Жел 11, 2017 21:09 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 84

Жастық шақ, шаттық пен даму – үлкен нығметтер. Жас адам өзінің қалауы мен сезімдері, нәпсілік және жыныстық инстинктерінің шабуылымен кезігуі мүмкін. Жастық шақта тақуалық дамып, адамды жасы ұлғайған кезде күнәлардан қорғайды.

Жастық шақтың басталуы – адамның ізгіліктерге қол жеткізуінің көктемі. Хазірет Әли (ғ.с.) перзенті имам Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ға жолдаған хатында: «Жасөспірімнің жүрегі себілген тұқымды қабылдайтын тың жер сынды. Сондықтан есеймей тұрып сенің тәрбиеңмен айналыстым. Ұлым, бұл өсиетнамадағы айтылған нәрселердің ең маңыздысы – илаһи тақуалық пен иман»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 31-ші хат).

Жастық шақ, шаттық пен даму – үлкен нығметтер. Жас адам өзінің қалауы мен сезімдері, нәпсілік және жыныстық инстинктерінің шабуылымен кезігуі мүмкін. Жастық шақта тақуалық дамып, адамды жасы ұлғайған кезде күнәлардан қорғайды.

Аятолла Хаменеи

Иран Ислам революциясының жетекшісі Алла елшісінің жастардың бірін көрген кезде тілеген дұғасы туралы: «Алла елшісі сахабасының бірінің жас болуына риза болып, ол үшін Алладан: «Уа, Алла! Оған жастығын пайдалануға көмектес»,- деп сұрады. Пайғамбардың бұл дұғасы жастардың барлығының жастық шағын пайдаланбайтынын көрсетеді. Жастық шақты пайдалану деген не? Жастық шақты пайдалану дегенді жас кездегі материалдық шаһуаттардан ләззат алу деп ойлау қателік. Жас кездегі әуестіктер мен бейімділіктерді пайдалану жастық шақты пайдалану деген сөз емес. Алла елшісі сөзінің бірінде: «Өзін ластамай, шаһуаттардан алыстау Алланың алдында жетпіс екі сыйға ие»,- деген. Жастық кезде пәк болу – пайғамбардың жолы. Алла жастарға үлгі ретінде Юсуф пайғамбарды ұсынды. Адам жастық шағын Аллаға құлшылық етуге пайдалануы керек.

Жастық шақты пайдалану

Құлшылық ету деген не? Ислам революциясының жетекшісі мен исламның көзқарасы бойынша жас адам тек намаз оқып, ораза тұтып, қоғамнан алыстауы керек пе? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін аятолла Хаменеидің сөздеріне шолу жасаймыз. Аятолла Хаменеи: «Аллаға құлшылық ету тек намаз оқу ғана емес. Өмірде Аллаға құлшылық етуді білдіретін жайттар аз емес. Олардың ең маңыздыларының бірі күнә жасамау болып табылады. Сабақ оқу да Аллаға құлшылық ету саналады. Өнертабыс, химия, энергетика, гуманитарлық ғылымдар, медицина және басқа салалардағы жұмыстар да Аллаға құлшылық ету саналады»,- деген болатын. Адамның өзін тәрбиелеуі мен нәпсісін тазартуы мен белсенді болуы, сөйте тұра күнәға шырмалмауы өте маңызды. Яғни, адам әр жағдайда нәпсісі мен рухын  таза ұстауға талпынғаны жөн. Соңғы илаһи кітап Құран Кәрім өз тағылымдары арқылы жастар үшін көптеген үлгілерді таныстырады. Хазірет Юсуф сұлу, байлық пен атаққа ие жігіт болған. Ол өзін әдемі әйел күнәға итермелеген кезде Алланы есіне алып, Жаратушыны пана тұтты. Аятолла Хаменеи хазірет Юсуфтың сабақ боларлық оқиғасына тоқталып, хазіретті тақуа ретінде таныстырып: «17-19 жастағы Юсуф есімді жігітті көз алдарыңызға елестетіңіздер. Оның сұлулығы дәл осындай ерекшеліктерге ие әйелдің оған ғашық болуына себеп болды. Бұл жігіттің алдында екі жол: біріншісі бағынып, бұзылған адамға айналу, екіншісі, күнәдән тартынып, дамып, жоғарылау. Хазірет Юсуф Мысыр патшасы қазынашысының үйінде жастық шағын өткізіп, нәпсісін жеңіп, Алланың оған сыйлаған пайғамбарлық дәрежесіне лайық екенін көрсетті. Алла Тағала бұл пендесінің мұндай жігерге ие екенін, соны Алланың жолында қолданатынын біледі. Сондықтан, пендесіне ауыр әрі үлкен міндет жүктеді»,- деп айтқан болатын.                     

 

Жастық шақтағы өзін-өзі тәрбиелеу

Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше өзін-өзі тәрбиелеу  жолындағы ең маңызды, тіпті басқа ерекшеліктерден басым қадамдардың бірі ықылас саналады. Аятолла Хаменеи ғибадат пен амалдың таза ниетпен орындалуын Алла үшін деген. Осы пікір бойынша, адам Алламен бият етеді. Юсуф пайғамбар сынды әр істі нәпсісін тыныштандыру немесе халықтың ризалығына ие болу үшін емес, Алланың ризалығы үшін орындау туралы уәде береді. Адамдар жақсы істер  туралы айту керек деп ойлайтын болар. Өйткені, олар жасырын әрі Алланың ризалығы үшін жасалған жақсылықтың әсерінің артық болатындығына көңіл бөлмейді. Бірақ кейбір жақсы амалдар әшкере болуы қажет. Сонда басқалар үлгі алып, орындайтын болар. Исламның ұлық пайғамбары: «Әр нәрсенің рухы, мағынасы мен шындығы бар.  Халықтың оны Алла үшін жасаған істеріне қатысты мадақтағанын жақсы көретін адам ықыластың шындығын түсінбейді»,- деген. Яғни, халықтың мадағын күтпей, жақсы амалын тек Алланың ризалығы үшін орындаған адам ықыластың шынайы рухын түсінеді. Сондай-ақ, діни жетекшінің пікірінше, ақ ниетпен және Алланың ризалығы үшін орындалған іс орынды нәтижеге жетеді. Ықыласты жастық шақ кезеңінің басынан тәрбиелеген жөн. Сондай жағдайда ол адамның жүрегінде тамырын жайып, өзін тәрбиелу жолын өту оңай болады.

 

Аятолла Хаменеи

Егер жағымсыз ахлақ тікен сынды тамырын жайса, оларды шығару қиындайды. Сондықтан жағымсыз сипаттарына байланысты үмітін үзбеген жастарға күнәлардан алыстап, нәпсісін өзгерту оңай болады. Иран Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейни бұл туралы жастарға: «Жастар шаштары ағарып, қартайған кезеңнің келуін күтіп отырмайды. Қартайған біздер қиындықтарды білеміз. Сіздер жассыздар. Сіздер жастық шақтың жігерімен нәпсілік және хайуандық талап-тілектерді алыстата аласыздар. Егер жас кездеріңізде бұл іс жасалмаса, қартайған кезде өзгеріс енгізу қиын болады. Жас ұлғайған сайын күнә тамырланып, жүректерде күшейе түседі.

Өзін-өзу тәрбиелеу жастық шақта басталады, бірақ аяқталмай, өмірдің соңына дейін жалғасады.  Аятолла Хаменеи: «Мүмін әрдайым әрі тұрақты түрде өзін тәрбиелеуге міндетті. Бұл істі әрқашан жасау мүмкін емес деп ойлауға болмайды. Бұл істі әрқашан ұмытпаған жөн. Артық болмайды. Егер әр адам абай болып, тыйым салынған істерді жасамай, Алланың жолынан шынайылықпен өтсе, табысқа жетеді. Бұл – өзін-өзі тұрақты тәрбиелеудің нағыз өзі. Исламның бағдарламасы мұндай тәрбиеге сай. Күніне бес рет намаз оқып, зікір айту, «Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз» деп қайталау, рукуһ жасау, сәжде жасап, Алланың мадақтау не үшін? Мұның барлығы адамның әрдайым өзін тәрбиелеуі үшін»,- деді.

Біз саз балшық сындымыз. Егер дұрыс жұмыс жасап, оны ең жақсы пішінге келтіре алсақ, өмірімізге қажет жұмысты атқарғанымыз. Өмірдің мақсаты – осы. Ғылым мен амал тұрғысынан өздерін дамытпай, өмірде кездесетін ластықтар мен қысымдармен кезігіп, өмір сүріп, дүниеден кететін адамдарға қандай өкінішті.

 

 

 

Тегтер