Қар 18, 2017 08:54 Asia/Almaty

«Лұқман» сүресінің 7-11 аяттары:

«Лұқман» сүресінің 7 аяты:

«وَإِذَا تُتْلَى عَلَیْهِ آیَاتُنَا وَلَّى مُسْتَکْبِرًا کَأَن لَّمْ یَسْمَعْهَا کَأَنَّ فِی أُذُنَیْهِ وَقْرًا  فَبَشِّرْهُ بِعَذَابٍ أَلِیمٍ»

Оған аяттарымыз оқылған сәтте оны естімегендей, тіпті құлақтарында тығын бардай паңсып теріс айналады. Оны күйзелтуші азаппен қуандыр (7).

Алдыңғы бағдарламаның соңғы аятында: «Кейбір адамдар бос, жалған сөздерді таратып, басқалар хақ сөзге ермеуі үшін және хақты қабылдамауы үшін олардың бастарын айналдырады» деп айтылды. Осы аят былай дейді: «Мұндай адамдар сол туралы ойлап, егер қисынды болса, оған иман келтірмек түгілі, тіпті Құран аяттарын естігілері де келмейді».

Бірақ, хақтан теріс айналудың тамыры тәкәппарлық пен кердеңдікте. Олар өздерін пайғамбар мен мүміндерден артық санап, олардың сөздерін естігілері келмейді.

Мұндай істің адамды Алланың жазасы мен азабына душар ететіндігі анық. Себебі, оның күпірлігі жәһілдік пен Алланың аяттарынан хабарсыздықтан емес, тәкәппарлық пен менмендіктен туындайды.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Үстемшілдік рухы хақ пен ақиқатты қабылдауға кедергі жасап, адамды адасушылық пен құрдымға тартады.

2.Жалған, бос сөздерді тыңдау адамның хақ сөзге құлақ түріп, оны қабылдау әзірлігін жояды.

«Лұқман» сүресінің 8-9 аяттары:

«إِنَّ الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ جَنَّاتُ النَّعِیمِ»، «خَالِدِینَ فِیهَا وَعْدَ اللَّـهِ حَقًّا  وَهُوَ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ»

Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін нығметі таусылмайтын бақтар бар. (8) Онда олар мәңгі қалады. Алланың уәдесі хақ. Ол өте үстем, хикмет иесі. (9)

Хақты тыңдаудың орнына жалған сөздерді тыңдағанды жөн көретін адамдардың бар екенін айттық. Мұндай адамдар күпірлікті таратып, соңында Алланың жазасына ұшырайды. Алайда, оларға қарсы жаратылыс пен ақыретке сеніп, дұрыс іс жасап, илаһи үлкен сауапқа ие болатын адамдар бар. Олар – Құран аяттарын мұқият оқып, естіп, ол туралы ойланып, түсінік негізінде соған иман келтіретіндер. Олар жаратылыстың жаратушысына тәкәппарлық танытпайды, Құдайға мойынсұнып, оның бұйрықтарын орындап, оның құлдарымен қарапайым қатынас жасайды. Құдай мұндай құлдарына мәңгілік жұмақтың уәдесін берді. Алланың бұл уәдесі міндетті түрде жүзеге асады. Себебі, ол – ғазиз әрі хәкім. Ол уәдесін орындауда қауқарсыз емес. Ол орынсыз уәде бермейді.  

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Жалғыз иман немесе түзу ғамалдың жалғыз өзі адамның жұмаққа жетуіне себеп болмайды. Иман түзу ғамалмен нәтижеге жеткізіп, адамды мәңгілік бақытқа кенелтеді.
  2.  Жұмақ – Алланың материалды және рухани алуан түрлі нығметтерінің сарайы. Сол себепті ол жерде адам шаршап-шалдығу, құлазу жәнен жабығу дегенді білмейтін болады.
  3. Құдайдың уәделері мен жазатын сауаптарына сенейік. Оны басқа адамдардың уәделерімен салыстырмайық. Адамдардың уәделері я, жалған, я олар оны орындай алмайды.  

«Лұқман» сүресінің 10-11 аяттары:

«خَلَقَ السَّمَاوَاتِ بِغَیْرِ عَمَدٍ تَرَوْنَهَا  وَأَلْقَى فِی الْأَرْضِ رَوَاسِیَ أَن تَمِیدَ بِکُمْ وَبَثَّ فِیهَا مِن کُلِّ دَابَّةٍ وَأَنزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَنبَتْنَا فِیهَا مِن کُلِّ زَوْجٍ کَرِیمٍ»، «هَـذَا خَلْقُ اللَّـهِ فَأَرُونِی مَاذَا خَلَقَ الَّذِینَ مِن دُونِهِ  بَلِ الظَّالِمُونَ فِی ضَلَالٍ مُّبِینٍ»

Сендер тіреусіз көрген көкті жаратты да, сендерді теңселтеді деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ, бүкіл жандықты өргізді де, көктен жаңбыр жаудырып, онда әр түрлі әдемі өсімдіктерді өсірдік. (10) Бұл Алланың жаратқаны. Ал Алладан өзгенің не жаратқанын маған көрсетіңдерші! Әрине, залымдар ашық адасуда (11).

Бұл аяттар жаратылыстағы Алланың құдіретінің белгілеріне тоқталып: «Аспандар мен ешбір тірегі көзге көрінбейтін галактикалар мен жердің тұрақтылығы мен тыныштығының мәйегі мықты таулар мен құрлық пен теңіздерді, аспандағы әртүрлі тіршілік иелерін жаратуы, жаңбыр жаудырып, өсімдіктерді өсіруі – бұлардың барлығы бір нәрсені айғақтайды: жаратылыстың Жаратушысы шексіз құдіретке ие. Ешкім де, еш нәрсе де бұл істе оған серік емес.  

Осы аяттарда галактикалар мен аспан денелерінің өз осьтеріндегі тұрақтылығы мен олардың арасындағы теңдіктің сақталынуына себеп болатын көзге көрінбейтін бағандарға, сонымен қатар таулардың жерді теңселуден сақтаудағы маңызды рөліне сілтеме жасалды.

Бұлар – Құранның ғылыми ғажайыптарының бірнеше үлгісі. Бұл мәселе адамзаттың аталмыш тақырыптардан еш хабары жоқ кезде айтылғанымен құнды. 

Құдайдың жаратылыстағы айқын белгілеріне қарамастан, өкінішке орай, адамдардың бір тобы хабарсыздықтары мен бұрыс ойлары салдарынан адамдарды немесе затттарды Құдайдың қатарына қойып, соларды  өздерінің тағдырларына әсер етеді деп ойлайды. Жаратылыстың бір бөлігінің хикметі осы шерктерге тапсырылған тәрізді. Құдай өзінің істерін соларға жүктегендей.

Сол себепті аяттардың жалғасы: «Сендер Құдайға серік етіп қосқан адамдар қай табиғи құбылыстың жаратылысында Құдайға серік болды? Аспандар мен өсімдіктерді айтпағанда шыбын мен шіркейді жарата ала ма?» дейді.

Аяттардың соңы Құдайдың жаратылысы саналатынды Құдайға серік етіп қосып, Құдайға ғибадат етудің орнына Құдайдан басқаны іздейтін осындай ой мен сенімнің түрін адамның өзі мен Құдайға зұлымдық деп атайды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Аспанда миллардтаған галактикалар мен жұлдыздардың ілініп тұруы – һәм Жаратушының құдіретінің белгісі, һәм осындай істі көрінбейтін бағандармен байланыстыратын, бүгін оны тартылыс күші деп атайтын Құранның мұғжизалығының дәлелі.

2.Су мен топырақтың, өсімдік пен табиғаттың Құдайдың жанында құны бар. Адам да қоршаған ортаны құнды санап, Алланың осы үлкен аманатын дұрыс тәсілмен сақтауы керек.

3.Құдайтану жолдарының бірі – оның құдіреті мен басқалардың құдіретін салыстыруда.

4.Құдайдан басқаны іздейтін адамдар зұлымдыққа душар болады. Зұлымдық оларды адастырады.