Там 05, 2017 22:27 Asia/Almaty

Рух материалдық дүниеге бағыныштылықтан арылған кезде Құдайды басқа кезден жақсырақ түйсініп, еркіндік, бойсұнушылық, кішіпейілдік, жомарттық және тағы басқа құнды қасиеттерге ие болады. Еркін адам халықтан алшақтамайды, Аскеттер сияқты оқшаулықты таңдамайды, керісінше халықтың арасына барып, қиындыққа душар болғандарға қолынан келгенше көмектесуге тырысады.

Азаттық – адамдардың армандарының бірі. Батыстың либералистік көзқарасы бойынша еркіндік адам тәнінің ләззаттарына ұмтылумен шектелсе, ислам бұдан жоғарырақ қадам жасап, рухтың азаттығын көздейді. Рух материалдық дүниелер мен өткінші ләззатттарға бағыныштылықтан арылған кезде теңдессіз сипаттарға ие болады.

Рух материалдық дүниеге бағыныштылықтан арылған кезде Құдайды басқа әр кезден жақсырақ түйсініп, еркіндік, бойсұнушылық, кішіпейілдік, жомарттық және тағы басқа құнды қасиеттерге қол жеткізеді. Еркін адам халықтан алшақтамайды, аскет сияқты оқшау болуды таңдамайды, керісінше халықтың арасына барып, қолынан келгенше қиындыққа душар болғандарға көмектесуге тырысады.

Тек еркін адам ғана адамдықтың ең жоғары дәрежесі, яғни жанпидалыққа жетіп, басқа адамдардың тыныштығы мен әл-ауқаты үшін жанын қиюға дайын болады. Осындай өз-өзін пида етудің жоғары дәрежесі – рухтың еркіндікке қол жеткізуінің нәтижесі. Мысалы, ислам пайғамбары (с.ғ.с.) ұрпақтарының бірі Хосейн бен Әли (ғ.) Ашура күні дұшпандарға: «Егер дінсіз болып, қияметтен қорықпасаңдар, тым құрығанда өз дүниелеріңде еркін болыңдар»,-деген.

Азаттықты жүгенсіздік деп түсініп, ләззат алу жолында шектен шығатын адамдар тек өздерін ойлайды. Басқалар олар үшін  ләззат алуға көмектескенге дейін құнды, әйтпесе мүлдем маңызды емес. Тән азаттығының мақсаты көбірек ләззат іздеуде. Мұндай көзқараста жанпидалық мағынасын жоғалтады. Сол себепті Батыс дүниетанымындағы азаттық пен исламдағы осыған қатысты асқақ ойдың арасында айырмашылық көп.

Шын мәнінде исламдағы азаттықта илаһи тамыр бар. Онда барлық мәселелер қамтылған. Ал Батыста бұлай емес, өйткені онда тек әлеуметтік мәселелер қамтылған, заңдық шектеу жоқ. Осы фактор қоғам мен жанұяларда жүгенсіздіктің орын алуына себеп болады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи айтқандай, «Исламда үлкен құрметке ие  әлеуметтік азаттық егер бір ұлттың рухани немесе материалдық құндылықтарын зая кетіру үшін қолданылса, зиян. Тұрақты құндылықтар мен ақиқаттардың бұл еркіндікті шектейтіні айқын. Ақлақ пен діни құндылықтарды сақтаумен қатар жүрмеген еркіндік жүгенсіздіктің артып, басқа адамдардың құқықтарының аяққа тапталуына соқтырады. Осы тұрғыдан діни құндылықтар мен діндарлық сақталмаған азаттық әртүрлі салаларда бейберекеттіктің туындауына себеп болады. Қазір Батыста осындай жағдайға куә болып отырмыз».

Азаттық – тарих бойында адамзат баласының аңсап келген армандарының бірі.  Құлдарды құл иеленушілердің қолынан азат ету, пұтқа табынушылардың зұлымдығынан құтылу және тағы да басқа осындай биік мұраттар азаттық саналады. Әрбір адам еркін болуға құқылы. Тарих бойында әртүрлі тәсілдермен және әралуан кедергілермен, соның ішінде нәпсіқұмарлықтан немесе ішкі пұтқа табынушылар мен сыртқы алпауыттардың зұлымдығынан адамдар азаттығынан айырылып отырды. Адамның еркіндікке қол жеткізуге талпынуы – исламның жолнұсқауларының бірі. Ислам революциясының жетекшісі  азаттықты ислам тағылымдарының болмысында бар нәрсе деп атап: «Батыстан шыққан кейбір ұғымдарға керісінше, азаттық көне ислам мұрасында бағзы заманнан басталады. Ол Батыстан енген ұғым емес. Исламның  болмысынан, діни мәтіндер мен бейкүнә жандардың өмір жолынан  көрініс тапқан. «Азаттық» мәселесі – Құран Кәрімде және имамдардың сөздерінде ерекше аталған тақырыптардың бірі. Біздің азаттық және әлеуметтік мәселелерде азаматтық құқықтарды қамтамасыз етуге деген сеніміміз әріден басталады. Оның діни негізі бар»,-дейді.

Аятолла Хаменеи азаттықты селқостық деп түсіндіруді қате санайды. Оның пікірінше, азаттықтың да өз шегі мен шеңбері бар. Ол ешбір шартсыз бостандықтарды улы тағамдар сияқты қатерлі деп атап: «Тіпті либерал елдерде де азаттықтың мықты заңды шарттары бар. Азаттық селқостық емес. Азаттық барлық ережелерден бас тарту дегенді білдірмейді. Алланың берген ұлы нығметі саналатын азаттықтың өзінде ережелер мен қағидалар бар. Қағидасыз азаттықта еш мән жоқ. Егер героин мен денені улап, жанұяларды бақытсыздыққа ұшырататын басқа заттарды біреу адамдарға таратқысы келсе, бұған бейжай қарап отыруға болмайды. Адамдар өнер, шешендік өнер, әртүрлі құралдар мен ақшаны пайдаланып, халыққа қарақшылық жасап, олардың иманына қол сұғып, халықтың исламдық-революциялық мәдениетінде олқылық тудырып жатса, оған «азаттық деген осы» деп құр қарап отыра алмаймыз. Мұндай азаттық еш жерде жоқ. Әлемнің ешбір жерінде! «Азатпыз» деп уәж айтатын елдердің өзінде шектеулер бар. Олар сол шарттардың сақталуын қатты қадағалайды. Өздеріңіз көріңіздер, еуропалық елдерде адам Холокост туралы айтуға батпайды. Бұл оқиғаның шын-өтірігі белгісіз. Егер шын болса, қалай жүзеге асырылды. Холокост жайлы пікір білдіру,  оған күмән келтіру ең үлкен күнәлердің бірі саналады. Пікір білдірген адамды тұтқындап, түрмеге қамайды, сот арқылы қудалайды. Сөйте тұра, азаттықты қорғаушымыз деген уәж айтады. Өздері үшін шектеу саналатын нәрсені жан-тәнімен қорғайды. Солай бола тұра, бізге өз наным-сеніміміз, революциялық шарттар мен жастарымызға көңіл аудармауға қалай кеңес береді?»,-деді.  

Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында ләззат қууды азаттықпен тең санайтын және осы көзқарасты таратуды көздейтін адамдарға: «Ләззат қууды қолайлы, құнды іс санайтын адамдар «гедонизмді» таратады. Бұл – Батыс мәдениетінің өнімі. Біреу есірткі шегуден ләззат алады, басқа біреу нәпсіқұмарлықтан ләззат алады. Үшіншісі адамдарды ұрып-соққаннан ләззат алады. Адамның ләззат алуына себеп болатын нәрсенің барлығын рұқсат етілген деп санайтын адамдарға бейжай қатынас көрсетуге  болмайды»,-деді.

Құран тұрғысынан адам табиғатынан жақсы мен жаманды біледі, бұл екеуін бір-бірінен айыра алады. Адам өмірдегі жүріс-тұрысы мен істері жайлы ойланып, дұрыс ғамал-әрекеттерді бұрыстан айыра алу қабілетіне ие. Алла Тағала «Шамс» сүресінің 8-аятында күн мен ай, күндіз бен түн, аспан мен жер және адамның жанымен ант етіп: «Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт»,-дейді.

Адам осындай танымына байланысты жақсылық пен жамандықтықтың қайсын таңдаймын десе де ерікті. Ислам тұрғысынан адамның өзі жақсылық пен жамандықты түсініп, осы түсінік негізінде дұрыс жолды таңдай алатын болғандықтан ерікті, азат деп саналған.

Сонымен қатар, табиғатынан жақсылық пен жамандықты тану қабілетімен қоса, адам – ақылды тіршілік иесі. Ол осы ақылдың көмегімен жақсы мен жаманды анықтай алады. Ислам тұрғысынан ақылдың негізінде қол жеткізілетін таным – шынайы таным. Сондықтан, адам бойындағы ақыл  одан таңдай алатын тіршілік иесін жасайды деп айтуға болады. Ақыл адам үшін өз өмірінде ықпалды боларлықтай мүмкіндік тудырады. Осылайша ақылдың негізінде адамның еркіндігі жайлы нәтиже шығаруға болады. Яғни, болмыс-бітім мен ақыл – адамның еркіндігін нығайтудың тіректері мен негіздерінің бірі.

«Тәуелсіздік, азаттық, Ислам республикасы» деген ұранмен басталып, тамыр жайған Иран Ислам революциясы ислам тағылымдарынан бастау алады. Аятолла Хаменеи ислам көздейтін шынайы азаттық туралы былай дейді: «Исламда адам еркіндігінің басты негізі – таухид. Орталық нүкте – таухид. Таухид тек Аллаға сенуден тұрмайды, ол Аллаға сенуден, пұтқа табынушыларды күпір деп санаудан, Алланың ұлылығын қабылдау мен одан басқаның ұлылығын қабылдамаудан тұрады. «Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық («Әли Имран» сүресі, 64-аят)». Онда «Біреуді Аллаға серік қып қоспаңдар» демейді, «Ештеңені Құдайға серік қып қоспаңдар» дейді. Яғни, егер сіз дәлелсіз дағдыларды ұстансаңыз, бұл таухидке қарсы. Адамдарға табынсаңыз да, солай болады. Қоғамдық жүйелерді ұстансаңыз да, солай. Алланың еркі мен рұқсатынан бастау алмаған жерде мұның барлығы шерк, яғни Құдайға серік қосу болып саналады. Таухид осы шерктен бас тартудан тұрады. «Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады» («Бақара» сүресі, 256-аят). Пұтқа табынушыларды кәпір санаған соң, артынан Құдайға иман келеді. Мұның мәні – сол азаттық. Яғни, сіз Алланың ұлылығынан басқа барлық шектеулерден азатсыз».