Ұлы тұлғаның алдында 76
Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша өндіріс пен елдің экономикалық даму мәселесінде инвесторлар, банктер мен үкіметтер ғана емес, бүкіл халық маңызды рөл атқарады.
Өндіріс елдің экономикалық дамуы үшін қажет ең маңызды факторлардың бірі саналады. Өндіріс орындары жастарды жұмыспен қамтамасыз етуі қажет. Басқа жақтан өндірілген тауардың сатылуы экономикалық тұрғыдан дамуға себеп болады. Серпінді экономикаға тұрақты әрі сапалы өнімнің шығарылуының арқасында жетуге болады.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өндіріс туралы айтқан сөзінде: «Өндіріс – елдің экономикасының тірегі. Бір елдің экономикасының тұрақты дамуы үшін қажет ең маңызды факторға өндіріс жатады»,- деген.
Исламдық Иран өткен бірнеше жылда өндіріс саласында мықты қадам басуға ерік-жігер танытып, жақын келешекте валютаны мұнай мен газ сатудың орнына солардан өнім шығарып, сату арқылы табуды мақсат етуде. Бұл мәселе ел экономикасының жоғары мақсаттарының бірі. Оған жету халық пен үкіметтің талпыныстары мен қолдауларына байланысты.
Аятолла Хаменеи үкімет пен халықты өндіріс жолында көп күш салуға шақырып, олардан «Біз жасай аламыз!» деген ұранды өздерінің басты ұраны етуді сұрады.
Ислам революциясының жетекшісі тіпті Иран күнтізбесінің 1391 жылын "Ұлттық өнім, еңбек пен ирандық инвестицияны қолдау" жылы деп атап, үкімет пен халықты осы жолға түсуге жігрелендірді: «Экономикалық дамудың кілті – - өнім шығару. Жергілікті көптеген мүмкіндікті пайдаланып, экономиканы дамытып, мұнайдан тіс өнімнің экспортын арттыру қажет»,- деп қуаттады.
Өндірісті жаңдандыру үшін қажет заңдар қабылданып, пайдалы әрі білікті жұмыс күшінің болуына қарамастан бұл салаға инвестиция салынбай, ілгерілеу мүмкін емес. Инвестиция салу өндірісті жаңдандырып, жастар үшін жұмыс орындарын ашылып, экономиканың дамуына себеп болады. Аятолла Хаменеидің пікірінше, банктердің негізгі міндеттері өндіріске инвестиция бөліп, өнім шығарушыларды қолдау болып табылады. Діни жетекші экономикалық жұмыстарды басқару үдерісінде банктердің үлкен рөл атқаратындығына сенімді. Олар сындарлы рөл атқарғаны сынды теріс рөлге де ие бола алады. Банктердің өнім шығарушыларға қаржылай қолдау көрсетіп, осы салада жұмыс істегісі келетіндерге несие беруі банктердің сындарлы жұмыстарының қатарына жатады. Ислам революциясының жетекшісі банктер туралы сөзінде: «Банктер өнідіріске қызмет етуге міндетті болуы керек. Егер банктер өндіріске қызмет жасаса, мәселелердің көбі шешіледі»,- деді.
Банктердің өндірушілерді қолдамауы ұсақ әрі орта экономикалық өндіріс орындарының банкротқа ұшырап, жабылуына соқтырады. Банктер тиісті шарттардан кенде немесе несиені уақытында қайтармайтын адамдарға банктік жеңілдіктерді бермеу құқығына ие. Банктер өндірісті жаңдандыру мәселесінде басты рөл атқарады. Алайда банктермен бірге үкіметтік органдар өндіріс орындарын ашу саласында инвесторлардың рөліне немқұрайдылық танытпағаны жөн. Аятолла Хаменеидің пікірінше, инвесторлар аталмыш салада маңызды рөл атқара алады. Инвесторлар өндіріс орындарын ашудың табанды тірегі болып, көптеген адамды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Қоғамда адамдар үшін жұмыспен қамтылу – отбасының дастарханына нан апару. Бұл істің сыйы мен сауабы көп. Ислам революциясының жетекшісі инвесторлардан елдің өнім шығару ісіне көмекетесуді сұрап: «Инвесторлар мен елдің мүмкіндіктерге ие табы инвестиция салуға міндетті. Мен ақшаларын үлкен пайда көре алатын салаға жұмсамай, «елімізге қызмет етеміз» деп, аз пайда көретін өндіріс ашуға салған адамдарды танимын. Олар елдің қажеттіліктерін түсінді. Бұл ғибадат. Елдің қажеттілігі туралы ойлап, ақшаларын пайдасы көп жолға жұмсамай, елі үшін жұмсау жақсы іс. Сондықтан, инвестор рөл атқара алады»,- деді.
Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша өндіріс пен елдің экономикалық даму мәселесінде инвесторлар, банктер мен үкіметтер ғана емес, бүкіл халық маңызды рөл атқарады. Бұл кісі маңызды сөздерінің бірінде: «Барша бүкіл жігерімен өндірістің әртүрлі салаларында талпыныс жасауы қажет. Бұл үшін инвесторлар мен жұмысшылар, тұтынушылар мен үкіметтік органдар міндеттерге ие. Бұл біржақты іс емес. Мемлекеттің даму жолындағы бұл үлкен тасты көтеру үшін бірігіп, ынтымақтастық жасау керек»,- деп баса айтты.
Діни жетекшінің назар аудартқан келесі маңызды мәселесі халықтың ирандық өндіруші мен ирандық жұмысшыны қолдауы болды. Хазірет халыққа: «Инвестор мен жұмысшы істің ауыртпалығына төзіп, өз өмірін, уақыты мен күшін жұмысты дұрыс орындауға жұмсайды. Бұл ғибадат. Адал тұтынушы, ұжданы бар тұтынушы елдің өндірісіне көмектесе алады. Ол танымал брендтерді, маркаларды іздемей, елдің мүддесін ойлап, жергілікті өнімді тұтынып, ирандық жұмысшыға көмектеседі. Сатып алынған өнім бір ирандық жұмысшыға немесе шетелдік жұмысшыға көмектеседі. Әрине, біз бүкіл адамзатты жақсы көреміз. Бірақ, ирандық жұмысшы өз елінің беделі үшін талпыныс жасайды. Ол осы халықтың бір мүшесі. Сондықтан соны растап, оны күшейтуі керек»,- деп кеңес берді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі үкімет мүшелерімен сөйлескен сайын импортты бақылау мен басқару қажеттілігі туралы мәселені көтереді. Өткен жылдарда ұлттық өнімге немқұрайдылық танытылып, қажеті жоқ немесе елде ұқсас нұсқасы шығарылатын тауардың импорты көп байқалды.
Тауардың заңсыз енгізілуімен күресу – Ислам революциясы жетекшісінің ел басшыларынан талап ететін келесі маңызды мәселесі. Тауарды заңсыз енгізу ішкі өнімге шынайы соққы беру болып табылады. Енгізілген тауар арзандау, кейбіреуі сапалырақ болуы мүмкін. Сондықтан, шетелден тауарды заңсыз енгізу өнім шығарушылар үшін зиян келтіреді. Ислам революциясының жетекшісі жуырдағы сөздерінің бірінде тауарды заңсыз енгізумен шынайы күресуге шақырып, заңсыз тауардың алдын алуды және заңсыз келген тауарды жылдам жоюды талап етті.
Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге өнім шығарушылардан өнімдерінің сапасына ерекше назар аударуды сұрады. Хазірет шетелдік өнімдермен бәскелесуді орынды іс деп атап, үкімет басындағылардан бәсекелестікке қабілетті кеңістік ұйымдастыруды сұрады. Ішкі өнім халық үшін маңызды болғандай, халық өз ақшасын сапасыз өнімге жұмсамауы керек. Жақсы сапа, тұрақтылық, лайықты баға халықты ішкі өнімді сатып алуға жігерлендіреді. Өткен жылдарда жергілікті өнім өндіру саласы көш ілгеріледі. Аятолла Хаменеи өнім шығарушыларға: «Ішкі өнімді шығарушылар басшысы, жұмысшысы мен инвесторлары жұмыстарын жақсы және толық орындауы керек. Алла бізден жұмыспен қамтып, жұмысшыға құрмет көрсетуді, күнделікті тұрмыс пен жұмыс қауіпсіздігі мен инвестордың қауіпсіздігін талап етті» деді.