Maм 01, 2017 17:27 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 64

Исламдық ой-пікірлер бойынша әділет – істердің арасында теңдік орнату, яғни әр адам және әр нәрсе өзіне тиесілі үлесіне ие болуы керек. Әділетке қарсы – зұлымдық. Зұлымдық деген адамның құқығын бермей, тартып алу. Сонымен бірге әділетке қарсы кемсітушілік орналасып, құқықты алалау деген болады.

Негізінде әділет табиғи іс және адамзаттың негізгі қажеттіліктерінің бірі саналатындықтан,  барлық адамд соған жетуге талпынады. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи әділетті құқықпен араласқан кең ауқымды түсінік санап, бұл маңызды мәселе туралы: «Әділет сырт көзге қарапайым көрініп, барша оны қайталайды. Алайда іс жүзінде әділетке жету оңай емес. Құқық туралы имам Әли (ғ.с.) «Құқық сөзбен айтқанда кең түсінік болса, іс жүзінде жіңішке» деп айтқандай,  әділет те осыған ұқсас, өйткені әділет пен құқық бір-бірінен ажырамайды. Басқаша айтқанда, құқық әділеттің, әділет құқықтың өзі.  Оны сипаттау оңай, бірақ іс жүзінде әділетке жету қиын. Тіпті, әділетті дұрыс танудың өзі оңай емес»,- деді. Қоғамдық әділет адамзат өмірінің маңызды факторларының бірі. Аятолла Хаменеидің пікіріне сәйкес, қоғамдық әділет үш негізге сүйенеді. Сондықтан қоғамдық жүйенің сәулетшілері мен жобалаушылары  әрқашан оны ұмытпауы керек. Бірінші негіз – әділет негіздері. Исламның қолдаушыларының пікірінше, бұл әділ заңдар  тек исламның заңдары болып табылады. Өйткені, Исламның заңдары Алланың уәһиінен тамырланып, әлемнің барлық сыры мен құпияларына ие Алла исламдық қоғамның заңдарын әлемнің табиғаты мен болмысының заңдарына сай қалыптастырады. Егер,  илаһи заңдар іске асырылса, шынайы әділет орнатылады. Екінші негіз – заңдарды орындайтын күштер. Егер заң әділ болғанымен, оны іске асыратын күш болмаса,  қоғамдық әділет орнатылмайды. Егер, адал іске  асырушылар болмаса ең жақсы деген заңдар босқа қалады. Мәселен, өткен ғасырларда мұсылмандар өмір сүретін қоғамдарда Ислам дінінің заңдары  іске асырылмады. Исламның пікірінше, заңдарды іске асырушы басшылар, әсіресе заң органының басшысы әділ, тақуа әрі заңдардың іске асырылуын бақылайтын адам болғаны жөн. Алайда, үшінші негізде әділетті іске асырушы халық болып табылады. Қоғамда шынайы әділет орнатылуы үшін халық қоғамдық сахнаға жаппай қатысуы қажет. Олар өз құқықтарын түсініп, құқықтарын қамтамасыз ететін әділет орнатуды талап етеді. Ислам іске асырушы әділ болсын демейді. Бірақ халық түсінгісі келсе де, келмесе де, қаласа да қаламаса да  олардың құқықтарына қатысты әділет қалыптасады. Ислам халық өз құқықтарынан хабардар болып, оларды қайтаруды талап етуі керек, ал әділеттің орнатылуы олар үшін кепілдік» деп санайды.  Ислам дінінде кедейшілікті жою, таптар арасындағы қашықтықты азайту, адамдарға тең мүмкіндік беру қоғамдық әділеттің  басты мәселелері саналады. Сондықтан аятолла Хаменеи  кедейшілікті жою және қоғамның әлсіз таптарының қиындықтары жеңілдетуді исламдық үкіметтің маңызды міндеттері деп атап: «Біздің көзқарасымыз бойынша әділет таптық қашықтықтар мен географиялық қашықтықтарды азайту. Өйткені, аймақтың географиялық тұрғыдан орталықтан алыс орналасуы бұл аймақтың мақұрым қалуына себеп болмауы керек.  Бұл әділет емес. Таптық және географиялық қашықтықтар жойылып, мүмкіндіктерді тең пайдаланатын жағдай жасау керек»,- деп, үкімет басшыларына елдегі кедейшілікті жоюды өз бағдарламаларының басты мәселелері ретінде қарастыруға кеңес берді. Әр халық пен әрбір мектеп жаратылыс пен адамның жаратылуының,  сонымен бірге адамның кемелдігі мен мақсатының шындығынан хабардар болып, әділетке басқалардан айырмашылыққа ие сараптама жасады. Батыстың заманауи ойларында  әсіресе либерализм мен инвестицияның азат нарығын қолдаушылардың көбі қоғамдық құндылықтар мен даму және азат экономиканы алға ілгерлетудің нәтижесі әлсіз таптардың мүддесіне болады деп  ойлайды. Бірақ Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи мұндай пікірді исламдық ойларға қайшы санап: «Біз дүниежүзінде таралған кейбір саясаттар бойынша елдің ішкі өнімі мен байлығын арттыру және әділет туралы ойлайтын адамдар емеспіз. Негізінде, біз әділетті экономикалық дамумен бірге қалыпастырғымыз келеді. Кейбіреулер біз алдымен дамумен айналасып, лайықты деңгейге жеткен кезде ғана қоғамдық әділет орнатумен айналысуымыз керек дейді. Бұл исламдық ой емес. Біз тұрмысты жақсарту мен алға ілгеруге қатысты әртүрлі жұмыстарды әділет орнату үшін қажет етеміз. Барша  қоғамның жақсылығын пайдаланып, кейбіреулер мақұрым қалмас үшін қоғамда әділет орнатуды көздейміз. Әділет орнатылған қоғамда ғана адамдар дамиды. Сондықтан әділет адамның кемелдікке жетуі үшін қажет уәжіп бастамалардың бірі болып табылады»,- деді. Тауһид рухы мен ахлақ, руханият және ғибадатқа шақыру исламдық тағылымдардың негізгі факторлары болып, адамды исламдық ой-пікір бойынша  қоғамдық әділеттің жалғыз өзі  исламдық қоғамның ерекшеліктерін қамтамасыз ете алмайды деген маңызды нәтижеге жеткізеді. Өйткені шынайы әділет рухани мақсатпен  бірге жүреді. Тәжірибе әділетті орнату үшін рухани және діни қолдауды қажет ететінін көрсетті. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша әділетке жету үшін Жаратушы, қиямет және қоғам деңгейіндегі руханият туралы сенім қоғамда таралуы керек. Аятолла Хаменеи: «Әр адамның өзіне әділ қарауы күнәдән алыстап, Жаратушының алдында қарапайым болуға, бұл мәселе қоғамдық әділетті орнатуға көмектеседі»,- деп айтқан болатын. Ол сонымен бірге  үкімет басшылары мен қоғамдық әділет орнатушылардың руханияты мен ақылын қуаттап: «Әділетте ақыл мен руханиятқа назар аудару керек. Руханиятпен бірге болмаса, әділет бос ұранға айналады. Адамдардың көбі әділет туралы айтады, бірақ ол руханиятпен бірге болмаған соң саяси мәселеге душар болады. Егер, әділетте ақыл болмаса, өзіне қарсы мәселеге айналуы мүмкін. Әділеттің ақылға сай болуы – бірінші шарт»,- деді. Егер әділет ақылға сай болмаса,  әділет болмайды. Егер, адамда ақыл мен қырағылық болмаса, адасып, қателікке ұрынуы мүмкін. Сондай-ақ, әділет жоқ жерде әділет бар деп ойлайды. Кейде керісінше, әділет қалыптасқан нәрсені көрмейді. Содықтан ақыл мен есеп әділетке жетудің шарттарының қатарында саналады.