Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 8
Иран мен әлемнің ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктеріне арналған бағдарламаның жалғасын тыңдауға шақырып, 2016-шы жылдың желтоқсан айындағы Иран мен әлемнің осы саладағы жетістіктерімен таныстырамыз.
Әлем мен аймақтың 2016-шы жылдың желтоқсан айындағы әртүрлі ғылымдар мен нанотехнологияға қатысты соңғы мәліметтері жарияланды. «Томсон Рейтерс» журналында жарық көрген мәлімет бойынша, 2015-ші жылы нанотехнология саласындағы Иран ғалымдары жариялаған мақалалардың саны 6697 болса, 2016-шы жылдың қараша айында 7045-ке жеткен.
Ислам әлемінің ғылыми құжаттар базасының іргетасын қалаушы Джафар Меһрдад: «Орта есеппен Иранның нанотехнология саласындағы әр мақаласына 2011 жылы 13,4 рет, 2012 жылы 74,9, 2013 жылы 97,6, 2014 жылы 71,4 рет сілтеме жасалды. Иранның мақалаларының һ-индексі (2005 жылы Калифорния университетінің физик ғалымы Хорхе Хирш ойлап тапқан h-индекс немесе «Хирш» индексі ғылыми мақалалардың саны мен соларға жасалған сілтемелерді санау арқылы ғылыми ұйымның, ғалымдар тобы мен жеке ғалымның рейтингін анықтайды) 2011-2015 жылдар аралығында тәртіппен 58, 50, 43, 39, 20-ға теңелді.
Иранның нано ғылымы саласындағы жергілікті үлесі әр жылы әртүрлі болды. Мәселен, 2011 жылы 14,4, 2012 жылы 28,15, 2013 жылдан 2016 жылдың қараша айына дейін тәртіппен 74,17- 36,20 - 26,21 және 50,24 пайыз болып, Иранның нано мәселесіне қатысты мақалаларының алға ілгерілегенін көрсетеді.
Патентке ие болу мүмкіндігі маңызды. Бұл мәселе тек нано ғылымы мен технологиясына ғана қатысты емес, жоғары оқу орындарының барлық мамандары тарапынан қуатталды. Еуропадағы нано саласындағы жаңашылдықтарды тіркеу кеңсесінде тіркелген Иран патенттерінің саны 2011-2012 жылдары 2-1 болса, 2013-2016 жылдар аралығында аталмыш кеңседе нано саласында Иранның жетістіктері тіркелген жоқ. Тіркелген патенттер туралы мәлімет АҚШ-тың өнертабыстар мен сауда факторлары кеңсесінде тіркелді. Осыған орай Иранда 2011 жылы 3, 2012 жылы 7, 2013 жылы 11, 2014 жылы 8, 2015 жылы 12, 2016 жылдың қыркүйек айына дейін 9 өнертабы тіркелген болатын. Бұл назар аударарлық жайт.
Исламдық азат университетінің ғылыми-зерттеу орталығының зерттеушілері FSG-плазманың көмегімен өсімдіктердің өсу қарқынын арттыратын құралды жобалап, жасап шығарды. Суық плазма жүйелері ғылым мен өндірістің әртүрлі салаларында әсіресе ауылшаруашылығында көптеген мүмкіндіктерге ие. Суық плазма жүйелерін ауылшаруашылығында пайдалану тұқымның өнуі, сабағы мен тамырының ұзындығының жылдамдықпен өсуіне, нәтижесінде өнімнің мөлшерін арттыруға себеп болады.
Иранның исламдық азат университетінің ғылыми-зерттеу орталығының физика факультетінің студенті және аталмыш жобаны іске асырушылардың бірі Шуһре Хатами: «Бұл тәсілде плазмалық өндіріс процесіндегі еркін радикалдар өсу гормондарын ынталандырады. Бұл ынталандыру көктеу үдерісін жылдамдатып, нәтижесінде өсімдіктің өсуіне себеп болады»,- деді. Плазманың көмегімен өсімдіктердің өсуін жылдамдататын құрал ауылшаруашылығы, фармацевтика, тұқымды өзгерту және осыған ұқсас жұмыстар үшін пайдаланылады. Бұл жүйенің артықшылықтарының бірі жанама өнімдерді шығармау мен басқа химиялық, физикалық тәсілдердің орнына қолданыла алуында.
Язд қаласының «Иқбал» ғылыми-технология зерттеу орталығы соқыр адамдарға сандық деректердің желілерін Брайл дисплейіне аудара алатын мүмкіндікке ие аппарат ойлап тапты. Бұл аппарат сандық мәліметтерді Брайл дисплейіне жіберіп, соқыр адамдар соны пайдаланатын болады.
Жобаны іске асырушы Мослим Азамфар әлем бойынша жасалған ұқсас құралдарға тоқталып: «Әлемде жасалған Брайл дисплейлері әр жолды кезек оқиды, ал отандық аппарат үздіксіз оқуға мүмкіндік береді. Бағасы шетелдік аппараттардың бағасының 1/10 бөлімін құрайды»,- деді. Бұл аппарат соқыр адамдардың оқу үдерісін жылдамдатады.
Мешхедтің Медициналық университетінің көз ауруларын зерттеу орталығының мамандары жақында айнымалы фокустері бар линзаны пайдаланып, оптикалық өлшеуіш жобаларын іске асырды. Айнымалы фокустері бар линзаны пайдаланатын оптикалық өлшеуіш көздің көру қабілетін нақтырақ анықтайтын құрал. Бұл құралдың үш линзасы бар.
Үш линзаны пайдаланудың арқасында адамдардың көзінің алыс пен жақыннан нашар көруімен бірге астигматизмді анықтау мүмкін болады. Бұл құрал осы күні окулистердің қолындағы фороптор, ретиноскоп сынды жұмыс жасайды. Алайда оны тасымалдау оңай және экономикалық тұрғыдан үнемді.
Ирандық зерттеушілер елдің екі ауруханасында қойылған жүректі сканерлейтін аппарат ойлап шығарды. Бұл аппарат жүрек ауруларын анықтауға ерекше көмектесіп, ядролық медицинада пайдаланылады. Оны пайдалану жүректің бұлшық еттеріне қан жеткізуге себеп болады. Саид Саркар бұл аппарат туралы: «Жүректі сканерлейтін шетелдік аппараттар бар. Бірақ, біз бұл жүйеге жаңашылдық енгізіп, енді ол науқастың жағдайын жақсырақ анықтайтын болады» деді.
Жүректі сканерлейтін аппарат сапасы мен бағасы тұрғысынан бәсекеге қабілетті. Бұл аппарат науқас адамға радиоактивтік құрамды жіберіп, құрам адамның жүрегіне тарап, жүректің ауруларын зерттеуге мүмкіндік туады. Яғни, бұл аппарат жүрек ауруларын ажырату үшін үлкен қолданысқа ие.