Maм 09, 2017 16:14 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 65

Әділет – илаһи діндерде ғана емес, илаһи емес діндерде де ерекше көңіл бөлінген түсінік. Исламда әділет Құран Кәрімнен тамырланады. Құранның 29 аятында әділет туралы тікелей айтылған. Шамамен 290 аятта зұлымдық туралы айтылған. Бұл аяттардың да әділетке қатысы бар. Осылайша, әділеттің маңыздылығы мұсылмандардың қасиетті кітабі Құранда көрсетілген. Негізінде, исламдық қоғамның жүрегіне әділеттің дәнін сепкен Құран.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи әділеттің маңыздылығы туралы: «Барлық талпыныстар әлемде әділет орнатуды мақсат етуі керек. Егер әділет қамтамасыз етілсе, адамның құқығы мен адамзаттың абыройы қамтамасыз етіліп, адамдар құқықтары мен азаттыққа жетеді. Әділет оның орнын еш нәрсе толтыра алмайтын фактор»,- деп қуаттады. 

Әділет лексикалық тұрғыдан адалдық, сот төрелігінің әділдігі және қоғамның барлық адамдарының әлеуметтік құқығы. Тарих бойында әділет орнату саласында көптеген талпыныстар жасалып, әртүрлі революциялар орын алды. Тарихтың ғибрат алатын оқиғаларына жасаған шолу әділеттің халықтың тек бір арнайы тобының немесе тек бір ел халқының қалауы ғана емес, бүкіл адамзаттың табиғи және тарихи қалауы екенін көрсетеді. Иран халқы патшалық режим мен әлемдік үстемдіктің зұлымдығы мен зорлық-зомбылығынан босау үшін 1979-шы жылы Ислам революциясын жасады. Бұл халықтың мақсаты қоғамда илаһи заңдарды іске асырып, зұлымдық пен кемсітушілікті жойып, қоғамда әділет орнату болды. Қоғамда әділет орнату Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің мақсаттарының бірі болды. Қазіргі таңда аятолла Хаменеи де осы мақсатқа жетуді көздеуде.  Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Исламның атымен құрылған бұл елдің әскери-исламдық жүйесінде бүгін барлық мәселеден маңызды не деген сауал қойып, оның әділет екендігін баса айтты. Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісінің пікірі бойынша, барлық жолдар мен мүмкіндіктерді пайдаланып, қоғамда әділет орнатуға болады. Ислам революциясының жеңісінен бастап, Иранда қоғамның әртүрлі таптарының тұрмысын жақсарту үшін көптеген талпыныстар жасалды.  Аятолла Хаменеи ел басшыларына: «Әділет орнату үшін көптеген жұмыс жасалды. Бірақ олар қанағаттанарлықтай емес... Біз әділетті арттыруды қажет етеміз. Біз қоғамда зұлымдықтың болмағанын қалаймыз. Бұл мақсатымызға әлі жетпедік. Сондықтан үздіксіз талпыныс жасауымыз керек.  Біз қоғамда әділет пен ахлақты орнатып, қоғамды шынайы исламдық қоғамға айналдыруымыз қажет. Бұл жұмыс, талпыныс, иман, адал еңбек пен Алланың жолындағы жанпидалықты қажет ететді. Әділет әлемнің ешбір жерінде сөз жүзінде орнатылмайды. Халық әділетті сезу үшін ел басшыларының ең маңызды міндеті қоғамда әділеттің мағынасы тарату саналады. Заң, сот, елдің табиғи ресурстарын бөлу, қарым-қатынас орнату және адамдардың елдің мүмкіндіктерін пайдалануында әділет болуы қажет»,- деді. Әділет орнату қиын жұмыс. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, әділетті білікті, діндар және кемеңгер адамдар орнатады. Ислам революциясының жетекшісі әділет, руханият пен кемеңгерліктің арасындағы байланысқа тоқталып, тек осы сипаттарға ие адал адамдар ғана әділетті орната алады деп санайды. Иранда сот органы, яғни Жоғары сот басшыларының негізгі міндеті әділет орнатып, жәбір көргендердің құқықтарын залымдардан қайтару болып табылады. Алайда діни жетекшінің пікірінше, әділетті орнатуға барлық жоғары лауазымды басшылардың жұмысы маңызды әсер етеді. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Ел басқаратындардың ахлақи және діни саулығы қоғамда әділет орнатуға маңызды әсер етеді. Егер басшылар сән-салтанатты өмір сүруге бет бұратын болса, қоғамда әділеттің орнатылуына теріс әсер етеді»,- деп, артық талап етудің басшылар үшін тыйым салынған мәселе екенін қуаттады. Аятолла Хаменеи сән-салтанатты өмір сүру мен әділеттің қарым-қатынасы туралы: «Қоғамның әділетке қарай алға ілгерілеуін бәсеңдететін мәселелердің бірі елдің жоғары басшыларының сән-салтанатты өмір сүруге бет бұруы болып табылады. Сән-салтанатты өмір сүрудің екі кемшілігі бар. Екінші кемшілік бірінші кемшіліктен артығырақ. Бірінші кемшілік – ысырапшылдық. Екіншісі – сән-салтанатты өмір сүруді мәдениеттендіру. Бұл мәселеде басшылардың әсері маңызды. Телеарна көп әсерін тигізеді, мен және сіздер көп әсер етеміз»,- деді. Дүниеқұмарлар әділет орната алмайды.  Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейни де сән-салтанатты өмір сүруді еш уақытта қабылдамады. Ол мақұрымдар мен әлсіз таптарды қорғады. Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің бұл ерекшелігі туралы: «Ол баршаны сарайларда өмір сүруден тартынуға шақырып, сан рет әлсіз таптарды қолдауды  және халықтың мүлкін дұрыс пайдалануды қуаттады. Бұл басты мәселелердің бірі. Қоғамдық әділет мақұрымдарды қолдау және сән-салтанатты өмір сүруден тартыну имам Хомейнидің айқын ерекшеліктерінің бірі болды»,- деді.  Қоғамдық әділет орнату басшылардың негізгі міндеті болғанымен, халық оны талап етуі керек. Ислам дінінде қоғамдық әділет талап ету әр адамның міндеті болып табылады. Залымның алдында үнсіздік қалу, яғни зұлымдықты қабылдау Ислам дінінде жағымсыз іс-әрекет саналады. Ислам революциясының жетекшісі әділет талап етудің маңыздылығы туралы: «Әділет талап ету – өте маңызды мәселе. Оның орнатылуын шынайы түрде талап ету қажет. Біз әділет диалогының шынайы диалог болғанын қалаймыз. Көрнекті адамдардың, басшылардың, халықтың арасында, әсіресе жас ұрпақтың арасында әділет мәселесі негізі мәселе ретінде әрқашан баяндалғаны жөн»,- деп баса айтты. Бүгінде студенттік ұйымдар әділетті, әсіресе қоғамдық әділетті көтеріп, оған ерекше назар аудартуда. Олар басшылардың өмір сүру тәсілдеріне де көңіл бөледі. Аятолла Хаменеи студенттік ұйымдардың, әсіресе әділет талап ететін қозғалыстардың  іс-әрекеттерін қолдап, оларға: «Ардақты жастар, әділет талап етудің туы әрқашан илаһи пайғамбарлар мен олардың адал жақтастарының қолында болды. Бүгін және әрқашан бұл тудың астында жиналу илаһи елшілердің жеңістерінің белгісі»,- деп қуаттады. Әділет талап етіп, зорлық-зомбылыққа бағынбау илаһи жолдауларды жеткізушілердің көркем тағылымдарына жатады. Имам Мәһди (ғ.с.)-ды күтушілер бүкіл әлемде әділеттің орнатылуын күтуде. Олар жәбір көрген және босқынға айналған барлық халықтарды қантөгіс пен соғыстан және аштықтан құтқарып, бүкіл адамзатқа бақыт әкелетін әділеттің орнатылуын күтуде. Иран Ислам революциясының жетекшісі  имам Мәһди (ғ.с.) келіп, әлемде әділет орнатады деген үмітпен ел басшыларына: «Егер біз зұлымдық таралған дүниеде әділет туын көтере алсақ, халықтардың, тіпті мұсылман емес халықтардың жүректері Исламға қызығушылық танытатын болады. Өйткені барша әділетті күтуде»,- деді.

 

Тегтер