Ғанкабут сүресі, 716-шы бөлім, 67-69 аяттар
"Ғанкабут" сүресінің 67-69 аяттарының тәпсірі
«Ғанкабут» сүресінің 67 аяты:
«أَوَلَمْ یَرَوْا أَنَّا جَعَلْنَا حَرَمًا آمِنًا وَیُتَخَطَّفُ النَّاسُ مِنْ حَوْلِهِمْ أَفَبِالْبَاطِلِ یُؤْمِنُونَ وَبِنِعْمَةِ اللَّـهِ یَکْفُرُونَ»
(Мекке халқы) маңындағы адамдар тарапынан ұрланып жатқанда Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді көрмеді ме? Сонда бос нәрсеге сеніп, Алланың нығметіне күпірлік ете ме? (67).
Арабтардың арасында шапқыншылық пен тонау кең таралған уақытта бір тайпаның адамдары келесі бір тайпаның адамдарына басқыншылық жасап, адамдарды өлтіріп, кейбіреуін тұтқындыққа алатын. Құдай Мекке қаласының тұрғындары құрметті саналып, Меккеге біреудің шабуыл жасауға батылуы бармауы үшін Меккені қауіпсіз мекенге айналдырды.
Пілге мінген Абраһенің қарулы әскері шабуыл жасаған оқиғада басқыншылар Алланың құдіретімен Меккеге енбестен бұрын аспаннан төнген құстардың шабуылына ұшырап, өлген болатын.
Осы аят Меккенің мүшіріктеріне: «Құдай осындағы нығметті сендерге нәсіп еткеніне, тыныштықта өмір сүргендеріңе қарамастан, неліктен пұттарға табынасыңдар? Жалғыз Құдайға иман келтірудің орнына неліктен пұттарды іздейсіңдер? Сендердің істерің Алланың нығметіне күпіршілік білдіру емей, немене?» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Қауіпсіздік – Алланың үлкен нығметтерінің бірі. Оған шүкіршілік ету кез келген шерк пен күпіршіліктен алыстатады.
2.Алланың нығметтерін еске алу адамдарды бір Құдайға шақыру үшін негіз дайындайды.
«Ғанкабут» сүресінің 68 аяты:
«وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَى عَلَى اللَّـهِ کَذِبًا أَوْ کَذَّبَ بِالْحَقِّ لَمَّا جَاءَهُ أَلَیْسَ فِی جَهَنَّمَ مَثْوًى لِّلْکَافِرِینَ»
Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шьндыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе? (68)
Адамзаттың мәдениетінде зұлымдық қоғамдық байланыстар арқылы түсіндіріледі. Соның негізінде залым деп басқа адамдардың құқығын зая ететін адамды атайды. Бірақ, діни мәдениетте зұлымдықтың бұл түрі қатаң айыпталғанымен, басқа көптеген зұлымдықтардың тамыры болып табылатын ең маңызды зұлымдықтың бір түріне де сілтеме жасалған. Егер адам пұт немесе басқа да нәрселерді Құдайға серік етіп қосса, Құдайға зұлымдық жасаған болады. Себебі Құдайға тең емес нәрсені онымен бір санады.
Алланың пайғамбарларын өтірікші санап, олардың ресалаттарын теріске шығарғандар сол ұлыларға зұлымдық жасады. Өйткені, олардың адамзатқа жетекшілік етудегі қажымас еңбектеріне көзжұмбайлық танытып, үлкен нығметке күпірлік білдірді.
Қарапайым адамдарға жасалған зұлымдықтың жазасының қияметте ауыр, ал пайғамбарларға зұлымдық жасаудың жазасының одан да қатаң болатындығы белгілі.
Шерк әртүрлі формаларда көрінуі мүмкін: пұтқа табыну немесе мансапқұмарлық, нәпсіқұмарлық, ақшаны жақсы көру. Сол себепті мүміндер де шерктің осы түрінің қатері төніп тұрғандықтан адамды Құдайдан алыстататын факторлардан жүректері мен жандарын тазалауы керек.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Ең жаман зұлымдық – мәдени зұлымдық. Соның негізінде хақ сөзі теріске шығарылып, басып-жанышталып, жалған сөз тарайды. Хақты теріске шығаратын залым адам оған мойынсұнбайды.
2.Дінге бір нәрсе қосып, онымен өзінің талғамдарын байланыстыру дінге бедғат енгізу әрі Құдайға жала жабу саналады. Дін тағылымдарын өзіміздің ой-пікіріміз бен іс-әрекеттеріміз және талғамдарымызға тәуелді етудің орнына соларға табанды болайық.
«Ғанкабут» сүресінің 69 аяты:
«وَالَّذِینَ جَاهَدُوا فِینَا لَنَهْدِیَنَّهُمْ سُبُلَنَا وَإِنَّ اللَّـهَ لَمَعَ الْمُحْسِنِینَ»
Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас, Алла жақсылық істеушілермен бірге. (69)
«Ғанкабут» сүресінің соңғы аяты саналатын осы аят Құдай жолындағы дұшпанмен күреске, һәм Құдай жолында талпыныстар саналатын джиһад пен күреске тоқталады.
Ислам мәдениетінде джиһад ішкі және сыртқы дұшпанмен күресті қамтиды. Мүмін Құдайдың дінінің дұшпандарымен күресіп, осы жолда жанқиярлыққа әзір болуы керек. Сонымен қатар өзінің заңсыз нәпсілік тілектерімен күресуі керек.
Осы аят қуаттайтын іс – Құдай жолындағы және Құдай үшін джиһад. Адамдар діннің дұшпандарымен күрескенімен, олардың мақсаттары атақ, даңқ немесе осы дүниедегі кейбір артықшылықтарға қол жеткізіп, соғыс олжасын иелену болады.
Егер джиһад пен талпыныс Құдай жолында жасалса, Құдай осы аятқа сәйкес, оларға һәм жетекшілік жасауға, һәм қолдауға уәде берген. Мақсатқа жету жолында үнемі көптеген кедергілер мен қиындықтардың шығатыны табиғи іс. Кейде олармен күрес жолын танып, жеңу қиын. Сол себепті Құдай сол қиын позицияда сендерге дұрыс жолды танып, қиындықтарды жеңуде жәрдемдесіп, қолдау уәдесін берді.
1. Құдай баршаға бұйыратын жалпы жетекшілікпен қатар адал, жігерлі адамдарға арнайы жетекшілік етеді. Алайда алғашқы қадамды адамның өзі жасауы керек.
2. Істі егер шынайы ниет және түрткімен бастасақ, Құдай бізге табысқа жету жолында жол нұсқап, жалғыз қалдырмайды.
3. Егер адам Құдай жолында қадам жасап, өзінің барлық талпынысын осы жолға арнаса, мақсатқа жеткенше Құдай оның қолынан ұстап, жәрдемдеседі.