Maм 24, 2017 16:22 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 66

Жиһад – әртүрлі тармақтарға ие және барлық діндер насихаттайтын жағымды іс-әрекет. Жиһад сөзі талпыныс және бүкіл күш пен мүмкіндікті пайдалану деген мағынаны білдіреді. Адам өз мүмкіндігін пайдаланып, белгілі мақсатқа жету жолында қиындықтарға төзетін болса, жиһад жасағаны.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Жиһад өмірдің барлық салаларында көрініс табады. Жиһад – қажымас талпыныс, алға ілгерілеу және келешектен үміттену»,- деген.  «Жиһад» – соғыс пен қантөгіс емес. Исламда жиһад шабуылды залалсыздандыру немесе әділетсіз жүйеден жәбір көргендерді құтқару дегенді білдіреді. Исламда мазлұм халықтар көмек сұраған кезде оларға мән бермеуге, олардан бұрылып кетуге рұқсат етілмеген. Исламда жиһадтың көптеген маңызы ескерілген. Өкінішке орай, бүгінгі дүниеде жиһад термині жалдамалы және лаңкестік топтардың қолындағы құралға айналған. Олар Ирак пен Сирия және Йемен мен басқа да елдерде жазықсыз адамдарды рақымсыз қырып жойып, соны жиһад деп атайды. Такфиршіл уаһабшылар жиһадтың шынайы мағынасына соққы берді. ДАИШ лаңкестік тобы жиһадтың атын жамылып, ең сорақты қылмыстарын іске асыруда. Жиһад – адамды алға ілгерілетіп, оны мақсатына жеткізетін әсерлі талпыныс. Ғалымдар мен өнертапқыштардың қажымас талпыныстарын ғылым саласындағы жиһад деп атауға болады. Аятолла Хаменеи: «Адамзат  қоғамының заңдары бойынша әрбір қоғамның ғиззаты, құдыреті, абыройы мен болмысы күрес пен талпыныстарға байланысты. Халықтарды әлем халықтары арасында беделді ететін – күрес пен талпыныс»,- деді. Жиһадтың әртүрлі тұрғысы бар: экономикалық жиһад, мәдени жиһад, қайта құру жиһады және тағы басқа жиһадтар. Бірақ ислам дініндегі ең жақсы жиһад – нәпсімен күресу. Материалдық ләззаттар мен мүмкіндіктер және тұрмысты бір мөлшерде пайдаланып, ләззаттарға батып кетпеу нәпсімен күрес жиһадының үлгісі саналады. Өз мүлкіне көңіл аудармай, халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету жолында қызмет ету нәпсімен күресудің келесі түрі саналады. Қасиетті ислам дінінде өз нәпсісін тәрбиелеу үшін буддистер сынды отыру, шегенің үстінен жүріп, өзіне зиян келтіру насихатталмаған. Хиджрат ету, әрекет жасау, халықтың арасында болып,  халықтың мәселелерін шешу жиһад деп таныстырылады.  Алайда бұл жұмыстардың барлығы Жаратушының ризалығы үшін жасалуы керек. Алланы еске алып, әрбір істі Алланың ризалығы үшін орындау исламдық тағылымдарға жатады. Нәпсімен күрес – Құран Кәрім, пайғамбарлар және илаһи әулиелер насихаттаған жиһад ең қиын жиһад. Жиһадтың келесі түрі – жанкештілік. Құранға сәйкес, жиһадтың бұл түрі барлық адамға нәсіп  етілмейді. Тек илаһи әулилер ғана бұл несібеге ие болады. Бұл мәселені нақтырақ түсіндіру үшін Ислам революцияның жетекшісінің сөзіне назар аудартамыз. Аятолла Хаменеи: «Ислам әлемі – сенімді қабылдауға мәжбүрлеу емес. Ислам әлемі – адамдарды құлдыққа итермелейтіндермен күресу. Ислам әлемі –халықтармен соғысу емес, залым биліктермен күресу. Бұл – исламның тарихы. Бұл – ислам басшыларының іс-әрекеттері. Бұл – исламның басшыларының насихаттары. Имам Әли (ғ.с.) Малек Аштарға айтқан ақыл-кеңесінде: «Жолыңда кездесетіндермен, наным-сенімдері тұрғысынан өзіңе ұқсас немесе өзіңдей адам болып жаратылғандармен, тіпті наным-сенімдері өзгеше адамдарға құрмет білдір»,- деп айтылған. («Наһдж ул-Балағе», 53-ші хат). Сонымен бірге Құранның «Мүмтәхине» сүресінің 8-ші аятында: «Алла Тағала дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында Алла турашылдарды жақсы көреді»,- деп айтылған. Құран сендерге шабуыл жасамаған кәпірлер мен наным-сенімдері сендерден өзгешелерге шабуыл жасамауды, сондай-ақ сендерге зорлық-зомбылық жасамағандарға жақсылық жасауға бұйырады. Жақсылық жасау – Ислам дінінің бұйрығы»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, жиһад – күрес. Бірақ, күрес – соғыс және дұшпандық білдіру емес. Ол бұл мәселені түсіндіріп: «Күрес – тосқауыл немесе дұшпанға қарсы талпыныс. Егер адамның алдында еш кедергі болмаса, күрестің мағынасы жоғалады. Күрес –тас жолдың үстінде газды басып, бензинге толы көлікпен сапар шегу емес. Оны күрес деп атамайды. Күрес – адамның кедергімен кезіккен кезі. Адами майдандарда кедергі – дұшпан, табиғи майдандарда табиғаттың өз кедергі болады. Егер адам кедергімен бетпе-бет келсе, оны жоюға талпынады. Бұл – күрес»,- деді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, исламдық жиһад – шын мәнінде ислам мен жетекшіліктің нұры жетпеуі үшін отаршыл және үстем саясаттардың артында қалған халықтарға көмек. Хазіреттің пікірі бойынша, отаршыларға қарсы жиһадтың мақсаты сол перделерді жырту. Исламдық жиһадтың негізгі мағынасы осы. Ол Құранның «Ниса» сүресінің 75-ші аятына сілтеме жасап: «Неге Алланың жолында зорлық-зомбылық жасаушылардың қолынан әлсізденген ерлер, әйелдер мен балалар соғыспайды?! Бұл аят «Алланың жолында неліктен жиһад жасалмайды?» деп,   «Әлсіздерді құтқару үшін неліктен шара қолданылмайды?» деді. Бұл жауапты міндет. Сендер әлсіздерді құтқару үшін қатерге толы майданға шығып, өз жандарыңды қатерге тіреңдер. Ислам адамның өзінің, өз жақындарының, қоғам мен адамзаттың алдында жауапты болғанын қалайды»,- деді. Жастарға сүйспеншілік білдіретін аятолла Хаменеи оларға жиһад туралы түсіндіріп, былай деді: «Мен ардақты жастарды шынайы күреске шақырамын. «Моджахедат» – соғысқа, соғыс майданына бару емес, ғылым мен ахлақ майданында талпыныс жасап, саяси ынтымақтастықтар мен зерттеу жасау әлем халықтары үшін жиһад болып табылады. Қоғамда мәдениет пен дұрыс ой-пікірді тарату да жиһад саналады. Бұлардың барлығы – Алланың жолындағы жиһад. Бұл жиһадтың екінші жағы – үстемшілдер, дұшпандар, Ислам мен Иранға, исламдық құндылықтарға дұшпандық білдіретіндер. Құран Кәрімнің «Фатх» сүресінің 29-шы аятында: «...кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді»,- деп айтылған. Осы аятқа сәйкес, мұсылмандар кәпірлерге қатаңырақ болуы керек. Бұл кәпірлер қайда? Исламға иман келтірмеген әр адам оған қатаң қарайтын адам емес. Құран сендерге дұшпандық білдірмейтін, қастық жасамайтын, халықтарыңды қырып-жоюды көздемейтін және басқа дінді қабылдаған адамдарға да жақсылық жасаңдар дейді. Олар қатаңырақ ұстаным білдіретін кәпірлер емес. «Шын мәнінде Алла (Т.) сендермен дін турасында соғысқандарды, жұрттарыңнан шығарғандарды және шығарылуларыңа көмекші болғандарды дос тұтуларыңа тыйым салады». («Мүмтәхәне» сүресі, 9-шы аят). Ислам мен халыққа, мемлекет пен территориялық біртұтастыққа, тәуелсіздік, абырой, ғиззат, намыс, салт-дәстүрлер,  мәдениет пен құндылықтарға қарсылармен күресу керек».

 

Тегтер