"Рұм" сүресі, 724-ші бөлім, 35-38 аяттар
"Рұм" сүресінің 35-38 аяттарының тәпсірі
"Рұм" сүресінің 35 аяты:
«أَمْ أَنزَلْنَا عَلَیْهِمْ سُلْطَانًا فَهُوَ یَتَکَلَّمُ بِمَا کَانُوا بِهِ یُشْرِکُونَ»
Немесе оларға Аллаға ортақ қатуларын айтатын бір дәлел түсірдік пе? (35)
Бұл аят шерк пен мүшіріктердің наным-сенімдерін теріске шығарған алдыңғы тақырыптың жалғасында былай дейді: "Құдайға шерк қататын мүшіріктердің бұл іске дәлелдері бар ма? Олар табиғат жүйесі мен өздерінің болмыстарынан Құдайдың серігі бар дегенді білдіретін белгілер тапты ма немесе Құдай тарапынан оларға кітап түсіп, сол кітапта Құдай "Менің серігім бар" деп мойындап па? Бұлардың еш біреуінің де болмағаны, мүшіріктердің жәһілдік пен ата-бабаларының жолына әсірешілдікпен еріп, сол наным-сенімдеріне қатысты олардың ешбір ақылға қонымды дәлелге ие емес екендіктері белгілі. Осы аяттан үйренетініміз:
1. Ислам – қисын мен дәлел діні. Бұл дін өзінің қарсыластарынан дәлел келтіруді сұрайды.
2. Мықты да терең дәлелдерге ие таухидке қарсы шерктің тамыры жоқ. Шерк қисынды дәлел мен дәйектен кенде.
"Рұм" сүресінің 36 аяты:
«وَإِذَا أَذَقْنَا النَّاسَ رَحْمَةً فَرِحُوا بِهَا وَإِن تُصِبْهُمْ سَیِّئَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَیْدِیهِمْ إِذَا هُمْ یَقْنَطُونَ»
Қашан адам баласына бір жақсылық татырсақ, сонда ол оған мәз болады да, егер өздерінің қолекі істегендерінің салдарынан бір жамандық келсе, сонда олар күдер үзеді. (36)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят мүшіріктердің немесе имандары әлсіз адамдардың ерекшеліктерінің бірін "Олар тәкәппарлық пен үмітсіздіктің ортасында теңселіп жүреді. Нығметке бөленген кезде тәкәппарланып, қиындық пайда болғанда үмітсіздікке салынады" дейді. Нағыз мүміндер шүкіршілік пен сабырдың ортасында өмір сүреді. Олар Алланың нығметтеріне шүкіршілік білдіріп, қиындықтардың алдында сабырлы да шыдамды.
Осы аят пен осыған ұқсас аяттарда нығметтер Құдай тарапынан берілетін рақым, оған керісінше, тауқіметтер мен қиыншылықтар біздің өзіміздің іс-әрекеттеріміздің салдары деп аталған. Себебі, Құдай құлдарына мейірім мен махаббаттан өзге ештеңе қаламайды. Адамның қиындықтарының көбісі өздерінің қылықтары мен бұрыс іс-әрекеттерінің немесе басқалардың зұлымдықтары мен зорлық-зомбылықтарының салдары.
Осы аяттан үйренетініміз:
1. Имансыз немесе имандары әлсіз адамдардың мөлшерлері төмен. Олар аздаған нығметке масаттанып, тәкәппарланып шыға келеді. Азғана қиындық пен машақат көрсе, тығырыққа тіреліп, үмітсіздікке салынады.
2. Дүниелік нығметтер тұрақсыз. Адам оларға бауыр баспауы керек. Кері жағдайда соларды жоғалтып алса, үмітсіздікке салынады.
"Рұм" сүресінің 37-38 аяттары:
«أَوَلَمْ یَرَوْا أَنَّ اللَّـهَ یَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن یَشَاءُ وَیَقْدِرُ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ لِّقَوْمٍ یُؤْمِنُونَ»، «فَآتِ ذَا الْقُرْبَى حَقَّهُ وَالْمِسْکِینَ وَابْنَ السَّبِیلِ ذَلِکَ خَیْرٌ لِّلَّذِینَ یُرِیدُونَ وَجْهَ اللَّـهِ وَأُولَـئِکَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ»
Расында Алла қалаған құлына несібесін кеңітіп, тарайтқанын көрмей ме? Күдіксіз, бұнда сенген қауымға белгілер бар. (37)
Ендеше жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға хақысын бер. Алланың ризалығын көксегендер үшін осы жақсы. Міне, солар құтылушылар. (38)
"Кейбір имандары әлсіз немесе мүмкіндіктері төмен адамдар илаһи нығметке ие болған соң масаттанып, кеудемсоқтыққа салынып, нығметтерден айрылған соң үмітсізденеді" деген алдыңғы аяттан соң осы аят былай дейді: "Иманды адамдар ырзықтарының Құдайдың қолында екендігіне, оның азайып немесе артуының Алланың ғылымы мен хикметі негізінде екендігіне сенеді. Байлыққа ие болу үшін адамдардың көп еңбек еткеніне қарамастан тапқан пайдаларының шамалы екендігі жиі кездеседі. Бірақ, кейбір адамдар қалыпты түрде талпыныс жасап-ақ көп пайдаға кенеледі. Маңызды жайт, ол табиғи, қалыпты жағдайда орындалатын біздің талпыныстарымыз бен еңбегімізде. Бірақ, сол талпыныстардан табатын біздің пайдамыз қандай? Нәтижеміз тағы қандай басқа факторлармен байланысты? Олардың көбісі біздің еркімізден тыс. Егер біз көбірек байлыққа қол жеткізуіміз үшін еңбек етіп, әртүрлі себептермен оған жетпесек, үмітсіздік пен күйзеліске салынамыз. Бірақ, өз міндетімізді талпыныс пен еңбек деп қана біліп, нәтижесін Құдайға тапсырсақ, әрдайым қолымызда барға риза болып, өзімізді Құдайдан талап етуші санамайтын боламыз. Аяттардың жалғасы адамның басқалардың алдындағы міндеттеріне сілтеме жасап: "Бірақ, ырзығы көбірек адамдардың мойындарында көбірек жауапкершілік жүктелген. Ол өзінің отбасынан бөлек қоғамның басқа да мұқтаждары туралы ойлауы керек. Олардың арасында оның туыстары басымдылыққа ие" дейді. Бұл аяттардың соңы да инфақтың ниеті мен түрткісіне тоқталып: "Бірақ, бұл қайырлы іс инфақ етушінің мақсаты атақ-даңққа ие болу үшін емес, илаһи ризалыққа бөленуді көздеген жағдайда ғана қалады. Мұнымен қатар, егер инфақ Құдайдың ризалығы үшін болып, мұқтаж адамға міндет артпай, өз ісін оның бетіне салық етіп баспаған жағдайда сауабы болады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Егер ырзықты Құдай тарапынан деп білетін болсақ, қоғамның мұқтаждары мен мақұрымдарына инфақ жасаған кезде аянып қалмайтын боламыз.
2.Егер мұқтаждарға көмек риясыз және Құдай жолында болмаса, инфақты алушы пайда көргенімен, инфақ етушіге бұл ғамалынан ақыретке сауап жазылмайды.
3.Адамның байлығында туыстары мен мақұрымдардың да құқығы бар. Олар дұрыс орындалуы керек.
4. Байлар хомс пен зекет төлеумен қатар қоғамдағы кедейшілікті жою үшін өздерінің мал-мүліктері мен байлықтарынан инфақ етіп, уәжіп инфақтармен ғана шектеліп қалмауы тиіс.
5.Ислам қоғамнан мақұрымдықты жойып, кедейшілікті тамырымен құртуға ерекше көңіл аударады. Сол себепті, жарлы-жақыбайлар мен міскіндерге, қоғамның төменгі табына жататын басқа да адамдарға қатты қолдау көрсетеді.