Ұлы тұлғаның алдында (69)
Жиһадтық басқару – қоғамның биік мақсаттарына жету үшін илаһи ниетпен саяси-экономикалық, ғылыми және мәдени салаларда күрес жүргізу негізінде адамдардың белсенділіктерін бақылау және оларды тиімді пайдалануда тынбай еңбек ету.
Жиһадтық мәдениет пен жиһадтық басқару – Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін ИИР-да қалыптасқан ұғымдардың бірі. Имам Хомейнидің (р.) х.ш.ж.с.б. 1358 жылдың хордад айының 26 күні жолдаған тарихи үндеуі елде жиһад қозғалысы мен жиһадтық басқару белсенділігінің бастамасы болды. Екі жиһадтық ұғымға негізделген қозғалыс Аллаға нық сеніммен Иранның өркендеуә жолында тынбай еңбек етіп, күресу деген мағынаны білдіреді. Халықтың жиһадтық қозғалыс аясында жиһадтық басқарумен атқарған қарқынды белсенділігі өте құнды нәтижелер берумен қоса, көптеген әсер қалдырып, көптеген қиындықтарды жойып, терең де ауқымды ықпалға ие болды. Бұл ықпал адамдар мен олар біріккен топтардың қарапайым өмірі, атсалысуға дайындығы, құрылу түрі мен адам күшінің құрамының нәтижесінен туындады. Осының бәрі біртіндеп бір мәдениетке айналды. Діндарлық, өз-өзін құрбандыққа шалу мен жанқиярлық, популизм, өз-өзіне сенімділік, мобильділік мен миссияны қабылдаушылық осы мәдениеттің мысалдары болып табылады. Бұл мәдениет Қасиетті қорғаныс жылдарында да өзіндік діни тағылымдарымен елдің аумақтық тұтастығын сақтауға көмектесті.
Жиһад діни ұғымда өз жаны, малы мен қабілетін ислам дінінің сөздері мен имандылық рәсімдерін орындау жолында қию ету дегенді білдіреді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дұшпанмен күресу мен талпыныс жасауды жиһадтың екі негізгі тірегі деп атайды. Ол осы туралы: «Жиһадтың критерийі семсер мен соғыс алаңы емес. Жиһадтың критерийі бүгінде парсы тілінде «күрес» деген сөзде бар ұғым мен түсініктен тұрады. Жиһад дегеніміз күрес. Парсы тілінде «соғыс» пен «жауласу» күрес деген мағынаны білдірмейді. Мен күресіп жатырмын, ғылыми күрес, әлеуметтік күрес, саяси күрес пен қарулы күрес жүргізіп жатырмын дейміз. Мұның барлығы – күрес. Оның өзіндік мағынасы бар. Күрес дегеніміз бір кедергі немесе бір дұшпанмен қарсыласуға бар күш-қуатыңды жұмсау. Егер адамның алдында ешбір кедергі болмаса, күрес болмайды. Асфальтталған жолда адам аяғын газға басып, бензинге толы бакпен жолға шығады. Мұны күрес деп атамаймыз. Күрес адам кедергіге ұшыраған кезде пайда болады. Бұл кедергі қарапайым адамның өмірінде дұшпанға айналады, ал табиғи жерлерде табиғи кедергі деп аталады. Егер адам осы кедергілерге қарсы тұрып, оларды жоюға талпыныс жасаса, бұл күрес деп аталады. «Жиһад» араб тілінде тура осы мағынаны, яғни «күрес» дегенді білдіреді. Жиһад Құран мен хадисте де осындай мағынада айтылған. Барлық жерде қарулы күрес деген мағынаны білдірмейді»,-дейді. Жиһад туралы осындай мағынаны Исламның ұлы пайғамбары (с.ғ.с.) мен Ахл-е бейттің жолынан айқын көруге болады. Имам Әли (ғ.) бұл туралы: «Алланың жолында өз қолдарыңмен жиһад етіңдер. Егер істей алмасаңдар, өз тілдеріңмен жиһад етіңдер. Егер олай да істей алмасаңдар, өз жүректеріңмен жиһад етіңдер» (Бахар ул-анвар, 100-том),-деген.
Жиһадтық басқару – қоғамның биік мақсаттарына жету үшін илаһи ниетпен саяси-экономикалық, ғылыми және мәдени салаларда күрес жүргізу негізінде адамдардың белсенділіктерін бақылау және оларды тиімді пайдалануда тынбай еңбек ету.
Осы басқару жүйесінде ислам дінінің үкімдері өмірдің стратегиясы мен жақсы өмірдің өлшемі ретіндегі көрсеткіш ретінде назарға алынады. Осы басқару жүйесінің мақсаты – қоғамда өмірдің сапасына айналатын құндылықтарды енгізу. Бұл тұрғыдан хазірет аятолла Хаменеи моджахедат, талпыныс, мақсат және иманды қажет ететін барлық әлеуметтік салаларға атсалысуды жиһад деп атап: «Жиһадтың бір түрі мынадай: сіз түннен таңға дейін бір зерттеу жобасын жазумен айналысасыз да, уақыттың қалай өткенін білмей қаласыз. Ойын-сауықты қойып, тән тыныштығын тастап, табысты жұмыстан бас тартып, уақытты ғылыми зерттеуге арнап, бір жаңа ғылыми ақиқатқа қол жеткізіп, оны бір гүл ретінде қоғамға тапсырса, сол жиһад болады»,-деді.
Өз-өзіне сенімділік – жиһадтық басқарудағы маңызды факторлардың бірі. Хазірет аятолла Хаменеи өз-өзіне сену рухы мен «біз істей аламыз» деген сенімді нығайтуды жиһадтық қозғалыстың қажеттіліктерінің бірі деп атап: «Өкінішке орай, ұзақ жылдар бойы ирандықтарды «істей алмайсыңдар» деп сендіріп келді. Алайда Ислам революциясы жеңіске жеткенінен кейін ұлы имам «Біз істей аламыз» деген рухты елдің саяси-революциялық мәдениеті пен әдебиетіне енгізді. Соның нәтижесінде қазір Иран халқының қарым-қабілеттері түрлі салалардан көрініс тауып жатыр»,-деді.
Иран атом қуаты мен жаңа ғылымдар, соның ішінде діңгекті жасушалар және емі қиын кейбір ауруларды емдеу саласында айтарлықтай ғылыми ілгерілеушіліктерге қол жеткізді. ИИР-ның талантты жастары әлемнің ғылыми салаларына көптеген бастамалар мен жаңалықтар ұсынып, спорт жарыстары алаңында көптеген жүлделі орындарға ие болды. Осының бәрі – Иран халқының өз-өзіне сенімділігінің нәтижесі. Шын мәнінде, өз-өзіне сенген қоғам әрбір сәтте сол сенімділікті мығым ұстауға талпынып, кедергілер мен дұшпандармен күреседі. Мұндай қоғам жауапкершілікті қабылдап, соқыр сенім мен жағымсыз еліктеуден алшақ болуы керек. Бұл қоғамдағы адамдар өздерінің жағымды да жағымсыз ерекшеліктерінен хабардар болып, ойлары мен істерінде өздерінің тәуелсіздігін сақтайды. Сол себепті, Ислам революциясының жетекшісі өз-өзіне сенімділік пен илаһи көмектерге сенімділікті жиһадтық басқарудың маңызды факторлары деп атап: «Жиһадтық басқарудың маңызды факторы – өз-өзіне сенімділік пен илаһи көмектер. Аллаға тәуекел етіп, Алладан көмек сұрау Алланың көңілі мен көмегінің тіпті алдын ала болжанбаған жолдар арқылы берілуіне жол ашады»,-дейді. Өз қарым-қабілетіне сенімділік үмбет имамының Иран халқына ұсынған сыйларының бірі болды. Ал Ислам революциясының жетекшісі үмбет имамының орынбасары ретінде осы тақырыпты сан рет баса айтып: «Имам айтқандай, біз істей аламыз. Біз ерік-жігерге ие болуымыз керек. Ұлттық ерік-жігер мен жиһадтық басқару түйіндердің барлығын шеше алады»,-деді.
Жиһадтық басқарудың келесі ерекшелігі – қоғамның биік мақсаттарына жету үшін қолда бар мүмкіндіктер мен әлеуеттерді пайдалану. Сондықтан, Ислам революциясының жетекшісі қоғамның дамуы үшін мүмкіндіктер мен қабілеттердің бар екендігін айтып: «Егер ұлт өз-өзіне келмей, өз-өзін күшейтпесе, басқалар оған күш көрсетеді. Күш-қуат жинаудан әлі алыс жатқан ұлттар бар. Олар әлемдегі зорлықшылдар мен алпауыттарға төтеп беру үшін күш-қуатқа ие болуға да үміттенбейді. Алайда біздің ұлт ондай емес. Бізде мықты болу қабілеті жоғары. Мүмкіндіктер мен әлеуеттер де баршылық. Біздің ұлтымыз ұлттық мерей тарапына қарай жол тартуда. Біраз жолды жүріп өтті. Осы негізде биылғы жылдың жалпы картасын ұлттық ерік-жігер мен жиһадтық басқаруға негізделген осы екі элемент – экономика мен мәдениет саласынан көре аламыз»,-деді.
Жиһадтық басқару қиыншылықтар мен кедергілерді түбегейлі жою үшін олармен ғылым мен білім тұрғысынан күресу болып табылады. Сондықтан, осындай басқарудың принципті негіздерінің бірі – ғылым мен көрегендік.
Хаменеи: «Егер жиһадтық басқару немесе илаһи ниетпен еңбек етіп, талпыну ғылым мен көрегендікке негізделсе, елдің қиындықтары әлемдік алпауыттардың сұрқия қысымдары жағдайында да, басқа жағдайда да шешіле алады. Сонда ел ілгерілеуін жалғастырады» дейді. Хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының революцияның басынан осы күнге дейін жиһадтық рухпен кіріскен барлық жерде сәттілікке жеткенін айтып: «Біз мұны Қасиетті қорғаныста, жасампаз жиһадта көрдік. Ғылыми қозғалыста да көрдік. Егер біз әртүрлі салаларда жиһадтық рухқа ие болсақ, яғни жұмысты Құдай үшін байсалдылықпен және талмай атқаратын болсақ, бұл қозғалыстың ілгерілейтіндігінде күмән жоқ»,-деді.
Әрбір қоғамдағы үлкен істер – жоғары талпыныстың нәтижелері. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, «Қарапайым жүріспен ілгерілеуге болмайды. Салғырт, ұйқылы-ояу бейжай жүріспен үлкен іс тындыруға болмайды. Ол үшін үлкен бір жиһадтық талпыныс керек. Жиһадтық қозғалыс пен жиһадтық басқару осындай істер үшін қажет. Қозғалыс ғылымға негізделген мықты бағдарлама мен күреске ие болуы керек».
Әрине бұл жоғары талпыныс таза ниетпен қоғам мен діни бауырларға қызмет көрсетуге бағытталса ғана құнды болады. Ислам революциясының жетекшісі елдің мүдделеріне қызмет ету ниетімен жауапкершілік алуды ең үлкен жиһадтық іс деп атады: «Егер бұл жауапкершіліктер елдің мүдделеріне қызмет ету ниетінен басқа кез келген жеке мақсаттардан ада байсалды түрде жасалса, ең үлкен жиһадтық іс болады. Жиһадтық іс дегеніміз осы. Әртүрлі стимулдарды араластырмай, басымдықтарды назарда ұстау қажет».
Жиһадтық басқарудың тағы бір көрсеткіші – дұшпанды тану. Өзінің дұшпанын танып білмеген және оның қауіп-қатерлерінен хабарсыз қоғам онымен күресу үшін дұрыс жоспар жасай алмайды, тиімді қорғаныс саясатын қабылдау мүміндігінен кенде болады. Тарих бойында дұшпаннан қапы қалып, тиісті хабардарлық пен көрегендіктің болмауынан өлімші халге түскен үмбеттер қаншама. Имам Әли (ғ.) өз сөзінде осы жайлы: «Дұшпаннан қапыда қалған адам оның айла-шарғысын ұйқыдан оятады»,-деді.
Сол себепті дұшпанды тану жетекшінің жолнұсқауларында ерекше орынға ие болған. Ол жиһадтық басқару көрсеткіштерінің бірін дұшпанды тану деп атап: «Дұшпанды танып, оның дұшпандығын түсініп, жоспарын анықтау керек. Сонда университетті, министрлік пен осы салалардағы кез келген бөлімдерді басқару жиһадтық басқару болмақ»,-деді.