Қыр 04, 2017 14:47 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 71

Ислам білім алуды шырақ әрі ақылдың зейнеті деп таныстырып, діннің дамуын білім алу және соған сай әрекет етумен байланыстырады.

Білімге ұмтылу – Ислам дінінің негізгі миссияларының бірі. Құран Кәрім аяттарында сан рет ойлану мен білім алуды насихаттап, бұл мәселеге баршаның назар аударып келеді. Ислам тарихында Алла елшісінің Исламның басында әртүрлі ғылымдарды дамытып, білім беруді басты мәселе етіп қалыптастырғаны тіркелген. Хазірет ғылымды алға ілгерілетуді маңызды санап, тіпті бір сауатсыз адамды сауаттандырғаны үшін кейбір тұтқындарды азат ету туралы заң бекітті. Бұл мәселе Исламның ұлық пайғамбарының қоғамдағы адамдарды оқытып, оларды хабардар етуді қуаттағанын білдіреді. Ислам революциясының жетекшісі аятола Хаменеи: «Ислам – ғылымға ынталандырушы. Ғасырлар бойы мұсылмандар әлемде білім мен ғылымның туын өз қолдарында ұстады. Бүгінде бөгде саясаттардың билігінің ащы кезеңінен кейін Иран халқы әлемдік үстемшілдіктің ықпалынан азат болуды тәжірибеден өткізуде. Ғылыми жиһад біздің ең үлкен парыздарымыздың біріне айналды»,- деді.

Ислам білім алуды шырақ әрі ақылдың зейнеті деп таныстырып, діннің дамуын білім алу және соған сай әрекет етумен байланыстырады. Дәл осы салада имам Әли (ғ.с.): «Уа, халайық, діннің білім алып, соған сай әрекет ету арқылы кемелденетінін біліңдер. Білімнің сендер үшін байлыққа қарағанда қажеттірек екендігінен хабардар болыңдар»,- деген. Алла Тағала Құран Кәрімде ғалымдар мен білім жолындағы адамдардың шындықты білгісі келетінін, олардың осы жолда жоғары рухани биіктіктерге жететіндігін қуаттайды. Аятолла Хаменеи білім алу мен сол жолда қажымау туралы: «Білім алу мен зерттеуді барша халықтың ісіне айналдыруға талпынуымыз керек. Мен жастарды шынайы жиһадқа шақырамын. Жиһад – тек соғыс майданына барып, соғысу емес. Білім мен ахлақ  майданында талпыныс жасап, саяси ынтымақтастық пен зерттеу жұмысымен айналысу да халық үшін жиһад саналады. Қазіргі кезде сабақ оқып, ғылыммен айналысып, зерттеу жасау да жиһад саналады»,- деді. Білімнің көптеген тармақтары бар. Адам барлық ғылымды үйренуі керек. Алайда, маңызды жайт – ғылымды пайдалану тәсілінде. Сонымен бірге ғылымды Алланың ризалығы үшін үйренген дұрыс. Яғни, ғылымды адамның жаны мен қауіпсіздігіне қарсы емес, керісінше, адамзат мәселелерін шешу үшін пайдалану қажет. Мәселен, ядролық ғылымды үйреніп, оны дамыту адамзатқа үлкен көмек көрсетеді. Өйткені, бұл ғылым арнайы дәрілер, электр қуаты мен адамның басқа да көптеген қажеттіліктері үшін қолданылады. Алайда, осы  ғылымды ядролық қару шығарып, адамзатты құрту үшін пайдаланатындар да бар. Елдің ядролық ғылым саласындағы алға ілгерілеуін қуаттаған аятолла Хаменеи сан рет: «Ядролық ғылымды  еш уақытта ядролық қару шығаруға пайдаланбаймыз. Өйткені, біз ядролық қаруды адамзатқа қарсы деп санаймыз. Одан маңыздысы, Ислам діні ешбір мұсылманға ғылымды заңсыз, яғни адамзатқа зиян келтіретін жолда пайдалануға рұқсат бермейді. Мұндай білім дінге қайшы. Дін адамдардан ғылымды тыныштыққа жету және рухани даму үшін пайдалануды талап етеді»,- деп қуаттады. Осыған орай Ислам діні иман мен білімді адамды құтқаратын әрі оны бақыт пен кемелдікке жеткізетін екі қанат деп санайды. Адамның болмысында дін азайса, оның ғылыми болмысы да төмендейді. Ғылымды адамзатты жою үшін пайдаланғандарды бүгін барша лағынетпен еске алады. Олар сол мекеннің адамдарының өмірі туралы ойлаудың орнына кісі өлтіретін вирустарды  шығарады. Мұндай адамдардың иманы бар ма? Ислам Аллаға қызмет ететін ілім болмаса, пайдасыз саналады. Аятолла Хаменеи дұшпандардың Иранға қарсы қастықтары мен ғылыми  монополиясына көңіл аудартып, елдің көрнекті тұлғаларын елдің  ғылыми жолында қырағы болуға, ғылыми монополияны бұзып, ғылым мен білімнің шыңдарына көтерілуге кеңес беріп: «Мен дүниежүзінің кейбір сезімтал саяси топтарының  «Таяу Шығыс аймағында «исламдық Жапонияның» пайда болғанын қаламаймыз деп айтқандарын естідім. «Исламдық Жапония» сіздерсіздер. Бұл сөз босқа айтылған жоқ. Мәліметтер бойынша, біздің еліміз ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму жылдамдығының рейтингі бойынша өткен бірнеше жылда әлем бойынша жоғары көрсеткішке ие болды »,- деді. Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның ғылымға қарсы әрекеттері туралы: «Дұшпан біздің университеттеріміз үшін екі істі жоспарлайды: біреуі – білімді, екіншісі – дінді алыстату. Жоғары оқу орнынан білімді алыстату дегеніміз не? Дұшпанның ең кішкентай әрекеті ғалымдарға қарсы лаңкестік әрекеттерді қолдану болып табылады. Осыған орай олар өткен жылдары біздің ядролық ғылыммен айналысатын екі-үш ғалымымызға террор жасады. Бұл олар үшін ең оңай істердің бірі. Келесі мәселе олар біздің университеттеріміздің, ұстаздарымыз бен студенттеріміздің уақыттарын ғылыми емес жұмыстармен толтырып, біздің арманымыз саналатын олардың ғылыми дамуына мүмкіндік бермейді»,- деді. Бұл саладағы ең маңызды әрі ең қатерлі стратегиялардың бірі универсиетттердің ғылыми жұмыстармен айналысу ынтасын жою болып табылады. Сондай-ақ, оларды басқа елге кетуге жігерлендіру дұшпанның келесі стратегиясына жатады. Ислам революциясының жетекшісі  студенттермен өткізген кездесуінде: «Ғылыми жаңашылдық – жоғары оқу орындары үшін  қажет фактор. Әрине, мүмкіндіктер әртүрлі. Ғылыми даму арқылы елдің қажеттіліктеріне қызмет ету негізгі мақсаттардың бірі. Гуманитарлық, қаржы және материалдық мүмкіндіктер шектеулі. Сондықтан, біздің ғылыми жұмыстарымыз елдің қажеттіліктеріне сай бағытталуы керек. Біздің әртүрлі қажеттіліктеріміз бар. Университеттер соларға жауап беріп, бос кеңістікті толтырады. Бұл біздің тәжірибеміз»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі  елдің университеттік қоғамынан, әсіресе гуманитарлық ғылымдар саласынан едәуір дамуды  талап етті. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы университеттік сабақтардың мазмұндарын өзгерту Ислам революциясы жетекшісінің қойған талаптарының бірі болды. Ол Батыс кітаптарын аударып, оларды жоғары оқу орындарында  оқулық ретінде пайдалануды жеткіліксіз санап, ұстаздар мен зяилы қауымды осы салада ғылыми еңбектерін шығарып, жиһад жасауды міндетті санайды. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, Иран халқы «Біздің қолымыздан келеді!» деген ұран мен ішкі мүмкіндіктерге сүйеніп, ғылым мен технология саласында маңызды жетістіктерге жетіп, дұшпандарды үмітсіздендіре алады. Биіктіктерге жету үшін ғылыми жиһад  қажет. Осыдан екі жыл бұрын Ислам революциясының жетекшісі  ғылым мен технология саласындағы саясатты баяндап, осы саладағы даму жолын баяндады. Мұндай саясаттардағы ең маңызды тақырып –исламдық Иранды әлемнің ғылыми-технологиялық полюсіне жеткізу. Ислам революциясының жетекшісі әлем бойынша ғылыми-технология саласында жоғары орынға ие болу үшін ғылыми жиһад жасауды зиялы қауым өкілдері мен университет ұстаздары мен зерттеушілерге талап етіп қойды.

*******************************

 

Тегтер