Аптаның экономикалық журналы (121)
Бүгінгі бағдарламада Теһрандағы үшжақты отырыстың мақсаттары мен Иран мен Ирактың экономикалық байланыстарына, Иран мен Арменияның қарым-қатынастары мен басқа да бірнеше экономикалық жаңалықтарға шолу жасаймыз.
ИИР, Ресей мен Әзірбайжан республикасы басшыларының екінші саммиті өткен аптада Теһранда бір мәлімдемеге қол қоюмен аяқталды. ИИР, Ресей мен Әзірбайжан Республикасының басшылары бір жыл бұрын Бакуде тамыз айында өткен алғашқы саммитте аймақтағы маңызды мәселелермен қатар, үш тақырып бойынша, атап айтқанда, тасымал және оңтүстік-солтүстік дәлізі, энергетика, электр қуаты және мұнай мен газ, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін құрылымдық өзгерістер туралы келісімге қол жеткізген болатын.
Осы уақытқа дейін үш ел арасындағы сауданы жеңілдету үшін бірнеше келісім мен меморандумға қол қойылды. Соның ішінде, кедендік, өзара инвестицияны қолдау, қосарланған салық салудан бас тарту, теңіз саудасы жөніндегі, кәсіптік, құрлық үсті тасымалы, әуе тасымалы және консулдық келісімдерді атап өтуге болады.
Соңғы жылдары үш елдің басшылары мен министрлері арасында қарым-қатынастар деңгейін арттыру үшін түрлі кездесулер өтті. Оның жемістерінің арасынан көлік жасау зауытын құру туралы серіктестік келісімі мен фармацевтика, мұнай, газ, электр қуаты және темір жол жөніндегі келісімдерді атауға болады. Дегенмен үш ел арасында қолдануға болатын әлі де көптеген мүмкіндіктер бар. Бұл мүмкіндіктерді пайдалану Иранның ұлттық мүдделерін қамтамасыз етуге септігін тигізе алады. Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасының экономикалық саладағы үшжақты қарым-қатынастарының маңызды тұстарының бірі тасымал, кәсіптік, солтүстік-оңтүстік тасымал дәлізін жетілдіру мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады. Иранның Астарасын Әзірбайжан республикасының Астарасына қосатын темір жол желісі Иранның солтүстік Еуропаға кіретін қақпасы саналады.
Теһранның пікірінше, Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасының үшжақты байланыстары үш елдің арасындағы түрлі саяси, қауіпсіздік, мәдени және экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтп, нығайтумен қатар, үш елді жақындату арқылы аймақтағы сын-қатерлермен күресу үшін жаңа мүмкіндіктер де тудырады.
Өткен аптада Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари Иракқа жасаған сапарында осы елдің қайраткерлерімен екі елдің жеке секторларының сауда-экономикалық жұмыстары, Ирактың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және осы елдің түрлі бөлімдеріне инвестиция салу туралы сұхбаттасты.
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі осы аяда ирактық қайраткерлермен, соның ішінде, Ирактың Парламент төрағасы, Жоспарлау министрі, Сауда министрлігінің басшысы, Энергетика министрі, Тұрғын үй, құрылыс және қаланы абадтандыру министрі мен Ирактың Орталық банкінің директорымен кездесті.
Қазіргі кезде ынтымақтастық жасау жолында түрлі қиындықтар туындап отыр. Банктік байланыстар –кедергілерді неғұрлым тезірек шешуді қажет ететін салалардың бірі. Осы аяда Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі мен Ирактың Орталық банкінің төрағасы Әли әл-Аалақ Бағдадта өткен бір отырыста екі елдің сауда және қаржы саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту жолдарын қарастырды.
Электр қуатын жөнелту жөніндегі әріптестік те осы сапарда көтерілген мәселелердің бірі болды. Иранның Өнркәсіп, тау-кен және сауда министрі Ирактың Электр қуаты министрі Ғасем әл-Ахдавимен Бағдадта кездесіп, Иранның Ирактың ДАИШ-пен соғыс кезінде қираған бөлімдерін қайта қалпына келтіру, әсіресе, Ирактың электр стансаларын қайта салуға атсалысуға әзірлігін мәлімдеді.
ИИР көршілес елдермен қарым-қатынастарды кеңейту, әсіресе, экономикалық жобаларды жүзеге асыруды өзінің экономикалық дипломатиясының күн тәртібіне енгізді. Осы аяда өткен аптада Арменияның Ирандағы елшісі Арташес Туманян Хорасан Разави облысының әкімі Әли Реза Рашидианмен кездесуінде екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады.
Арменияның Ирандағы елшісі Туманян Хорасан Разави облысының әкімін Ереванға сапар шегіп, ортақ ынтымақтастықтар үшін қолайлы мүмкіндіктермен танысуға шақырды.
Әли Реза Рашидиан да Ереванның ішкі инвестицияларға қатысуын, әсіресе, Хорасан Разави облысының шекараларында орналасқан Серахс және Доғарун арнайы экономикалық аймақтарына инвестиция салуын құптады.
Хорасан Разави облысы мен Армения ортақ ынтымақтастықтар жасау үшін экономика және ғылым салаларында көптеген мүмкіндіктерге ие.
ИИР-ның Армениядағы елшісі сейіт Казем Саджади мен осы елдің Ұлттық мәжілісінің төрағасы Ара Баблоян екі елдің парламенттік достық топтарын іске қосу туралы сұхбаттасып, Иран мен Арменияның газ транзиті, тасымал және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту жолдарын нығайту қажеттігін қуаттады.
Армениядағы сауда-экономикалық заңдар жөнінде ирандық кәсіпкерлер мен инвесторларға ақпарат берудің қажеттігі – екі елдің қайраткерлері қарастырып жатқан мәселелердің бірі.
Иранның Салық ұйымының төрағасы Камел Тағавинеджад экономикалық делегацияны бастап, Арменияға сапар шекті. Осы сапар барысында Арменияның үкіметтік кірістері комитетінің төрағасы Вардан Арутюнянмен кездесіп, Армениядағы экономикалық және инвестициялық жұмыстарға атсалысуы үшін ирандық кәсіпкерлер мен инвесторларға салық жөнінде ақпарат пен жеңілдік беру қажеттігі туралы сұхбаттасты.
Иран мен Арменияның қазіргі кездегі сауда айналымының мөлшері жылына 500 миллион долларға да жетпейді. Алайда еркін сауда аймақтарында, әсіресе, Арас аймағында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық жұмыстары үшін жақсы мүмкіндіктер бар. Иран мен Армения осы аяда жеңілдіктер беру, жеке сектордың инвестицияларын қолдау үшін екі елдің банктерінің белсенділіктерін арттыру, сауда айналымының мөлшерін арттыру үшін кедендік және кәсіптік қолдауларды қажет етеді.
Теһран Пәкістанның 30 кәсіпкерінен құралған делегацияны қабылдады. Бұл делегация 27 қазан күні Мешхед, Теһран және Захедан қалаларына сапар шегіп, «ЭКСПО-2017 Теһран» халықаралық көрмесіне қатысу үшін Иранға келді.
Отыз адамнан құралған делегация мүшелері Мешхедте өткізген екі күн ішінде Хорасан-Разави облысының экономикалық қайраткерлерімен қатар, осы облыстың жеке секторының мүшелерімен дде кездесіп, сұхбаттасты.
Бұл топ «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін Теһранға сапар шегіп, өз әріптестерімен Теһранның Сауда палатасында жүздесті.
Пәкістанның экономикалық белсенділері Теһрандағы келіссөздерінде банктік қатынастардың болмауы және құжаттық несие ашудағы қиыншылықтарды Иран мен Пәкістанның сауда байланысындағы кедергілердің қатарына жатқызды.
Бұл кездесулер біраз бұрын Иранның Исламабадтағы елшісі Мехди Хонардусттың Пәкістанның Панджаб облысындағы Сиялкот қаласының Сауда-кәсіптік палатасының мүшелерімен кездесуінде екіжақты сауда қатынастарын кеңейтуді қуаттаған жағдайда орын алды. Иран мен Пәкістанның сауда айналымының құны 2016 жылы 1 миллиард 150 миллион доллардан асты.
Айта кетер жайт, өткен аптада Теһранда Иранның 13-ші Халықаралық Тау-кен өндірісі және құрал-жабдықтар көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл көрме Иранның мүмкіндіктерін таныстыру, ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту үшін мүмкіндік тудыру және технологияларды жөнелту мақсатында өткізіліп, 4 күнге созылды.
146 жергілікті компания мен ішкі өндіріс бөлімдері, сондай-ақ, Испания, Аустралия, Аустрия, Италия, ОАР, Германия, Тайвань, Түркия, Қытай, Сингапур, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Польша елдерінен жиналған 139 шетелдік компания Иранның тау-кен өндірісі көрмесіне қатысты.
ИИР қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі, бай энергетика қоры, лайықты инфрақұрылымдар мен аймақта стратегиялық жағдайға ие болғандықтан, шетелдік инвесторлардың назарын өзіне аударып отыр.
Иранның Бағалы қағаздар және қор биржасы осы аяда шетелдік қаржы көздерінің қызығушылығының артқанын хабарлап: «Иранның инвестициялық нарығы даму жолында қадам басып келеді. Осы нарықтағы шетелдік инвесторлардың саны 2017 жылдың қазан айында өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 16 пайызға артқан. Осы саладағы инвестиция үкіметтің қолдауына ие болып отыр» деп мәлімдеді.