Сәу 15, 2017 21:23 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 62

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кітап пен кітап оқудың маңыздылығы туралы: «Кітап оқу – білімге жеткізетін жалғыз жол. Одан басқа жол жоқ. Егер кітап оқылмаса, білім де болмайды. Адамдары кітап оқымайтын қоғам үлкен шығын көреді. Кітап оқитын, кітапті жақсы көретін адам жаңа нәрселерді үйренеді»,- деді.

Егер ғылым мен білімді қалаға теңесек, бұл қаланың дарбазасы кітап пен кітап оқу саналады.  Білім қаласына кіруге рұқсатты адамдарға кітап береді. Адамдары кітап оқуды жақсы көретін қоғамды білімді деп айтуға болады. Шын мәнінде ғылым мен технологияның, әсіресе әр қоғамның мәдениетінің дамуы сол қоғамның адамдарының білім деңгейіне қатысты. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кітап пен  кітап оқудың маңыздылығы туралы: «Кітап оқу – білімге жеткізетін жалғыз жол. Одан басқа жол жоқ. Егер кітап оқылмаса, білім де болмайды. Адамдары кітап оқымайтын қоғам үлкен шығын көреді. Кітап оқитын, кітапті жақсы көретін адам  жаңа нәрселерді үйренеді»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, кітап ерекше рөлге ие, әрі кітаптің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Ол сан рет өз сөзінде кітап оқуды маңызды деп бағалап, халықты кітап сатып алу үшін қаржы жұмсауға шақырды. Кітап пен кітап оқуға қатысты аятолла Хаменеи исламдық Иранның мақтан тұтарлық тарихына тоқталып: «Иранның әйгілі ғалымдарының жетістіктері кезінде әлем бойындағы ғылымның дамуына себеп болды. Исламдық Иранның тарихы ежелден бірнеше ғасырлық өркениеті мен көптеген ғылыми-мәдени орталықтары, үлкен кітапханалары, әйгілі тарихи құнды еңбектерге ие ғалымдарымен үкіметтер мен халықтардың көшбасшысы болып, әлемдік мәдениет пен өркениет салаларында жарқырады. Дүниежүзінде Абу Әли Сина, Хорезми, Абурайхан Бируни мен тағы да басқа ирандық ғалымдармен, сонымен қатар Сағди, Хафиз, Фирдауси, Моулави сынды әйгілі ақындармен таныс болып, олардың еңбектеріне тағзым етпейтін адам бар ма? Бұл әйгілі тұлғалар әр ирандықтың мақтанышы емес пе? Олар біздің халықтың әртүрлі кітаптар мен еңбектерді оқу арқылы білім мен ғылымды үйренгісі келетіндігінің үлгісі»,- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында Иранда орта есеппен кітап оқудың төмен болуына тоқталып, наразылық білдіріп, ирандық жанұяларда кітап оқудың арта түсуіне үміт білдіріп: «Бүгінде кітап оқу мен білім алу – тек ұлттық ғана емес, діни міндет»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, кітаптың сыр мен құпияға толы дүниесіне ену мәдениеттендіруді қажет етеді. Кітап оқу мәдениеттендірілген жағдайда әдетке айналады. Кітап оқу – жанұя ортасынан басталатын әдемі әрі жағымды мәдениет. Психологтар бұл мәселеге тоқталып, егер баланың кішкентай кезінен ата-анасының кітап оқитынын көрсе, өз еркімен кітап оқуға бет бұратынын айтады.  Сол себепті аятолла Хаменеи бұл туралы отбасыларға: «Ата-аналар басынан бастап, перзенттерін кітап оқуға үйретуі керек. Тіпті кішкентай балалар кітапты жақсы көруі қажет, сондықтан, кітап сатып алу – жанұяның негізгі жұмсайтын қаржысы болғаны жөн»,- деген насихат айтады. Аятолла Хаменеидің өзі кітапты көп оқыиды. Хазірет осы уақытқа дейін мыңнан астам кітап оқыды. Әлемнің әйгілі романдары, тарихи әсіресе Ислам тарихы туралы кітаптар мен басқа да әртүрлі кітаптар діни жетекшінің оқыған кітаптарының қатарына жатады. Ол өз отбасысының өмір сүру тәсілі мен жанұялардың кітап оқуының маңыздылығы туралы: «Біздің отбасымыздың барлық мүшесі күнде кешке кітап оқиды. Менің өзім де кітап оқимын. Ұйықтағанша кітап оқимын. Үйімізде барлық адамдардың қолынан ұйықтардан бұрын кітап  көруге болады. Мен ойымша, барлық ирандық отбасылар осындай болулары керек. Мен осылай болғанды армандаймын. Ата-аналар басынан бастап, перзенттерін кітапқа үйретуі керек. Тіпті, кішкентай балалардың да кітапты жақсы көргені жөн»,- дейді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің тоқталған келесі мәселесі бос уақытты пайдалану мәселесі болды. Ислам революциясының жетекшісі кітаптың оқырманы болу жолдарының бірін бос уақытты пайдалану деп атап: «Менің халықтан өтінетінім, мәселен, автобус пен таксиде немесе дәрігерге кіретін кезек күтіп отырған кез сияқты бос уақытта кітап оқыңыздар. Сөмке немесе қалталарыңызда кітап болсын. Автобуске отырған кезде кітап оқыңыздар. Баратын жерлеріңізге жеткен кезде белгілеп қойып, келесі бос уақыттарыңызда оқуды сол жерден жалғастырыңздар. Мен бірнеше кітапты автобуста отырып оқып шықтым. Бұл оқиға революцияға дейін орын алған болатын. Мен жұмыспен бірнеше күнге Мешхедтен Теһранға келген едім. Бір жерден басқа жерге автобупен жеткенше шамамен бір сағат уақыт алды. Бұл сағаттар бос кетпесін деп, кітап оқыдым.  Барлық адамдар осылай жасауы керек. Кейде адам телевизордың алдында отырып, фильмнің басталуын күтеді. Телевизор жарнама көрсетіп, олар кейде 20 минутқа дейін созылады. Кейбір адамдар үшін бұл жарнамалар қажет, басқалар үшін керек емес. Сондықтан  20 минутты неге бос кетіресіздер? Бір кітапты қолдарыңызға алып, 20 минут оқыңыздар. Егер біздің халық бос уақыттарын кітап оқуға пайдаланса, қоғам көп алға жылжып, елдің мәдениеті алға ілгерілейді»,- деді.  Ешбір өркениет кітапсіз пайда болмайды. Барлық мәдениеттер кітаптан басталып, кітаппен дамиды. Қасиетті ислам діні кітаптан ең көп пайда көрді. Өйткені исламның ұлық пайғамбары өзінің пайғамбарлық міндетін Алла тарапынан айтылған «Оқы» деген бұйрықпен бастады. Дәл осы қасиетті мәдениет Алла Тағала қаламмен ант етіп, соңғы пайғамбарының мұғжизасы ретінде кітапты қалыптастырып: «Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен»,- деді. («Әлақ» сүресі, 3-4-ші аяттар). Аятолла Хаменеи исламның кітап оқуды маңызды санайтыны туралы айтып, Құран аяттарына тоқталады. Ол Құрандағы ойланатын адамдардың ерекшеліктері туралы еске салады: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» («Зүмәр» сүресі, 9-шы аят). Кейбір адамдар ғибадатты сылтауратып, кітап оқып, білім алуды шетке қояды. Олар бақытқа сауапқа ие болу жолы арқылы жетуді ойлайды. Білген мен білмегеннің арасында қашықтық бар. Бұл қашықтық тек кітап оқып, білім алу арқылы ғана толады. Аятолла Хаменеидің айтуынша, «Кітап – білім әлемінің дарбазасы».

 

Тегтер