Илаһи басшылар 9
Алла елшісінің шамамен 15 ғасыр бұрын барлық салалардағы үлкен революциясының тек Арабстан үшін ғана емес, бүкіл әлемге әсер еткеніне тоқталып, хазіреттің өзінен кейін қалдырған құнды мұраларына, яғни Құран мен Ислам дініне қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.
Тарихи құжаттар мен деректер бойынша әлем беғсат кезінде алпауыт, бірақ шайқалған, бұрмаланушылықтар мен адасушылыққа душар биліктерге, әділетсіз заңдарға, таптық терең айырмашылықтар мен жаппай қырып-жоюшылыққа, соқыр наным-сенімдер мен ырымшылдықтарға және тағы да басқа мыңдаған сұрқия құбылыстарға куә болды.
Сонымен бірге арабтар кедейшіліктеріне байланысты дүниеге келген қыз балаларды өлтіретін. Өйткені, олар үйдің экономикасына белсенді қатыса алмайды деп санайтын. Құранның «Исра» сүресінің 31-ші аятында: «кедейшіліктен қорқып, перзенттеріңді өлтірмеңдер» деп айтылған.
Жаппай қырып-жойып, талан-таражға салу арабтардың исламға дейінгі байлыққа ие болу жолдарының бірі болды. «Далада өмір сүретін арабтардың тұрмысы көбінесе талан-тараж бен тонаумен байланысты болғандықтан, далада зорлық пен семсер заңы қалыпасты». («Екі ғасыр үнсіздік», доктор Зарринкуб, үшінші басылым, Теһран, 1344 жыл, 4 б.).
Танымал мұсылман ойшылы Ибн Халдун надан арабтардың істері мен мінез-құлықтары туралы: «Сол кезде арабтар барлық адамдар өтетін бастапқы кезеңде өмір сүрді. Қатігездіктері мен жабайылықтары оларды күштері жеткен кез келген адам мен тайпаны талан-таражға салу мен қиратуға итермеледі. Содан соң олар алыс далалар мен шатқалдарда орналасқан панажайларына қашып, жолда кездескен барлық мекенді қиратып, адамдарын өлтірген. Олар тек тонау туралы ойлап, ахлақ ахкамын қабылдамады. Олар қатігізедіктерімен танымал болды. Өйткені, олардың әрқайсы жаны мен мүлкін қорғауға міндетті болып, әрқашан әскери қаруларын қастарынан тастамайтын. Соғысқұмарлық пен қатыгездік олардың негізгі сипаттары болды»,- деп жазды. (Ибн Халдун, 1-ші том, 284-289-шы беттер).
Осындай жағдайда Исламның самал желі надандықтың шаң-тозаңын тазартып, Исламның ұлық пайғамбары тек бір Алла құлшылық етуге негізделген монотеистік дінді ояу ұждандар мен жүректерге көрсетті. Исламның ұлық пайғамбарының жарқыраған ішкі болмысынан хабардар болған имам Әли (ғ.с.): «Алла Тағала хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды көп уақыт пайғамбар болмаған жағдайда пайғамбарлық міндетке сайлады. Халықтар қатты ұйқыға батқан болатын. Жұмыс тоқтатылып, көп жерлерде соғыс оты лаулап, дүниежүзін надандық пен күнә жайлады. Алдау-арбау әшкереленіп, адамдардың өмірін үмітсіздік басты. Сарқыраған сулар тоқтап, дұрыс жолға нұсқайтын шырақ өшкен болатын. Адамзат бақытсыздық пен қараңғылыққа батып, жүректерді қорқыныш билеп, қанқұмар семсер ғана қамқоршы болды»,- деді. («Наһдж ул-Балағе», Бейрут басылымы 107-ші бет).
Ислам діні өзгерістері және ішкі революциясымен арабтардың әскери күші мен мүмкіндіктерін илаһи және адамгершілік құндылықтарын қорғау үшін пайдаланып, оларды діни сенімдер мен илаһи құндылықтарды қорғауымен бірге қысқа уақытта араб аралының айналасындағы жерлерді басып алатын күшке айналдырды. Ислам басқа тауһидтік діндерді, илаһи кітап пен пайғамбарларды ең жақсы түрде қорғап, адамзатқа, әсіресе сол діндердің жақтастарына дінді Алланың алдында біреу деп көрсетіп, оларға ең кемел дінді, яғни Ислам дінін қабылдауды насихаттады. (Макарем Ширази, «Немуне» тәпсірі, 2-ші том).
Хабаше патшасы Наджаши Исламның ұлық пайғамбарының елшісі Джафар бен Абиталебтен Алла елшісінің болмысы мен жолдауы туралы айтуды сұраған кезде Джафар арабтардың надандығы мен тонаушылық болмыстары туралы айтқан соң: «Иә, Алла Тағала арамыздан бізді дұрыс жолға нұсқайтын пайғамбарды сайлағанға дейін біз осындай болдық. Біз оның тегін толық танимыз. Оның адалдығы мен әділеттігіне көзіміз жетті. Жылдар бойы аманатқа берік болғанын көрдік. Оның пәктігі біз үшін айқын. Ол бізге шындықты айтып, аманатқа берік болып, жақындарымызбен мықты қарым-қатынас орнатуды, харам іс жасамауды, қан төкпеуді бұйырды. Ол бізді тұра Алла елшісінің шамамен 15 ғасыр бұрын барлық салалардағы үлкен революциясының тек Арабстан үшін ғана емес, бүкіл әлемге әсер еткеніне тоқталып, хазіреттің өзінен кейін қалдырған құнды мұраларына, яғни Құран мен Ислам дініне қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.қсыздықтан құтқарып, өтірік айтудан алыстатып, шындыққа жігерлендірді. Бізге жетімдердің құқықтарын бұзбауды, олардың мұраларына тиіспеуді үйретті. Мейірімділік пен жақсылық жасауға бұрып, бір-бірімізді балағаттаудан, бір-бірімізді айыптаудан алыстатты. Біз де тек Аллаға құлшылық етіп, тек оның пендесі болып, ешбір нәрсені оған серік қоспауды бұйырды»,- деді.
Қорыта айтқанда, Алла елшісінің ең маңызды әрі ең құнды мұрасының бірі екпінді, оятушы және хабардар етуші Ислам діні саналады. Ислам Алла елшісінің жүрегіне уәһи періште арқылы жіберіліп, хазірет Алла тарапынан хабар жеткен жағдайда ғана оны халыққа баяндайтын. Алла елшісінің діні адамды Алламен, сондай-ақ қоғам және туыс-туғандарымен қарым-қатынас орнатуға жігерлендірді. Ислам адамды құрметтейді. Басынан бастап Алла Тағала адамның болмысын илаһи ету үшін өзінің рухын оның жансыз денесінде қалыптастырды. Жаратушы адамдарды надандық пен шайтандық күдік-күмәндардан құтқарып, дұрыс жолға нұсқау үшін өзінің илаһи кітаптары мен пайғамбарларын жіберді. Сонымен бірге Ұлы Алла қараңғылықтан шығып, шындықты жалғандықтан ажырату мүмкіндігіне ие болып, кемелдік пен бақытқа жетуі үшін ішкі жол нұсқаушы ретінде адамның бойында ақылдың жарқыраған шырағын қалыптастырды. Ислам бойынша адам Алла құлшылық ету негізін қабылдап, сны жеке және қоғамдық талпыныстарының негізі ретінде қалыптастырып, Алла елшісі сынды «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» («Анғам» сүресі 162-ші аят) деп айтып, Жаратушымен қарым-қатынас орнатқан кезде махаббатын білдіріп, бүкіл ғамалын Алла үшін орындауы керек.