Жел 02, 2017 00:29 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 83

Имам Әли (ғ.с.): «Адам одан айырылғанша ие болған екі нәрсесінің қадір-қасиетін білмейді. Оның бірі – жастық шақ, екіншісі – денсаулық» деген.

Аятолла Хаменеи

Жастық шақ – адам өмірінің ең құнды әрі ең жарқын кезеңдерінің бірі. Жас адам шаттық пен жігерге ие. Ол өз болмысын танып, өзін тәрбиелеу үшін әртүрлі тәжірибені үйрену жолында қадам басады. Жас адам өзінің дарыны мен ішкі күштеріне назар аударып, жастық шақтың құнды гауһар тастарын дұрыс жолға бағыттап, өмірінің негіздерін нығайтып, бақыт пен кемелдікті сезеді. Бірақ жастық шақтың  жарқын кезең екенін әрі бұл кезеңдегі барлық қабілет, дарындары мен мұрсаттарын түсінбеген адам жасы ұлғайған кезде уайым-қайғымен бетпе-бет келеді. 

Аятолла Хаменеи

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи Ислам дінінің  тағылымдарына сүйеніп: «Адам нанды, ауаны, өндіріс пен дамуды және өмірдің ләззаттарын қажет етеді. Адам сондай-ақ, иман мен тақуалықты, пәктік пен жүректің тазалығы мен  нұрлылығын және илаһи тағылымдарды, жақсы ахлақты да қажет етеді»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірінше, жастық шақ тың жер мен құнарлы топырақ сынды. Оған жақсылықтың тұқымын сеуіп, сол жерден өсіп шыққан  құндылықтарды сақтау керек. Ислам революциясының жетекшісі материалды дүниеге тәуелді елдер өткен 150 жылда рухани құндылықтарды адамзаттан біртіндеп алыстатып, рухани құндылықтарға бет бұруды жоюға көп күш салды деп санайды. Сондықтан, хазірет батыстың жастарына әкелік кеңес беріп, олардан рухани құндылықтарға қайтуды сұрайды.

Жастық шақтың қадір-қасиеті

Діни білімді жас кезде үйрену өте маңызды. Егер діни тағылымдар мен соларға сай өмір сүру адамның жас кезінде қалыптасса, тақуалық оның жас жанында тамырланып, қартайғанша сақталады. Жастық шақта ахлақты тазарту барлық пәк имамдардың маңызды ақыл-кеңестерінің бірі болды. Ислам революциясының жетекшісі адамның қартайған кезеңін рухани, ахлақ және рухани тұрғылардан жастық шақ үдерісінің жалғасы деп атап: «Мейірім мен өнертапқыштық және даму кезеңі саналатын жастық шақта адамның материалдық дүиелер мен шаһуат туралы ойлауы мүмкін емес. Бұл кезеңде адам Алла және оның әулиелеріне деген махаббат, жақсы адамдар туралы ойлайды. Бұл кезеңге немқұрайдылық танытып, қартайған кезде ғана мүмін болуды ойлауға  болмайды. Алла Тағала жетпіс жыл бойы күнә жасаған адамның иман жолына түскенін қабылдайды. Бірақ, жас кезінен ойланып, дұрыс әрі нұрлы жолды тапқан адамның жағдайы өзгеше болады. Ол өзінің табыстарын қартайған кезде пайдалана алады»,- деп ескертеді.

 Негізінде мағрифат, ғибадат, иман, адамгершілік, кемелдік сынды жоғары қаиеттер адамның жас кезінде қалыптасады. Жастықтың шырын кезеңінде адам өзін тәрбиелеу мен нәпсісін тазарту саласында маңызды қадамдар жасай алады. Аятолла Хаменеи жастарға: «Сендер, жастар, әрқашан қырағы болыңдар. Діни және революцияшыл білімдерінді мүмкіндіктерің жеткенше  арттырыңдар. Дұшпанның алдында жеңімпаз, жігерлерің мықты болсын. Егер бұл болмысты өздерің үшін қамтамасыз еткілерің келсе, оны сақтауға күш салыңдар. Келешекте сендерге қосылатындар бұл шежіре мен қасиетті ағымды жалғастырады. Жүректеріңдегі мағрифат негіздерін нығайтыңдар»,- деді.

Құран Кәрім

 Жастардың діни білім алу жолдарының бірі Құран оқып, оның нұрлы аяттары туралы ойлану болып табылады. Рауаяттардың бірінде: «Адам Құранды жас кезінде оқыса, Құран оның еті мен терісіне сіңеді»,- деп айтылған. Аятолла Хаменеи Құранның мәңгілік әсері туралы жастарға айтқан сөзінде оларды Құранға сүйіспеншілік білдіріп, Құранға жақын болуға кеңес берді. «Құранды оқыған сайын сендердің надандық перделерінің бірі алынып, нұрлы бұлақтардың бірі жүректеріңе қарай жол табады. Құранды жақсы көру, ол туралы ойлану, оны түсіну – қажет нәрселер»,- деп айтылған. («Наһдж ул-Балағе», 176-шы құтпа). Егер адам Құранмен сырласып, оның білім теңізінен пайдаланса, адам шынайы бақытқа жетеді. Имам Саджад (ғ.с.): «Егер Шығыс пен Батыстың арасындағы бүкіл халық өліп, жер бетінде ешбір тірі болмыс қалмай,  мен жалғыз қалып, менімен Құран ғана қалса, жалғыз қалғанымнан еш уақытта қорықпас едім»,- деген болатын.

Мешіттегі жастар

Жастардың білім алуының келесі жолдарының бірі – дұға мен намаз жиындарына қатысу және мұндай жиындардың ең жақсы көріністерінң бірі итикаф саналады. Ережеп айында үш күн итикаф күндері ретінде белгіленген. Бұл үш күнде мүміндер мешіттерге барып, сол  жерде қалып, дұға тілеп, намаз оқып, Алламен сырласады. Бүгінгі жастарды дінге жақын деп санайтын аятолла Хаменеи жастардың итикаф рәсіміне  қатысуына ризалығын білдіріп: «Шаһуаты мен нәпсілік талап-тілектеріне батқан дүниежүзінің жастарының көбіне керісінше, біздің көптеген жастарымыздың мешіттерге барып, итикаф жасап, күндері мен түндерін ораза тұтып өткізетіндігі қандай әдемі әрі әтірге толы көрініс» деді. Итикаф кезеңі баса назар аударуды қажет етеді. Ислам революциясының жетекшісі өз сөзінде итикаф етушілерге бұл үш күнде абай болуға кеңес береді. Яғни, ғибадат етушіге сөйлеген сөзінде, тамақтанып, қарым-қатынас жасағанда, кітап оқып, ойланып, келешекке жоспар құрған кезде илаһи ризалыққа ие болу туралы ұмытпай, илаһи талаптарды өз нәпсісінен жоғары санап, нәпсіге бағынбауға кеңес береді. Хазіреттің пікірінше бұл үш күндегі жаттығулар жастар үшін сабақ болады. Ислам революциясының жетекшісі  сонымен бірге итикаф кезіндегі ғибадаттың тек дұға тілеп, намаз оқумен шектелмейтінін, итикафқа жиналғандардың бір-бірімен достық және бауырластық қарым-қатынастарының оларға исламдық кеңесулерді үйрететінін қуаттайды. Итикаф кезіндегі мұрсаттар – ғибадат.

Аятолла Хаменеи: «Жастарымыз иманды болып, Алланы көбірек еске алып, Алланы көбірек қажет етіп, оған қарай қолдарын созған сайын, олардың ғамалдары мен ойлары азырақ зардап шегіп, қоғам олардан көбірек пайда көретін болады»,- деп баса айтты.