Жетекшілік хадисі 123
Қарғыс айту да тілдің әрекеттерінің бірі. Оның оң және теріс тұрғысы бар. Яғни, дұрыс қолданылса Аллаға жақындатады, ал егер қарғыс орынсыз болса, Алланың рақымынан алыстатады.
Кез келген нығмет сынды тілді дұрыс және бұрыс жолда қолдануға болады. Алла елшісі: «Екі жағының арасындағы нәрсені, яғни тілді қорғайтын адамға жаннатты уәде етемін»,- деген болатын. Қарғыс айту да тілдің әрекеттерінің бірі. Оның оң және теріс тұрғысы бар. Яғни, дұрыс қолданылса Аллаға жақындатады, ал егер қарғыс орынсыз болса, Алланың рақымынан алыстатады. Ислам діні мейірімділік пен махаббатқа сүйенеді. Достармен достасып, дұшпанға дұшпандық білдіру – әртүрлі мәдениет пен әртүрлі діндердің негіздерінің бірі. Негізінде, махаббат пен жақсылықты жақсы көріп, жамандықтан жиіркену барлық адамдардың болмысында қалыптасқан нәрсе. Ислам – достық пен дұшпандықты қуаттайтын діндердің бірі. Мұсылман шындық пен жалғандыққа, әділет пен зұлымдыққа, жақсылық пен жамандыққа деген махаббаты мен жиіркенішін білдіргені жөн. Қарғыс – зұлымдық пен келісімді бұзушылыққа білдірген реакция. Құран Кәрімнің «Мәида» сүресінің 13-ші аятында: «Сонда олардың серттерін бұзуына байланысты оларға лағынет етіп, жүректерін қатайттық»,- деп айтылған. Язид бен Муавие әскерінің қолынан құрбан болған имам Хусейн (ғ.с.)-ның зияратнамасынан: «Пайғамбар әулетіне зорлық-зомбылық пен зұлымдық жасайтын топты Алла лағынет етеді»,- деп оқимыз. Кейбір адамдар сырт көзге мүмін көрініп, аздаған қиындық пен қысым көрсе, ашуланып, балағаттап, қарғыс айтуға дейін барады. Алла елшісі: «Мүмін лағынет айтушы емес»,- деген. Егер зұлымдық пен әділетсіздік орын алса, бірінші кезеңде адасқан адамдарды дұрыс жолға нұсқауға талпынады. Егер олар зұлымдық пен жамандықтан алыстамай, олардың болғаны басқалардың болмағанына себеп болатын болса, қарғыс айтуға рұқсат беріледі. Ислам барлық адамдарға қарғыс айтудан тартынуды насихаттайды. Имам Бақер (ғ.с.): «Егер бір адам басқа адамға орынсыз қарғыс айтса, қарғысы өзіне оралады. Сондықтан, өздеріңді қиындықтарға душар етпес үшін қарғыс айтудан абай болыңдар» деген. Имам Садық ( ғ.с.) бұл туралы: «Алла Тағала: «Ғиззатым және ұлылығыммен ант етемін. Өзіне жасалғандай зұлымдықты басқаға жасаған адамның дұғасын қабылдамаймын»,- деген. Қарғыс айтқан кезде қарғыс айтылған адамның илаһи азабқа ие болмағанын байқаған жоқ. Өйткені, ешбір адамға қарғыс айтуға болмайды. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.): «Лағынет ауыздан шыққан соң қарғыс айтқан және қарғалған адамның ортасынан орын алады. Егер қарғыс қарғалған адамға сай болса, оған тиеді. Егер сай болмаса оны айтқан адамның өзіне оралады»,- деген. Сондықтан, лағынет пен қарғыстың әсері бар. Егер орынсыз болса, қарғаған адамға қайтып оралады. Имам Бақер (ғ.с.): «Мүмінге лағынет айтудан абай болыңдар, өйткені өздеріңе оралады»,- деп ескерткен. Бір күні бір адам пайғамбар ол туралы ескерту жасаған адамды лағынет еткен кезде Исламның ұлық пайғамбары: «Күнә жасаса да оны лағынет етпе, ол өз жазасын алды. Бірақ, ол Алла мен Алланың елшісін жақсы көреді»,- деген.Қарғыс – зұлымдық жасаған адамнан кек алудың бір түрі. Исламдық мәдениетте әсіресе мүміндер мен жақындарынан кек алудан гөрі оларды кешіру көп қуатталған. Сондықтан, ешбір мүмін өзінің мүмін бауырының қарғысына лайық емес.