Нау 21, 2016 12:31 Asia/Almaty

Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде хазірет «Сабыр үш түрлі: бірінші түрі – қиындықтарға сабыр сақтау.

Қиындықтар туған кезде сабыр сақтап, соларға төзімділік танытқан адамға Алла үш жүз дәреже жазады. Әр дәреженің арасындағы қашықтық аспан мен жердің арасындай; екінші түрі – құлшылық кезінде сабыр сақтау. Бағыну үшін сабыр сақтайтын әр адамға Жаратушы алты жүз дәреже жазады. Олардың әр біреуінің қашықтығы жерден көкке дейін; сабырдың үшінші түрі күнәның алдында сабыр сақтау. Күнәға сабыр сақтаған адамға Алла тоғыз жүз дәреже жазады. Олардың әр біреуінің қашықтығы жерден ғарышқа дейін»,- деген («Бихар әл-Анвар», 68-ші том). Құлшылық кезінде сабыр сақтау қиындықтардың алдында табандылық сақтаумен тең. Намаз, ораза, қажылық пен джиһад және хомс сынды қаржы саласындағы уәжіптерді орындау  илаһи бұйрыққа бағыну саналады. Егер сабыр болмағанда  шаһуат пен нәпсінің желі бүкіл иман мен тақуалық, пәктік пен адалдықты жойып жібереді. Қиындықтарға төзімділік білдіру адамның апаттардың алдында, яғни қаржылық шығындар, абыройдан айырылу, емделмейтін ауруға шалдыққан жағдайда төзімділік танытып, қарсыласу білдіруін көрсетеді. Имам Әли (ғ.с.) басқа хадисінде сабырдың әр түріне тоқталып, иман төрт тірекке сүйеніп,  оның біріншісін сабыр деп атап: «Сабырдың жігер,қорқыныш, сопылық пен күту сынды төрт тірегі бар деп, соларға тоқталып: «Жәннәтқа барғысы келетін адам шаһуаты мен нәпсісінен бас тартып, тозақ отынан қорқатындар тыйымс салынған нәрселерден алыстайды, сопы адамдар жақсылық жасауға асығады.

Адамның жүрегі – мейірімділік пен сезімдердің орталығы. Адам жақынынан айрылған кезде  уайым-қайғыға батып, жылайды. Сабырсыздық танытып, сезімін көрсетудің айқай мен ойбайдан көп айырмашылығы бар. Адамның жүрегі тосын оқиғаларға реакция білдіреді. Адамның көзі жүрегінің бұлағы болып, жүректен әсер алады. Сол себепті, жақын адамнан айырылған кездегі  жылау мен аза тұту – адамның табиғи жағдайы. Адам қиындықтармен кезіккен кезде ол туралы айтпауы маңызды мәселе болып табылады. Сөз Алланың пендесіне зиян келтірмеуі керек. Бұл туралы исламның ұлық пайғамбары: «Қиындықтармен кезіккен кезде өзіне зиян келтіріп, оларды одан сайын қиындататындар және халықты надан дейтіндер біздерден емес»,- деп айтқан болатын. Алланың елшісі перзенті Ибрахимнен айрылған кезде жылағанда кейбіреулер қажетті білімге ие болмағандықтан: «Уа, Алланың елшісі! Сіз бізге жыламаңдар деп айтып,  өзіңіз жылап отырсыз»,- дегенде хазірет: «Бұл көз жасы емес, бұл рақымдылық және махаббаттың көрінісі. Мейірім мен сезімнен кенде адам Алланың рақымына бөленбейді»,- деп жауап берді. Бұл дүниедегі өмір әрқашан қиындықтармен қатар жүреді. Адамның күш-қуаты да сол қиындықтармен арта түседі. Егер адам Алланы жаратылған әлемнің иесі деп білсе, дүниедегі өмірдің хикметі мен философиясын танып, қиындықтар мен ауыртпалықтардың,  дерттер мен аурулардың оның бір бөлігі екенін түсінеді.  Ауыртпалықтар мен қиындықтарға төзімділік білдіру адамды кемелдік жолына түсіріп, Аллаға жақындатады. Әрбір мүмін адам қиындықтармен кезіккен кезде оларды хикмет санап, сабыр сақтап, қиындықтарды жақсылыққа айналдырады.  Нәтижесінде ол үшін барлық қиындықтар жеңілдеп, төзімділік деңгейі жоғарылап, сабырға жетеді.  Имам Садық (ғ.с.) сабыр сақтаушыларды екі топқа бөледі: сабыр сақтаушылардың бірінші тобы қиындықтармен кезіккен кезде күйзелетіндер. Бірақ олар төзімділік танытып, халықтың алдында шағымданбайды. Хазірет бұл топты жалпы топ деп атап, олардың сабырлылығының сыйын илаһи хабар деп атады. Екінші топқа қиындықтарға бағынбай, оларды құшағын ашып күтіп алатындар кіреді. Олар мұны илаһи мейірімділіктердің белгісі деп санайды.  Хазірет Садық (ғ.с.) бұл топты ерекше топ деп атап, олардың сабыр сақтауының сыйын Алланың қолдауы деп санайды.