Жел 11, 2017 21:22 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 140

Ислам дінінде үміт пен арман жоғары орынға ие. Пәк имамдардың рауаяттарында үміт «илаһи рақым» деп аталған. Исламның ұлық пайғамбары: «Үміт пен арман – менің үмбетім үшін рақым. Егер үміт пен арман болмағанда, ешбір ана сәбиін емізбес еді, ешбір бағбан көшет отырғызбайтын еді»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 74-ші том).

Қасиетті Құран кітабында мүміндерден білімді  пайдаланып, надандықтың зиян келтіретін әсерінен алыстау талап етілген. Имам Садық (ғ.с.) өзінің танымал «Ақыл мен надандық» хадисінде: «Ақылдың күштері адамның білімін жоғарылатып, Алланы танып білуге көмектеседі, надандықтың күштері адамды адастырып, надандыққа батырады"  деген. («Усул Кафи», 1-ші том). Ақылдың күштерінің бірі – үміт, надандықтың күштерінің бірі – үмітсіздік. 

Ислам дінінде үміт пен арман жоғары орынға ие.  Пәк имамдардың рауаяттарында  үміт «илаһи рақым» деп аталған. Исламның ұлық пайғамбары: «Үміт пен арман – менің үмбетім үшін рақым. Егер үміт пен арман болмағанда, ешбір ана сәбиін емізбес еді, ешбір бағбан көшет отырғызбайтын еді»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 74-ші том).

Сондай-ақ, хазірет Исаның хадистерінің бірінде күндердің бірінде хазіреттің күрек және қайламен жерді қазып жатқан қартты байқағаны туралы айтылған. Хазрет Иса: «Уа, Құдай! Бұл адамды үміт пен арманынан айыр»,- деді. Бір мезгілде қария күрегін жерге тастап, ұйқтап қалады. Біраздан кейін хазірет Иса: «Уа, Құдай! Мына адамның үміті мен арманын өзіне қайтар»,- деп сұрайды. Қарт адам орнынан тұрып, қайтадан жұмысына кірісті. Хазірет Иса қартқа жақындап: «Мен сені екі түрлы жағдайда көрдім: бірде күректі жерге тастап, ұйықтап жатқаныңды, келесіде орныңнан тұрып, жұмысыңа кіріскеніңді. Себебі не?»- деп сұрағанда ол: «Бірінші ретте «Қартайып, қажыдым. Не үшін еңбектенемін» деп ойладым. Сол кезде күректі жерге тастап, жатып ұйықтадым.  Бірақ көп ұзамай, «Адам өлгенге дейін өзі мен отбасы үшін талпынуы керек» деген ой келді. Сондықтан, жатқан жерімнен тұрып, жұмысыма кірістім»,- деп жауап береді.  Аяттар мен рауаяттар бойынша, Аллаға күпірлік білдіргеннен кейінгі ең үлкен күнә Алладан үміт үзу саналады. Күнәһар адам Алланың рақымы мен қайырымдылығынан үмітін үзбеген болса, тәубеге келіп, кешірім сұрауы мүмкін. Бірақ, үмітсіз адам еш уақытта кешірілмейді. Өйткені, ол Алланың кешіріміне сенбейді, тәубеге келмейді. Сондай-ақ, илаһи рақымнан үміт үзу күнәлардың санының артуына себеп болады.  Себебі, адам: «Мен бәрібір күнәларым үшін азап көремін. Сондықтан не үшін ләззаттардан мақұрым қалуым керек?» деп ойлайды. Сол себепті ойланбастан күнә жасай береді. Имам Бақер (ғ.с.): «Алла елшісі: «Алламен ант етемін, егер мүмін Алладан үмітін үзсе немесе күмәнданса, сондай-ақ, мүмін бауыры туралы өсектен алыстамаса, дүние мен ақыретте жақсылық көрмейді. Алламен ант етемін, пендесінің Жаратушыға деген ойы жақсы болсын, өйткені Ол пендесінің ойына сай мәміле жасайды. Алла – әділ. Жақсылықтар Оның қолында»,- деп айтқан»,- деген. («Усул Кафи», 2-ші том).

Алланың рақымынан үміт үзбеңдер!

Адамдардың көбі қиындықтармен кезіккен кезде үміттерін үзеді. «Фуссиләт» сүресінің 49-шы аятында: «Адам баласы жақсылық тілеуден жалықпайды да, егер оған бір жамандық душар болса, сонда мүлдем күдер үзіп, үмітсізденеді»,- деп айтылған. Алла Тағала адамның үмітсіздігін қош көрмейді. Имам Әли (ғ.с.) үмітсіздікті ең үлкен күнә деп атап: «Ең үлкен күнә – үмітсіздік»,- деген. Діни және рухани істерде де үміт маңызды рөл атқарады. Өмірде Аллаға деген үміттерін үзбеген адамдар қиындықтарын жеңеді. Үмітке ие адам кемел жолды өту үшін күшін аямайды. Хазірет Әли (ғ.с.): «Ең үмітті адамдар – қателескен кезде жолдарын өзгертуге талпынатындар»,- деп айтқан болатын. Үміттің маңызды нәтижелерінің бірі – дұға тілеп, Алладан өтіну. Өйткені, Аллаға үміт артпайтын адам дұға тілемейді. Имам Саджад (ғ.с.) «Үміттілер дұғасында» Жаратушыға бет бұрып: «Уа, пендесінің сұрағанын беруші, пендесін арманына жеткізуші және оған бет бұрғаны үшін өзіне жақындатушы!... Өзіңнен тілеген адам еш уақытта үмітсіз қалмайды»,- деп дұға тілеген

 

 

 

Тегтер