"Рұм" сүресі, 721-ші бөлім, 23-26 аяттар
Рұм» сүресінің 23-26 аяттарының тәпсірі:
«Рұм» сүресінің 23-24 аяттары:
«وَمِنْ آیَاتِهِ مَنَامُکُم بِاللَّیْلِ وَالنَّهَارِ وَابْتِغَاؤُکُم مِّن فَضْلِهِ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ لِّقَوْمٍ یَسْمَعُونَ»، «وَمِنْ آیَاتِهِ یُرِیکُمُ الْبَرْقَ خَوْفًا وَطَمَعًا وَیُنَزِّلُ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَیُحْیِی بِهِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ لِّقَوْمٍ یَعْقِلُونَ»
Күндіз, түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерің де оның белгілерінен. Күдіксіз, бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар. (23) Сендерге үрейлену, дәмету түрінде нажағайды көрсетуі, көктен жаңбыр жаудырып, онымен өлгеннен кейін жерді жандандыруы да оның белгілерінен. Рас, бұларда ойланатын халыққа үлгілер бар. (24)
Алдыңғы бағдарламада Құран «Рұм» сүресінің кейбір бөлімінде Құдайдың адам мен әлемді жаратудағы белгілерін атағанын айттық. Бұл аяттар солардың адамның өміріндегі келесі екі үлгісіне сілтеме жасап: «Сіздер үшін ұйқы қарапайым іс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, тәулігіне кезектесіп келетін сол ұйқы мен ояну адамның қуаныш және көтеріңкі көңіл-күймен өмір сүріп, ісін атқарып, шаршаған кезде демалуы үшін Құдайдың хикметінің белгілері саналады. Егер адам ұйқтамайтын болғанда әрдайым шаршап-шалдығып, тіршілігін жалғастыруы үшін қажет көңіл-күйден кенде болар еді. Аспандағы найзағай мен күннің күркіреуі де кейде адамдардың қорқынышы мен үрейіне себеп болады. Ол – адамдар мен жан-жануарлар және өсімдіктер соған тәуелді жаңбыр алдындағы белгі» дейді.
Бүгінде мұнай өндіретін зауыттардан мұнай мен газды қалалар мен ауылдарға тасымалдау үшін құбырлар тартып, жерді бұрғылап, құрылғыларды сақтау үшін миллиардтаған доллар қаржы жұмсалады. Бірақ, Құдай табиғи бір жүйеде теңіздер мен мұхиттардың суын желдің соғуы мен бұлттардың қозғалысы және жаңбырдың жаууы арқылы жер тұрғындарының ықтиярына тегін беріп отыр. Сондықтан, Жаратушының сансыз нығметтеріне шүкір айтуымыз үшін солар туралы аздап ойланғанымыз жөн.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Алланың нығметтерінің жанынан жай өтпейік. Ұйқы мен сергектік жүйесі – Алланың үлкен нығыметтерінің бірі.
2.Халал азық тауып, тұрмыстың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбек ету – дін табыстаған, әрі мақұлдайтын іс.
3.Аспандағы найзағай, жаңбырдың жаууы мен жер бетінде өсімдіктердің өсуі кездейсоқ іс емес. Бұл табиғи құбылыстардың барлығы әлемнің Пәруәрдігері тарапынан нақты жоспарланып, есеептелген.
4.Құдайтану ғылым мен ой және ақыл негізінде болуы керек.
«Рұм» сүресінің 25 аяты:
«وَمِنْ آیَاتِهِ أَن تَقُومَ السَّمَاءُ وَالْأَرْضُ بِأَمْرِهِ ثُمَّ إِذَا دَعَاکُمْ دَعْوَةً مِّنَ الْأَرْضِ إِذَا أَنتُمْ تَخْرُجُونَ»
Көк пен жердің Оның әмірінде тұруы да Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сәтте дереу сендер шыға келесіңдер. (25)
Алдыңғы аяттарда аспан мен жердің жаратылысына сілтеме жасалды. Бұл аят солардың тұрақтылығына сілтеме жасап: «Адам олардың тереңдігіне әлі бойлай қоймаған аспандық үлкен денелер мен ашқан миллиардтаған жұлдыздар мен планеталар нақты бір тәртіп бойынша қозғалып, айналады. Егер олар жолынан сәл ғана ауытқитын болса, әлімнің бір бөлігінің, соның ішінде жер планетасы мен тұрғындарының жойылуына себеп болуы мүмкін. Бірақ, Жаратушының хикметі бойынша, сансыз аспан денелері нақты осьте тартылыс және тебіліс заңы бойынша қозғалуда. Әлемнің жүйесі мәңгіге қалады. Егер, Құдай қаласа, бұл жүйені бұзып, бұл әлем соңына жетіп, басқа жүйе орнайды. Ол жаңа жүйеде бұл дүниеде адамдар аналарынан дүниеге келетін іске қарсы, олар жерден өсіп шығатын өсімдіктер сияқты жерден шығып, әке-шеше, апа-аға және осы дүниедегі туыстарынан еш байланыссыз жалғыз сол әлемде тұрып, бұл әлемде жасаған іс-әрекеттеріне жауап береді» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Жаратылыс жүйесінің тұрақтылығы кездейсоқ емес. Бұл – Құдайдың қалауы.
2.Жаратылыс қана емес, әлемнің істерінің хикметі де Құдайдың қолында. Ол әлемді жаратып, өз бетіне қоя берген жоқ. Ол тұқым сеуіп, бағбан сынды өнім жинайтын кезеңді де басқарады.
3. Адамның топырақтан шығуы – ақыретте адамның тірілетіндігінің дәлелі. Себебі, өліммен адамның рухы емес, денесі топпыраққа айналады.
«Рұм» сүресінің 26 аяты:
« وَلَهُ مَن فِی السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ کُلٌّ لَّهُ قَانِتُونَ»
Көктер мен жердегі әркім Онікі. Тұтас оған бой ұсынады. (26)
Адамның осы әлемнен басқа әлемге тасымалданатыны туралы сөзден кейін осы аят жалғасында: «Құдай адам мен періштелер және жындар сияқты жаратылыстардың иесі болғандықтан, оларға қатысты қандай болсын әрекет етуге хақысы бар. Ешкім онымен қарсыласа алмайды. Себебі, бұл жаратылыс иелері үшін оның дін жүйесімен қарсыласатын мүмкіндік болғанымен, оның жаратылыс жүйесінің алдында олар бойсұнушы. Тіпті, олардың еріктері де оның ерік-жігеріне байланысты.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Қатты заттар мен өсімдіктер, жан-жануарлар ғана емес, сонымен қатар адам мен періште, жын сынды ақылға ие жаратылыстар да Алланың билігінен шығатын мүмкіндікке ие емес.
2. Жаратылыс әлемінде адамның болмысы Пәруәрдігерге мойынсұну арқылы физикалық кемелдікке жететіндіктен, дін жүйесінде де өз еркімен Аллаға бойсұнса, кемелдік пен бақытқа жетеді.