Маусым 25, 2017 11:49 Asia/Almaty

"Рұм" сүресінің 9-13 аяттары

«Рұм» сүресінің 9-10 аяттары:

 «أَوَلَمْ یَسِیرُوا فِی الْأَرْضِ فَیَنظُرُوا کَیْفَ کَانَ عَاقِبَةُ الَّذِینَ مِن قَبْلِهِمْ کَانُوا أَشَدَّ مِنْهُمْ قُوَّةً وَأَثَارُوا الْأَرْضَ وَعَمَرُوهَا أَکْثَرَ مِمَّا عَمَرُوهَا وَجَاءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِالْبَیِّنَاتِ فَمَا کَانَ اللَّـهُ لِیَظْلِمَهُمْ وَلَـکِن کَانُوا أَنفُسَهُمْ یَظْلِمُونَ»، «ثُمَّ کَانَ عَاقِبَةَ الَّذِینَ أَسَاءُوا السُّوأَى أَن کَذَّبُوا بِآیَاتِ اللَّـهِ وَکَانُوا بِهَا یَسْتَهْزِئُونَ»

Олар жер жүзін кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрмей ие? Негізінен олар бұлардан күштірек еді. Олар жерді қопарып, олар оны бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті. (9) Сосын жамандық істегендердің соңы Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылғандықтары үшін жаман болды. (10).

Алдыңғы бағдарламада Құдай аспан мен жердің жаратылысы туралы ойланбайтын адамдарды сынап, бұл жүйенің мақсатты әрі хақ негізінде жаратылғанын түсіну үшін олардан жаратылыстың жүйесі туралы ойлануды сұрайтынын айттық.

Осы аяттар былай дейді: «Бұрынғылардың тарихынан неге сабақ алмайсыңдар? Әлемнің әртүрлі жерлеріне сапар шеккен кезде неліктен бұрынғы қауымдардан қалған қирандыларға қарап, солардан ғибрат алмайсыңдар? Жайқалған бақтары мен мол өнім беретін егістіктері болған қауымдар мен байлық иелері хақты теріске шығарып, жамандық жасаған соң, ажал құшып, олардан бар болғаны қирандылар қалған». 

Зауал олардың өздеріне жасаған зұлымдықтарының салдары болды. Себебі, ислам мәдениетінде өзгелерге де, өзіне де зұлымдық жасауға рұқсат жоқ. Ал, гуманизм идеясы былай дейді: «Адам басқаларды азаптамаса, кез келген істі жасауға ерікті».

Ислам мәдениетінде адамның басқаларды айтпағанда, тіпті өзіне де зиян келтіруге хақысы жоқ. Бірақ, өзіне жасайтын ең үлкен зиян – ақыл мен ұжданды аяққа таптап, адамның өзінің ақылы мен ұжданы арқылы табатын ақиқатты теріске шығаруы. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құран Кәрім бұрынғы қауымдардың тарихын зерттеп, солардың бастарынан өткен оқиғалардан ғибрат алу үшін ежелгі тарихи мекендерге сапарға шығуды қуаттайды.

2.Тарихи өзгерістердің нақты заңдары мен принциптері бар. Болашақ үшін өткеннен сабақ алуға болады.

3.Халықтардың бақытының негізі тек билік пен сыртқы өркендеу мен дамудың арқасында әзірленбейді. Нағыз бақыттың іргетасы Құдайға иман келтіріп, Алланың пайғамбарларына ілесуде.

4.Күнә жасап, оны жалғастыру, хақты теріске шығару адамды жаман салдарға ұшыратып, масқаралашылыққа душар етеді.

«Рұм» сүресінің 11-13 аяттары:

«اللَّـهُ یَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ یُعِیدُهُ ثُمَّ إِلَیْهِ تُرْجَعُونَ»، «وَیَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ یُبْلِسُ الْمُجْرِمُونَ»، «وَلَمْ یَکُن لَّهُم مِّن شُرَکَائِهِمْ شُفَعَاءُ وَکَانُوا بِشُرَکَائِهِمْ کَافِرِینَ»

Алла (Т.) баста жаратады да, сосын қайтаратын да өзі. Ол жаққа қайтарыласыңдар. (11) Қиямет-қайым болған күні күнәкарлар күдер үзеді. (12) Оларға Аллаға қосқан ортақтарынан шапағатшы болмай, өздері ортақтарына қарсы шығады. (13)

Құран аяттарына сәйкес, өлім – адамның осы дүниедегі өмірінің соңы, қабір – басқа әлемге өтетін есік. Ананың босануы – сәбидің ананың ішіндегі өмірінің соңы әрі оның осы әлемге енетін есігі сынды.

Осы аяттар былай дейді: «Сендердің жаратылыстарың мен осы дүниедегі өлімдерің өздеріңнің еріктеріңнен тыс. Сендер Алланың қалауымен осы жерге келдіңдер, оның қалауымен бұл дүниеден өтесіңдер.

Сендердің қияметтегі өмірлерің де ерікті іс емес. Қаласаңдар да, қаламасаңдар да ол жерге келесіңдер.Сол жерге құралақан бармайтындай, өздеріңнің өткен істеріңе өкінбейтіндей іс жасаңдар.

Бұл дүниедегі адамдар мен заттарға аса құмартпаңдар. Ол жақта еш нәрсе, ешкім сендерге іске жарамайды. Қияметте сендерге шапағат етеді деп ойлайтын адамдардың қолдарынан  ештеңе келмейтінін түсінесіңдер. Олардың сендерді құтқара алмайтынын білесіңдер». 

Пұттар қияметте өздеріне көмектеседі деп ойлайтын мүшіріктер жансыз, рухсыз сол заттардың әлемнің істерін басқаруда ешқандай рөл атқармағанын, толығымен құнсыз екендіктерін түсінеді. Олардың шапағат ете алмайтындықтарынан үміттерін үзіп, қайғы-мұңға салынып, сонымен қатар Пәруәрдігердің мейірімінен де үміттерін үзеді. Себебі, олар осы дүниеде пайғамбарлармен соншалықты қарсыласып, алысқан болатын. Ақыретте Алланың рақымына бөлену үшін ешқандай саңылауды ашық қалдырмаған болатын. 

Осы аяттардан үйренетіміз:

1.Жаратылыс жүйесі Құдайдан басталып, ол жаққа қайтады. Басқаша айтқанда, жаратылыс пен ақырет – бір. Бұл істен қапыл қалу адамның болашақтағы өкініші мен үмітсіздігіне себеп болады.

2.Осы дүниедегі күнәһарлардың шаттығы мен мастығы бізге әсер етпесін. Өйткені, қияметте олардың күні қайғылы болады.

3.Қияметте негізсіз, жалған махаббат пен ынтықтық кек пен қарғысқа айналады. Ойдан жасап, шапағат етеді дегендер теріске шығарылады.