жатады. Ирандық ғалымдар осы салада қойды клондады. «Раян» ғылыми орталығының артықшылықтарының бірі кіндік қанының банкі саналуында. Нәрестенің кіндік қаны – діңгекті жасушалардың бай қорларының бірі. Сондықтан оны сақтау жазылмайтын ауруларды емдеуге көмектеседі. Ислам революциясының жетекшісі «Раян» зерттеу орталығын аралап, бұл орталықтың инженерлік, медициналық, іргелі ғылымдар, ауылшаруашылығы мен гуманитарлық ғылым топтарының жобалары мен жұмыстары және ғылыми жетістіктерімен танысты. Өнеркәсіптік зауыттардағы ауаның ластығын тазарту жүйелерін жобалап, жасау, бұрғылау, қондырғылардың электр жүйесін бақылау жобалары, MW және FM қуатты радиотаратқыштар жасап шығару және ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп-өндіру мен биоинженерлік салалардағы жобалар «Роян» орталығында атқарылатын шаралардың қатарын құрайды. Аятолла Хаменеи сонымен бірге «Раян» орталығының бедеулік дәрмен бөлімін де аралады. Бұл бөлімнің жұмыстары саны мен сапасы тұрғысынан әлемдік стандарттарға сай әрі дүниежүзіндегі ең жақсы емдеу орталықтарымен бәсекеге түсе алады. Хазірет орталықтың әртүрлі бөлімдерінің басшыларымен кездесуінде осы уақытқа дейін шамамен 70 мың жұбайдың осы орталыққа тіркеліп, емделгені, сонымен бірге орталыта жүздеген шетелдіктің де көмекке жүгінетіндігі айтылды. Санкциялар кезеңінде діңгекті жасушалар ғылымына қол жеткізу исламдық Иран үшін үлкен мақтаныш саналады. Бұл ғылым емі жоқ деген ауруларды емдеуге көмектесіп, адамзаттың алдынан жаңа дарбазаларды ашты. Бұл ғылым әлі өз жолының басында болғанымен, орталықтың дәрігерлері мен мамандары науқастардың емге көнбейтін дерттерін емдеуде маңызды әсер етуде. Иранның зерттеушілері жүрек пен бауырдың жеткіліксіздігі, диабеттегі артериалдық кемістіктерді емдеу үшін діңгекті жасушаларды пайдаланады. Емге көнбейтін ауруларды емдеу мақсатында Иранның эмбрион клеткаларын пайдалану технологиясына қол жеткізуі ирандық зерттеушілердің медициналық саладағы табыстарының бірі болып табылады. Діңгекті жасушаларды клондау мүмкіндіктері көптеген ауруларды емдеуде сындарлы рөл атқарды. Қазіргі таңда Иран діңгекті жасушаларды көздің мүйізгек қабығын трансплантациялау үшін пайдаланады. Сонымен бірге кіндіктің діңгекті жасушалары обыр ауруын немесе жүрек, жүйке және сүйек жасушалары мен жұлынның зақымдарын емдеу, клондау және эмбриондық діңгекті жасушалар өндіру үшін пайдаланылады. Бүгінде эмбриондық діңгекті жасушалар мен клондау ғылымы жергілікті ғылымға айналды. Өткен жылдардағы қой, ешкі және бұзау сынды малдарды клондаудағы табыстары Иранның діңгекті жасушаларды пайдаланатын мемлекеттердің қатарына қосылуына себеп болды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жергілікті зерттеушілер мен ғалымдардың талпыныстарына алғыс айтып: «Елдің бірнеше жас ғалымы діңгекті жасушаларды зерттеді. Біз оларға қолдау көрсеттік. Нәтижесінде, осы сала бойынша дүниежүзінің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылдық. Нанотехнология туралы пікірталастар да осы мәселелердің бірі. Бұл пікірталастар ғарыш зымырандары мен жер серігін тасымалдайтын зымырандарға, сондай-ақ әскери зымырандарға да қатысты. Бұл жұмыстар ынта мен талпыныс және бәсекеден басталды. Айтайын дегенім, елдің деңгейінде қабілет, дарын мен мүмкіндіктер шексіз. Біз өте көп алға ілгерілей аламыз»,- деді. Діни жетекші сөзінің жалғасында исламдық республиканың дұшпандарына назар аударып: «Отаршылардың Иран халқын кемсіту және әлсіз етіп көрсету талпыныстары өткен ғасырларда жергілікті көптеген мүмкіндікті пайдалануға кедергі тудырды. Алайда, эмбриондық діңгекті жасушаларды шығару әрі көбейту сол бөгеттерді бұзып, Иранды өзінің адами ресурстарының шексіз мүмкіндіктерін пайдалануға жақындатты»,- деді.