Жетекшілік хадисі 127
«Сәлем» – Алланың есімдерінің бірі. Сондықтан, оны айту береке мен қауіпсіздікке себеп болады. «Хашр» сүресінің 23-ші аятынан: «Ол сондай Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк»,- деп оқимыз.
Тілдің келесі функцияларының бірі сәлемдесу саналады. Имам Садық (ғ.с.) сәлемдесуге қатысты Алла елшісінің рауаяттарының бірін еске алып: «Жаннатта сыртынан іші, ішінен сырты көрінетін кристалды мекендер бар. Бұл үйлерде дұрыс сөйлеп, дастархандарын жайып, адамдарды тамақтандырып, сәлемдесіп, жұрт ұйқыға батқан кезде түнгі намаздарын оқитын үмбетімнің адамдары өмір сүреді. Бірінші болып сәлемдесу деген адамның мұсылманды көрген кезде жылдам сәлем беруі». («Бихар әл-Анвар», 3-ші том).
«Сәлем» – Алланың есімдерінің бірі. Сондықтан, оны айту береке мен қауіпсіздікке себеп болады. «Хашр» сүресінің 23-ші аятынан: «Ол сондай Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк»,- деп оқимыз. Бұл аятта сәлем «қорғаушы», «қауіпсіздік беруші» деген мағына береді. Бір-бірімен сәлемдесетін Алланың пенделері шын мәнінде бір-біріне бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жолдауын жеткізеді. Сол себепті Ислам діні әрқашан сәлемдесуді қуаттап, оны әр мұсылманның басқа мұсылманның алдындағы құқығы деп санайды. Имам Әли (ғ.с.) Алла елшісінің: «Мұсылманның басқа мұсылман бауырының алдында құқығы бар: бірінші құқығы – көрген кезде амандасуы; келесі құқығы – науқастанған кезде зиярат етуі; сондай-ақ, өзі жақсы көретін нәрсені басқаға тілеп, өзі жақсы көрмейтін нәрсені басқаға тілемеу»,- деген рауаятын жеткізген болатын. Сәлемдесу – қоғамдық қарым-қатынастарды нығайтатын факторлардың бірі. Алайда бұл саладағы немқұрайдылықтардың кейбіреулері, соның ішінде басқаның сәлемі мен құрметін күту, селқос амандасып, сәлемнің жауабын қайтармау мен осыларға ұқсас басқа жайттар мейірімділік пен достыққа кедергі болуымен қатар, кек пен дұшпандыққа соқтыруы мүмкін. Сондықтан, Ислам дінінде дауыстап сәлемдесіп, сәлемнің жауабын екінші жақ еститіндей қайтару қуатталған. Өйткені, жауапты естімеу ренішке себеп болуы мүмкін. Басқа жақтан имам Садық (ғ.с.) кез келген түсінбеушіліктің алдын алу үшін: «Егер адам сәлеміңізге жауап қайтармаса, «маған көңіл бөлмеді» деп айтпаңыздар. Ол жауап берді, бірақ өзіңіз естімедім деп ойлаңыздар. Көрген кезде адам амандаспаса, ренжімеңіздер. Мүмкін, ол сәлемдесті, бірақ естімеген шығарсыздар»,- деп айтқан. («Усул Кафи», 4-ші том). Сәлемдесу – мұстахаб және жағымды ғамал. Адам бірінші сәлемдесіп, сауапқа ие болады. Бірақ оның кезеңін сақтаған жөн. Имам Садық (ғ.с.): «Кіші үлкенге, өтіп бара жатқан отырған адамға, кіші топ үлкен топқа сәлем береді... Атқа мінген адам жаяу адамға, тұрған адам отырған адамға амандасады»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары басқалардан бұрын амандасатын. Имам Садық (ғ.с.) Алла елшісінің: «Бес нәрсені өлгенше ұмытпаймын. Соның бірі балалармен сәлемдесу. Менен кейін де мұсылмандар арасында бұл сүннет қалып, іске асырылғаны жөн»,- деген рауаятын жеткізді. («Бихар әл-Анвар», 76-шы том). Сәлемдесу мәселесінде адамның мүлкі мен байлығына қатысты айырмашылық болмауы керек. Өйткені, мұндай сәлем Алланың ашуына себеп болады. Имам Реза (ғ.с.) бұл туралы: «Егер адам кедей мұсылманмен бай адаммен амандасқандай амандаспаса, Алла Тағала қиямет күні оған ызаланады»,- деп ескерткен. («Бихар әл-Анвар», 72-ші том). Исламдық әдеп-ғұрып бойынша сәлемдесудің жауабы толығырақ болуы керек. «Ниса» сүресінің 86-шы аятында: «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар. Шәксіз, Алла әр нәрседен есеп алушы»,- деп айтылған. Жауаптың толық болуы, яғни «Сәлем» деп амандасқанға «Салам алейкум», ал «Салам алейкум» деп амандасқанға «Салам алейкум уа рахматоллаһ» немесе «Салам алейкум уа рахматоллаһ» дегенге «Салам алейкум уа рахматоллаһ уа баракатуһ» деп жауап берген дұрыс. Қорыта айтқанда, сәлемдесу туралы көптеген аяттар мен рауаяттарда айталғанымен, өкінішке орай, кейбір адамдар негізсіз сылтаулармен бұл илаһи сүннетті орындамай, өздерін сәлемдесудің берекесінен мақұрым қалдырады. Имам Хусейн (ғ.с.): «Сәлемнің жетпіс жақсылығы бар: олардың алпыс тоғызы сәлем берген, бір бөлігі сәлемнің жауабын қайтарған адам үшін»,- деген.