"Рұм" сүресі, 722-ші бөлім, 27-29 аяттар
"Рұм» сүресінің 27-29 аяттарының тәпсірі:
«Рұм» сүресінің 27 аяты:
«وَهُوَ الَّذِی یَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ یُعِیدُهُ وَهُوَ أَهْوَنُ عَلَیْهِ وَلَهُ الْمَثَلُ الْأَعْلَى فِی السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ وَهُوَ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ»
Сол, сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл оған оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі (27).
Өткен бірнеше бағдарламада Құран Кәрім Құдайдың жаратылыстағы кейбір белгілері мен нышандарына сілтеме жасап, Құдайдың таусылмайтын ғылымы мен құдіретін және хикметін білдіретін белгілеріне тоқталды. Осы аят солардың жалғасында: «Жаратылысты бастаған сол Құдай оларды қияметте қайтадан қайтара алады» дейді.
Құдай үшін ешбір іс қиын емес, бірақ, қиындық пен оңайлық көптеген шектеулерге шырмалған біздер, адамдарға қатысты. Құдай осы аятта бізге, адамдарға оны қабылдау оңай болу үшін біздің тілмен сөйлеп: «Сендердің араларыңда қайта жарату алғашқы жаратудан оңайырақ болғанда, ешбір шектеусіз, барлық кемелдікке ие ұлы Құдай бұл істі жасай алмайды ма?» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Құдайдың сипаттары адамның суреттеуі мен баяндауынан артық. Ешкім де, ешнәрсе де онымен салыстыруға келмейді. Ол мақұлықтардан барлық тұрғыдан артық.
2.Алланың хикметі өлімнен кейін басқа әлемнің болуын қажет етеді. Өліммен адамның тағдыры аяқталмайды.
«Рұм» сүресінің 28 аяты:
«ضَرَبَ لَکُم مَّثَلًا مِّنْ أَنفُسِکُمْ هَل لَّکُم مِّن مَّا مَلَکَتْ أَیْمَانُکُم مِّن شُرَکَاءَ فِی مَا رَزَقْنَاکُمْ فَأَنتُمْ فِیهِ سَوَاءٌ تَخَافُونَهُمْ کَخِیفَتِکُمْ أَنفُسَکُمْ کَذَلِکَ نُفَصِّلُ الْآیَاتِ لِقَوْمٍ یَعْقِلُونَ»
Ол сендерге өздеріңнен мысал келтіреді: Сендерге Біз берген несібе де, қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жұмсаған елге егжей-тегжейлі баян етеміз. (28).
Мүшіріктер Құдайға Құдайдың өзі жаратқан мақұлықтарын шерк етіп қосып, оларды Құдай сынды әлемнің істерінде ықпалды әрі құдірет иесі санады. Бұл аят мүшіріктердің бұрыс ойларын теріске шығарып, адамдардың өзінен бір мысал келтіріп: «Егер сендер құлдардың иесі болсаңдар, оларға өздеріңнің мал-мүліктеріңді талан-таражға салу құқығын бересіңдер ме? Сендердің өздерің сынды мал-мүліктеріңді талан-таражға салу құқығына ие деп, оларды өздеріңе серік етіп қосасыңдар ма?» дейді. Сендер қалайша өздеріңнің құлдарыңды өздеріңмен тең санамай, барлығы оның құлдары саналатын Құдайдың мақұлықтарын онымен тең санайсыңдар? Олардың Құдайдың істеріне араласуына ерік беріп, жаратылыс ісіндегі әртүрлі істерді атқаруды олармен байланыстырасыңдар? Егер сендердің құлдарың сендердің шеріктерің болса, Құдайдың мақұлығы да оған серік бола алады. Бірақ, егер сендер құлдарыңның шерктерің сынды рұқсатсыз мал-мүліктеріңді талан-таражға салғанын қабылдасаңдар, Құдайдың мақұлығының оның рұқсатынсыз Құдайға қатысты істерге араласуын қалай қабылдайсыңдар?» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Ұждан – ең жақсы төреші. Өзіміз сияқты қызметшілерімізді өзімізге серік санамайтын біз Құдаймен ешбір ұқсастықтары жоқ, оның жаратылыстары саналатын адамдарды немесе заттарды қалайша Құдайдың қатарына қойып, оған серік етіп қосамыз?
2.Құран аяттары адамға ақыл және қисын негізінде сөз айтып, адамдарды әрдайым ақылға салып, ойлануға шақырады.
«Рұм» сүресінің 29 аяты:
«بَلِ اتَّبَعَ الَّذِینَ ظَلَمُوا أَهْوَاءَهُم بِغَیْرِ عِلْمٍ فَمَن یَهْدِی مَنْ أَضَلَّ اللَّـهُ وَمَا لَهُم مِّن نَّاصِرِینَ»
Әрине залымдар білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ, оларға ешбір жәрдемші жоқ. (29).
Алдыңғы аяттың жалғасында Құдай ақыл және қисынмен қабылдауға лайық мысал келтірді. Осы аят былай дейді: «Құдайға серік қосатындар ақыл мен қисыннан алыстап, өздерінің нәпсілік тілектері мен қалауларына кіріптар болған. Олар ғылыми дәлелге ие болмастан, шеркке салынып, соңында өздеріне ең үлкен зұлымдық жасайды» дейді.
Ақыл мен ғылымға сүйенбей, өздерінің нәпсілік тілектерінің соңынан еретіндердің істерінің соңы – адасу. Олардың жетекшілікке ілінуіне үміт жоқ. Себебі, жетекшіліктің қажеттілігі – ақиқатты түсіну үшін адамды ғылым мен хабардарлыққа жеткізетін ақыл мен қисынға сүйену.
Бірақ, ақиқатты түсінгісі келмейтін адам тек өзінің нәпсілік тілектеріне жетуді қалайды. Мұндай адам ақылдың емес, жүрегінің қалауына ереді. Сол себепті, жолды таба алмайды. Өзі қаламаса, ешкім оған көмектесе алмайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
1. Тура жолдан таю – өзіне зұлымдық жасаудың бір түрі. Ислам мектебінде өзіне зұлымдық жасау басқаларға зұлымдық жасаудан кем емес. Себебі, бұл зұлымдық Құдай мен оның пайғамбарларына зұлымдық жасауға жеткізеді.
2. Құдайға шерк қосу бүгін де Будда мен индуизм сынды мектептерде әртүрлі пұттар мен адамдар және жануарлардың мүсіндеріне табыну сияқты түрде жалғасады. Бұлар – адамның жаңа дәуірдегі жәһілдігінің белгісі.
3. Бүгінгі адам барлық істерде ақыл және ғылыммен алға ілгерілейді. Бірақ жаратылыстың бастауы туралы сенімдерінде жәһілдік пен ырымшылдыққа салынған.