Қыр 22, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 131

Уағыз бен насихат – барлық адамдардың табиғи қажеттіліктерінің бірі. Адам басқалардың тәлімін қажет етпеуі мүмкін, бірақ ешбір адамның уағызды қажет етпеуі мүмкін емес.

Уағыз айту – тілдің келесі қызметінің бірі. Уағыз – еститін жүрекке әсер етіп, оны өзгертетін күшке ие сөйлеудін бір түрі. Барлық адамдар уағызды қажет етеді.Исламның ұлық пайғамбары өзі мен уәһи періште Жебірейілмен қарым-қатынас орнатуы туралы: «Жебірейіл қасыма келген сайын маған уағыз айтты»,- деген. («Усул кафи», 2-ші том). Пайғамбардың өзі мен пәк имамдар да бұл тәсілді өз жақтастары мен жақындары, әсіресе барлық тұрғыдан оларға жақын болған сахабалары үшін пайдаланған.

Уағыз бен насихат – барлық адамдардың табиғи қажеттіліктерінің бірі. Адам басқалардың тәлімін қажет етпеуі мүмкін, бірақ ешбір адамның уағызды қажет етпеуі мүмкін емес. Тіпті ғалымдар мен сахих адамдар және үлемдердің өздері де уағызды қажет етеді. Хадистердің бірінде имам Әли (ғ.с.) серіктерінің бірімен келе жатып, одан: «Маған уағыз айт»,- деп сұраған. Серігі тосылып: «Мен сізге қалай уағыз айтамын?» деген. Исламның ұлық пайғамбары өзін ғылым қаласы, Әлиді оның дарбазасы санаған имам Әли (ғ.с.): «Білгенмен салыстырғанда уағыз естудің әсері өте жоғары»,- деп жауап берген.

«Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр..»

Алла Тағала «Нахыл» сүресінің 125-ші аятында: «Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр..»,- деп насихаттаған. Бұл аятта Алла Тағала исламның ұлық пайғамбарына халықты ақыл-кеңес және уағыз арқылы жақсылық жасауға шақырып, жамандық жасаудан қорқыту туралы ақыл айтады. Уағыз айту – адамдардың мейірімділігін пайдалану. Өйткені, мейірімділікті дұрыс пайдаланып, халықтың көпшілігін шындыққа бұруға болады. Алайда уағыз айтқан кезде қысым көрсету, зорлық-зомбылық жасап, кек алу және кемсіту болмауы керек. Сол себепті уағыз ақ ниет және көркем айтылған кезде оң әсерін тигізіп, жүректерді өзгертеді. Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 31-ші хатында жаңашыр әке ретінде  перзентіне: «Перзентім! Мен еш уақытта сен уағыздан мақұрым етпедім. Балам! Сен әрқашан жақсылық пен бақыт туралы ойлайсың. Мен де сенің бақытың туралы ойлаймын»,- деп жазған болатын. Уағыздың бір түрі ретінде жазылған бұл өсиетнамада имам перзентіне махаббаты мен ақ ниетін білдірді. Уағыз өзінің барлық ерекшеліктерімен оны айтушы адам өз сөзіне шын жүрегімен сеніп, соған сай ғамал еткен кезде ғана тыңдарманға оң әсерін тигізеді. Яғни, уағызшы тек сөзімен ғана емес іс-әрекеттерімен де үлгі болуы керек. Өйткені, егер тыңдарман уағызшының сөзі мен ісінің бір-біріне қайшы екенін көрсе, оның сөзін қабылдамайды. Имам Садық (ғ.с.): «Ғалым өз білімін пайдаланбай, уағызын шын ниетімен айтпаса, еш әсері болмайды»,- деген. Негізінде уағыздың әсер етуі тыңдарманның айтушы адамға деген сеніміне байланысты. Уағыз айтушының ісі мен сөзінің арасы қашық болған сайын уағызының әсері де азаяды. Сондықтан имам Әли (ғ.с.): «Сөзі азырақ, ғамалы көбірек адамның уағызы пайдалы саналады»,- деген. Басқаша айтқанда ақыл-кеңес ғамалмен ғана әсер етеді.

Уағыз адамдарға, әсіресе ақыл-кеңеске ерекше реакция білдіретін жастар мен жасөспірімдерге құпия және жеке түрде айтыса, жақсырақ қабылданады. Уағыз кейде жеке адамға қатысты емес, баршаға айтылады. Имам Хади (ғ.с.): «Діни бауырына жасырын уағыз айтатын адам оның абыройын сақтайды, ал әшкере түрде уағыз айтса, абыройын түсіреді»,- деген. Келесі мәселе уағыздың ақырын және біртіндеп айтылу қажеттігіне қатысты. Әйтпесе кері әсерін тигізуі мүмкін. Имам Саджад (ғ.с.): «Уағыз тыңдаушының құқығы дұрыс жол арқылы және ол түсінетіндей кеңес алуда. Өйткені, әр адамның ақылының ерекшелігі бар. Сондай-ақ уағыз мейіріммен айтылуы керек»,- деген.

 

Тегтер