Шіл 09, 2017 16:56 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 68

Мәдени жиһад – дұрыс наным-сенімдерді түсіну мен түсіндіруге және оларды таратуға, сондай-ақ қоғамдағы жалған идеяларды теріске шығаруға жәрдемдесу.

Жиһад – талпыныс, еңбектену. Басқаша айтқанда, Ислам дінін алға ілгерілетіп, оның тағылымдарын тарату жолында жанын, мүлкі мен мүмкіндігін аямау. Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи жиһад туралы: «Талпыныс жасап, дұшпанға қарсы тұру жиһад саналады»,- дейді. Алайда дұшпаннның Ислам діні мен исламдық жерлерге әртүрлі жолдармен шабуыл жасауына байланысты онымен қарсыласудың жолдары да әр түрлі болады. Кейде жиһад әскери болып, дұшпанмен соғыс майданында бетпе-бет келу болса, кейде жиһад мәдени салада болады. Яғни, дұшпанның мәдени билігін жою немесе мәдени шабуылмен қарсыласу керек болады. Ислам революциясының жетекшісі  жиһадтың түрлері туралы: «Исламдық мәдениеттің ең маңызды мәселелерінің бірі – мәдени жиһад. Ислам тарихының басында  оның критерийлері көбірек және уақыт өткен сайын азырақ көрінді. Алайда, жиһад тек соғыс майданына қатысып, қақтығысу емес. Дұшпанға қарсы кез келген  талпыныс жиһад деп аталуы мүмкін. Кейбіреулер еңбек етіп, талпыныс жасап, оны жиһад деп ойлауы мүмкін, бірақ ол жиһад саналмайды. Өйткені жиһадтың шартының бірі – қарсыда дұшпанның болуы. Бұл қарсыласу кейде қарулы соғыс майданында болып, «әскери жиһад» аталады. Басқа бір кезде мәдени мәселелерге қатысты болып, «мәдени жиһад» аталады. Сондай-ақ, құрылыс саласында болып, «құрылыс жиһады» аталуы мүмкін. Әрине, басқаша аталған басқа салалардағы жиһадтар да бар»,- деген болатын. 

 Мәдени жиһад – дұрыс наным-сенімдерді түсіну  мен түсіндіруге және оларды таратуға, сондай-ақ қоғамдағы жалған идеяларды теріске шығаруға жәрдемдесу. Бұл жиһадтың басында надандық мәдениетпен күресіп немесе пәк илаһи және исламдық мәдениетті ұсынып, надан мәдениетті шетке шығару қажет. Шіріген, илаһи емес ой-пікірді таратудың уақыты мен мекені болмағандықтан, мәдени жиһад үздіксіз жалғасып, әскери жиһадтан да маңыздырақ  саналады. Сол себепті, дұрыс әрі адал наным-сенімді, ахлақ пен шариғатты насихаттап, тарататын мәдени жиһад басқа жиһадтардан, тіпті әскери жиһадтан да жоғары. Өйткені, мәдени жиһад жасайтындардың арқасында илаһи дін сақталып, дінге қарсы шабуылдар залалсыздандырылып, илаһи құндылықтар тұрақты қалады. Имам Садық (ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Қиямет күні Алла Тағала барлық халықты бір жерге жинап, мөлшерлерді орнатып, шәһидтер қаны ғалымдардың қаламдарымен салыстырылып, ғалымдар қаламы шәһидтер қанынан жоғары саналады»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 2-ші том). Аятолла Хаменеи бұл рауаятты түсіндіріп: «Ғалым адамның ойын өзгертіп, адамзаттың жаратылған мүмкіндіктерін пайдаланып, дамыған, белсенді әрі табанды адам тәрбиелей алады. Ғалым бұл істі жасай алады. Расында ғалымның қаламы шәһидтер қанынан артығырақ. Біздің діни оқу орындарында оқитын шәкірттеріміз әскери топтармен бірге соғыс майдандарына барып, үгіт-насихатпен айналысты. Сол кезде мен қарапайым адамдардың табанды, әлсіздердің күш-қуатты және күдік-күмәндерге иелердің өз наным-сенімдеріне табанды  адамдарға айналғандарын байқадым»,- деді.  Мәдени жиһадтың маңызды негізі - жан-жақты мәдени соғысты қабылдау болып табылады. Бұл соғысты басқару үшін орталық мәдени базаны құру қажет. Бұл орталық базада қырағылық қалыпастып, үздіксіз дайындық, білім беру пен кадрлерді дайындау, қажет құралдармен қамтамасыз ету, сонымен бірге өз және дұшпан күштері үшін психикалық әрекеттерді дайындау сынды жұмыстар жүргізіледі.  Аятолла Хаменеи мәдени жиһадты іске асыру үшін ИИР-ның Мәдени революциясы жоғары кеңесін орталық база ретінде таныстырып: «База деген сөз кейбіреулер үшін ауыр естілер. Өйткені база деген сөз көбінде әскери термин. Негізінде мәдени майдан соғыс майданынан маңыздылау әрі қатерлілеу болағанымен, одан кем емес. Біз әскери базаны мәселен Сақшылар корпусын құрған кезде, «ол белгілі әрекеттерді бақылап, белгілі бірлікті қорғайды, бірақ оны штаб басқарады» деп айтамыз. Яғни мәдени мәселелерде Мәдени революциясы жоғары кеңесі  аталмыш штаб (база) саналады»,- деді. Адам қай майданда тұрсада, қарсыласу үшін біріншіден дұшпанды, оның мүмкіндіктері мен құралдарын тануы керек. Дұшпанды танымайтын адам онымен күресу жолдарын  жобалай алмайды. Ислам революциясының жетекшісі  бұл салада: «Мәдени шабуылға қарумен жауап беруге болмайды. Бұл шабуылдың қаруы – қалам. Көздерді ашып, сахнаны дұрыс таныған жөн. Әскери соғыс майданында адам дұшпанды және оның жағдайынан хабарсыз алға ілгерсе сәтсіздікке ұшырайды. Мәдени соғыс осыған ұқсас»,- деп қуаттады. Мәдени жиһадтың жолдарының біріне исламдық қоғамды әсіресе жастарды дұшпанның мәдени шабуылынан құтқаратын діни наным-сенімдерді нығайту жатады. Әрине діни наным-сенімдер  қырағылықтың қолдауына ие болған жағдайда жарқырайды. Әйтпесе иманы осал әрі қырағы емес адам дұшпандардың жылтырағын алдау-арбауының әсеріне түседі. Діни жетекші бұл туралы: «Өз  болмыстарыңда қырағылық тәрбиелеңдер, сараптау құдыретке ие болыңдар, қоғамның шындықтарын өз ойында сараптап, әр нәрсені дұрыс тануды үйреніңдер. Сараптау құдырет өте маңызды. Тарих бойында біздер мұсылмандардың соққы көрулерімізге сараптау құдыретміздің әлсіз болуы себеп болды. Исламның басында көрген соққыларымыз дәл осы мәселеге қатысты болды. Дұшпанға қырағылықсызды пен хабардарсыздығымыздан пайдалануға мүмкін бермеңдер. Шындықты көрсетіңдер. Адамзаттың қиындықтарының барлығы қырағылықтың немесе сабырдық жоқтығына байланысты. Адамдар шындықты түсінбейді немесе шындықты түсінгендерімен табанды тұрудан шаршайды»,- деді. Бұрыс түсіну немесе заманның қажеттіліктерін түсінбеуді дұшпан мәдени шабуылы үшін пайдаланып, пайдасын көреді. Осыған орай аятолла Хаменеи барша халыққа әсіресе студенттерге кері кету және бір жерде тұрып қалумен күресу үшін білімдерін арттыруды насихаттайды. Аятолла Хаменеидің пікірінше кері қалумен мәдени жолдар арқылы күресу керек. Дұшпандардың мемлекеттерді бағындыру мақсаттарына жету үшін пайдаланатын ең маңызды тәсілдерінің бірі олардың халықтарының арасына олқылық пен өздерін кем санау сезімді тарату болып табылады. Сондықтан мәдени жиһадтың бөгделердің қастықтарын нәтижесіз қалдыру саласындағы ең маңызды жұмыстарының бірі өзіне деген сенімді және өзін пайдалы сезінуді нығайту болуда. Аятолла Хаменеи дұшпанның мәдени шабуылының ең маңызды қаруы  үмітсіздік тудыру мен өзін кем санау сезімді тарату деп біліп: «Бүгін және келешекте мұсылмандарды  жарық келешегіне үмітсіз ету үшін мыңдаған үгіттік құралдар қолданылатын болады. Мәдени және психикалық соғыс отаршылық кезеңнің басынан осы кезге дейін Батыстың исламдық елдерді бағындыру үшін қолданып келе жатқан құралы болды. Аталмыш соғыс бірінші рет ойшылдар мен көрнекті тұлғаларға қарсы кейін халыққа қарсы пайдаланылатын болды. Бұл тәсілге қарсы тұру үшін Батыс мәдениеті көрнекті тұлғалар және ойшылдармен тазалануы керек.  Оның пайдалы элементтеріне назар аударып, зиян келтіретін элементтерін исламдық қоғамнан алыстату қажет. Бұл тазалау исламдық мәдениет  және Құран мен сүннеттін ой-пікрілеріне сай болған жөн»,- деп сөзін жалғады. Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің басқа бір бөлімінде рухылық құдыретке ие болу мен нәпсігі сенім артуды нығайтуды мәдени жиһадтың маңызды факторлары деп тауып: «Қоғамның рухы жоғары болса, дұшпан зорлық-зомбылық жасай алмайды. Әлемнің билікқұмарлары жеке адамды немесе халықты бағындырғысы келсе, сол адамның немесе халықтың рухына соққы беріп, қабілеті мен табандылығын жойғысы келеді. Өйткені рухы, қабілеті мен табандылығына ие халыққа ешкім және еш нәрсе, атап айтқанда сыртқы немесе ішкі дұшпан, яғни жалқаулық билігін жүргізе алмайды»,- деді.