Рұм сүресі, 717-ші бөлім, 1-8 аяттары
"Рұм" сүресінің 1-8 аяттары
«Рұм» сүресінің 1-5 аяттары:
«الم»، «غُلِبَتِ الرُّومُ»، «فِی أَدْنَى الْأَرْضِ وَهُم مِّن بَعْدِ غَلَبِهِمْ سَیَغْلِبُونَ»، «فِی بِضْعِ سِنِینَ لِلَّـهِ الْأَمْرُ مِن قَبْلُ وَمِن بَعْدُ وَیَوْمَئِذٍ یَفْرَحُ الْمُؤْمِنُونَ»، «بِنَصْرِ اللَّـهِ یَنصُرُ مَن یَشَاءُ وَهُوَ الْعَزِیزُ الرَّحِیمُ»
Ұғымын Алла біледі. (1) Рұм жеңілді. (2) Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады. (3) Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрын да, кейін де Алланың еркінде. Сол күні мүміндер қуанады. (Сол күндері мұсылмандар Бәдірде жеңіске ие болады...) (4) Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қаласа, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейірімді. (5)
Тарихи деректерге сәйкес, Рұм императорлығы мен Иран императорлығы арасында ұзақ соғыстар мен талас-тартыс болған. Пайғамбар Меккеде болған кезде Хиджаз жерінде Рұм мен Иранның арасында соғыс басталып, рұмдықтардың жеңілісіне ұласқан. Құдай пайғамбарына рұмдықтар жеңіліс тапқанымен, келесі соғыста олардың жеңіске жететінін хабарлады. Ғайыптан берілген аян мәлім болған кезде мүміндер олардың мүшіріктерді жеңетіндігіне берген Құдайдың уәдесінің де жүзеге асырылатындығына қатысты сенімге ие болды. Себебі барлық нәрсе Құдайдың қолында. Ол қалаған адамына жәрдем беріп, оны абырой мен ғиззатқа жеткізіп, өзінің рақымына бөлейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Құранның ғайып аяндары мен хабарлары – осы үлкен кітаптың мұғжизалығының дәлелі.
2. Жеңілістерге қарап, үмітімізді үзбейік. Әрдайым Құдайдың жәрдемінен үміттенуіміз керек.
3.Құдайдың ісі хикметке негізделген. Иман иелерінің жеңілісі мен жеңісі де илаһи хикмет негізінде. Мүміндер өз міндеттерін орындауы керек. Бірақ, істің нәтижесі олардың қолында емес, Құдайдың қолында.
«Рұм» сүресінің 6-7 аяттары:
«وَعْدَ اللَّـهِ لَا یُخْلِفُ اللَّـهُ وَعْدَهُ وَلَکِنَّ أَکْثَرَ النَّاسِ لَا یَعْلَمُونَ»، «یَعْلَمُونَ ظَاهِرًا مِّنَ الْحَیَاةِ الدُّنْیَا وَهُمْ عَنِ الْآخِرَةِ هُمْ غَافِلُونَ»
Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (6) Олар дүние тіршілігінен көрініп түрғанын біледі де өздері ахиреттен кәперсіз. (7)
Алдыңғы аяттар мүміндердің мүшіріктерді жеңетіндігіне берген Құдайдың уәдесін баяндады. Осы аяттар былай дейді: «Уа, халайық! Құдайдың уәдесіне күмәнданбаңдар. Құдайдың уәдесі кесімді. Оның бұрмалануы мүмкін емес».
Бірақ, Құдайға сенбейтін немесе имандары әлсіз адамдар Құдайдың уәделеріне де сенбейді. Себебі, олар илаһи ілім мен құдірет және хикметтен хабарсыз.
Олар сыртқы материалды дүниелерді ғана көріп, жеңіліс пен жеңісті материалды факторлар деп сараптайды. Олар ақыреттен қапыл болғандықтан, барлық нәрсені дүниелік шектеулі әйнекпен көріп, өздерін әлемнің ақиқаттарын түсінуден мақұрым етеді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Уәделерді бұрмалаудың себебі әдетте жәһілдік пен әлсіздік немесе өкініште. Құдай мұның барлығынан пәк.
2. Дүние мен материалды факторларға тәуелділік адамның көзқарасын шектеп, оны үстірт қараушыға айналдырады.
3. Ақыреттен қапылдықтың тамыры – дүниенің сыртқы белгілеріне көңіл аударып, соларға тәуелді болуда.
«Рұм» сүресінің 8 аяты:
«أَوَلَمْ یَتَفَکَّرُوا فِی أَنفُسِهِم مَّا خَلَقَ اللَّـهُ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَیْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَأَجَلٍ مُّسَمًّى وَإِنَّ کَثِیرًا مِّنَ النَّاسِ بِلِقَاءِ رَبِّهِمْ لَکَافِرُونَ»
Алла (Т.) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолығуға қарсы келеді. (8)
Осы аят Құранның басқа да көптеген аяттары сынды адамдарды жаратылыс әдеміндегі жүйе туралы ойлануға шақырып, олардан өздерінің ақылы және ұжданына жүгінуді сұрайды. Шын мәнінде, аспан мен жерді кім жаратты? Бұл жаратылыс мақсатсыз болды ма? Әлемнің анық басталуы мен соңы жоқ па? Адам ақылға, оның істері есептеулі бағдарламаға ие. Бірақ адам соның кішкентай өнімі болып табылатын ұлы жаратылыс ақыл мен хикмет негізінде басқарылады дегенге сенуге бола ма? Осы өмірдегі біздің өміріміз аяқталып, басқа да әлем бар дегенді қабылдауға бола ма?
Бірақ, дүниеге құныққан адамдар осы дүниенің көптеген ләззаттарына алаңдамастан жету үшін ақырет пен Алланың әділ сотына қатысатындықтарын теріске шығарады. Ой-пікір адамдары болса жаратылыс жүйесін қисынды, дұрыс мақсатқа ие санап, жаратылысты әлемнің Жаратушысының хикметін көрсететін айқын да нақты жүйеге ие санайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Ислам адамдардың иманы мағрифат пен дұрыс таным негізінде болуы үшін оларды жаратылыс жүйесіндегі тәртіп туралы ойлануға шақырады.
2. Жаратылыс мақсатты әрі нақты уақытпен еспетелген.
3. Қияметті теріске шығару ой мен қисынды дәлел негізінде емес. Керісінше, оның тамыры дүниеге салынып, оны мәңгілік деп санауда.