Шіл 22, 2017 10:20 Asia/Almaty
  • Илаһи басшылар 5

Бүгінгі бағдарламамызда пайғамбардың Меккеден Мединеге қоныс аудару және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с)-тың үкімет құру кезеңдеріне байланысты оқиғалар жайлы сөз қозғаймыз.

Илаһи басшылар

Күндер мен айлар өтіп жатты. Пайғамбар (с.ғ.с)-дың аузынан Құранның жігерлендіретін айтылып, лайықты адамдардың жүректері мен жандарын баурап алып отырды. Алланың елшісі халықты бір Құдай мен таухидке шақырды. Пайғамбар (с.ғ.с) пұтқа табынушылық, құл иеленушілік, өсімқорлық пен жәһілдік сынды теріс әдеттерді сынаған. Жарқын нұр сыйлайтын уәһи аяттардың түсуі мүшіріктердің басшыларының алаңдаушылығын тудырды. Мұхаммад (с.ғ.с) Меккеде 13 жыл бойы ауыр әрі қиын жағдайда азаптаулар мен қорлықтарға қарамастан, Исламның қағидаларын таратты. Алайда мүшіріктердің мұсылмандарға қатысты азаптау мен қудалау әрекеттері Алла елшісінің Исламды қолайлы жағдай мен кеңістікте насихаттауы үшін Меккеден Ясриб (Медине) қаласына қоныс аударуға шешім қабылдауына себеп болды.

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с)-тың Медине қаласына келуі Пайғамбар мен мұсылмандардың өмірінде жаңа кезеңнің басталуына себеп болды. Исламда Алланың жолында және дінді тарату үшін қоныс аудару джиһадпен тең саналады. Қоныс аудару деген бұрынғы қызығушылықтардың барлығынан бас тартып, бұрыс қылықтар мен қате әдет-ғұрыптарды қойып, жәһілдіктен нұр мен даналыққа қарай қадам басу дегенді білдіреді. Пайғамбар мен мұсылмандардың Меккенің тұншықтырушы ортасынан адалдық пен бауырластық қаласы болған Мединеге қоныс аударуы Исламның жеңісі мен оның әлемге кең таралуындағы ұзақ жолдағы алғашқы қадамы саналады. Екінші халиф хазірет Әли (ғ.с) сол жылды Ислам тарихының басы ретінде ұсынған кезде баршаның назары Меккеден Мединеге қоныс аударудың маңыздылығына ауысты.

Пайғамбардың Меккеден Мединеге қоныс аударуы

Ясриб екі ірі еврей тайпасы және ішінде ең маңызды аус пен хазрадж саналатын көптеген көшпенді тайпалардың қоныстанған мекені болды. Бұл мәселе экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан алғанда халықтың бойында толеранттықтың қалыптасуына себеп болды. Сол себепті, бұл қалада жаңа дінді қабылдау үшін қажет әрі қолайлы негіздер болып, Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с) дінінің Ясрибте қабылдануына жол ашылды. Жыл сайын Ясрибтің тұрғындары қажылық рәсімдеріне қатысу арқылы Исламмен терең танысып, қызығушылық танытып, Алланың елшісіне келіп, иман келтіретін.

Ислам пайғамбарының пайғамбарлық міндетінің басталғанына он екі жыл толғанда Меккеге Ясрибтің он екі тұрғыны келеді. Олар Ақаба елді мекенінде Пайғамбар (с.ғ.с)-ға адалдыққа ант еткен. Бұл ант беру ислам тарихында «Ақабаның бірінші келісімі» деп аталады. Ясрибке қайта оралған кезде Пайғамбар (с.ғ.с) өзінің дана сахабаларының бірі Мосаб бин Омарды оларға Құран үйретіп, Ислам тағылымдарынан сабақ беру үшін жібереді. Осы адал сахабаның талпыныстарының арқасында Ясриб халқының көпшілігі Ислам дінін қабылдайды.

Пайғамбарлық міндеттің он үшінші жылы өткен қажылық рәсімдерінде Алла елшісінің (с.ғ.с) жанына бұрынғыдан көбірек халық жиналып, мұсылмандықты қабылдайды. 73 еркек пен әйелден құралған Ясрибтен келген қажылар тобы ташриқ күндерінің ортасында (зулхиджа айының 11-13 күндері, Құрбан айттан кейінгі үш күн) Ақаба елді мекеніндегі Мина жерінде иман келтіріп, пайғамбар мен оның сахабаларына өз отбасы мен тайпасына қолдау көрсеткендей, хазіретке адалдық сертін берген (Ибн Халдунның Тарихы,1-том: 392).

Мұсылмандар Ақабада ант берген жерде мешіт салып, кейін ол мешіт «Бейат» мешіті деген атпен танымал болады.

Құрайыш тайпасы аус және хазрадж тайпаларының Пайғамар (с.ғ.с)-ға адалдыққа ант беруінен  хабардар болғаннан кейін мұсылмандарға қатігездіктерін күшейткені соншалықты, Меккедегі мұсылмандардың өмірі қиындай түседі. Олар Алланың елшісінен (с.ғ.с) Меккеден қоныс аударуға рұқсат беруді сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с) оларға Мединеге жол тартып, ансар бауырларының жанына баруды бұйырып: "Ұлы әрі құдіретті Алла сендерге ол жерде жақсы бауырлар мен қауіпсіз мекен берді",- деді.

Мұсылмандар Пайғамбар (с.ғ.с)-дың бұйрығымен құрайыш тайпасының мүшіріктерінен бассауғалап, топталған түрде Ясрибке қарай жол тартты. Меккеде Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабаларының аз бөлігі және әйелдер мен қарт кісілерден басқа ешкім қалмаған еді. Құрайыштар олардың көшуінен хабардар болып, мұның қауіпті екенін сезеді. Себебі, Медине жақын арада оларға қарсылардың берік орталығына айналып, олардың мүдделеріне қатер төндіретін болмақ. Сол себепті құрайыш тайпасының басшылары Дар ул-Надва мекенінде бас қосып, осы мәселе жайында кеңеседі.

Дар ул-Надвада құрайыш тайпасының жасы қырықтан асқан қырыққа жуық басшысы мен ақсақалдары жиналады. Бұл басқосуда алдымен Абу Жәһл: "Бір адам Пайғамбарды (с.ғ.с) өлтірсін. Бани Һашем әулеті оның қанының төгілгені үшін қарсы шыққанда оларға он есе құнын береміз",- деп ұсыныс жасайды. Басқа бір кісі  Пайғамбар (с.ғ.с)-ды қамауға алуды ұсынады. Ал тағы бір адам Пайғамбар (с.ғ.с)-ды Меккеден жер аудартып, қаладан алыстату ұсынысын жасайды. Алайда бұл ұсыныстардың ешқайсысы қабылданбайды. Сол кезде бір кісі әр тайпадан бір-бір ержүрек азамат шығып, Пайғамбар (с.ғ.с) түнде ұйқыда жатқанда оған барлығы бірдей шабуыл жасап, семсермен өлтіруді ұсынады. Сонда пайғамбар әулетінің барлық тайпамен күресуге шамасы келмейтінін айтады. Осы ұсыныс кеңес мүшелері тарапынан қабылданады. Содан кейін әр тайпадан бір адамнан таңдалып, бұл жоспарды жүзеге асырудың уақыты да анықталады. Ол раби ул-аууал айының алғашқы түні етіп бекітіліп, тарих бетіне "ләйләт ул-мәбит" деген атпен қалады.

Ләйләт ул-мәбит

Құрайыш тайпасының кәпірлері Пайғамбар (с.ғ.с)-ды қастандықпен өлтіру жоспарын іске асыру үшін түн ортасында оның үйін қоршауға алып, таң атарда оған шабуыл жасайды. Бірақ, Пайғамбар (с.ғ.с)-дың орнында Әли (ғ.с)-дің жатқанын көреді. Хазірет Әли қастандық жасаушылардың Пайғамбар (с.ғ.с) өз төсегінде ұйқтап жатыр деп ойлауы үшін өз жанын құрбан етуге бел байлайды. Олар Пайғамбар (с.ғ.с)-ды табу үшін бар күштерін салып, мүмкіндіктерін пайдаланып, үш күн бойы хазіретті іздейді. Ақырында оны таба алмаған соң істерінен бас тартады.

Құба Ясрибтің орталығынан алты шақырым қашықтықта орналасқан. Мұның алдында Меккеден Мединеге қоныс аударған мұсылмандардың басым бөлігі сол аймақтың исламды жаңадан қабылдаған адамдардың үйінде тұрған. Олар Пайғамбар (с.ғ.с)-дың Меккеден Мединеге қоныс аудару туралы хабарын естігенде ол хазіреттің келуін күнде күткен. Хазірет Құбаға келген кезде Ясриб халқының 500 адамы қарсы алады. Медине қаласының тұрғындары Пайғамбар (с.ғ.с)-дың жанын сақтап қалуда өз міндеттеріне беріктігін көрсету үшін қолдарына қару ұстаған күйде «Аллаһу әкбар» тәкбірін айтып, пайғамбарды қарсы алады. Ол хазірет өзінің туыстары, атап айтқанда күйеу баласы Әли (ғ.с) мен қызы Фатима (ғ.с) келгенше Құбада бірнеше күн қалады. Одан кейін аус пен хазрадждың түрлі тайпалары мен көптеген еврей тайпалары мекен еткен Ясрибке қарай жол тартады.

Құба мешіті Ислам әлемінің алғашқы мешіті саналады. Бұл – хижраттың бірінші жылы салынған Медине қаласынан тыс жерде орналасқан мешіт.

Әрбір тайпаның мұсылмандары Алла елшісін (с.ғ.с) күту құрметіне ие болу үшін ол хазіреттің келуін күтті. Хазірет бір тайпаны басқа тайпадан алаламау үшін: "Түйемнің шөккен жері менің тоқтап, қоныстанатын жерім болады",- дейді. Пайғамбардың түйесі Абу Айюб Ансаридің үйіне жақын жерге шөгеді. Абу Айюб хазіреттің заттарын үйіне алып кіреді. Оның үйі екі ғана бөлмеден тұрды. Ол соның біреуін Пайғамбар (с.ғ.с)-ға ұсынды. Пайғамбар (с.ғ.с) оның үйінде мешіттің жанынан өзіне кішігірім үй салғанға дейін жеті ай тұрды. Осылайша, пайғамбардың нұры түскеннен кейін Ясриб халқының Ислам мен пайғамбарға деген махаббаты артып, олар өз қаласының есімін "Мединейе ар-Расул", яғни «пайғамбардың қаласы» деп ауыстырып, оны қысқартып «Медине» деп атайды.

Мұсылмандардың Мекке мен басқа жерлерден Мединеге қоныс аударуының шарықтау шегі Медине қаласында ерекше жағдай мен мүмкіндіктерді талап етті. Мединенің тұрғындары жаңадан мұсылман болған бауырларын жылы қарсы алып, олармен өз мал-мүліктерімен бөліскен. Ансарлар деп аталған Мединенің мұсылмандары бірнеше ай бойы көшіп келген мұсылмандар мен Пайғамбар (с.ғ.с)-дың азық-түлігі мен басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырды. Аз уақыттың ішінде Медине мұсылмандардың орталығына айналды. Олар өз қатынастарын жаңа діннің қағидаларына сәйкес нығайтты. Медине халқының басым бөлігі ислам дінін қабылдап, мүміндер қоғамын құру үшін қолайлы кеңістік қалыптастырды. Пайғамбар (с.ғ.с) Құран аяттарына жүгініп, барша мұсылмандардан өз қаласы, үйі мен тайпасын тастап, Мединеге көшіп келуді сұрайды. Бұл шариғат бойынша айтылған уақытша тапсырма болды. Пайғамбардың (с.ғ.с) өзінен рұқсат алмайынша,  ешкімнің оны орындаудан бас тартуына құқығы жоқ еді. 

Мұсылмандардың Меккеден Мединеге қоныс аударуы – адам баласының оянуы мен өмірінің жаңа кезеңінің басы

Мұсылмандардың күшеюі мен Пайғамбар (с.ғ.с) тағылымдарының таралуының жалғасында ұлы Ислам өркениеті ақырындап қалыптаса бастады. Мұсылмандар көптеген шарықтаулар мен құлдырауларға қарамастан,  таухидке сенім және Пайғамбарға деген махаббаттың арқасында Исламның нұрын бүкіл әлемге паш етіп, Ислам мұсылман қауымына жаңа болмыс сыйлап, Пайғамбар үмбетінің өмірі мен оянуының жаңа кезеңі басталды.

Тегтер