Қаң 02, 2018 12:13 Asia/Almaty

«Лұқман» сүресінің 20-21-22-24 аяттары:

Мейірімді де рақымды Алланың атымен!

«Лұқман» сүресінің 20 аяты:

«أَلَمْ تَرَوْا أَنَّ اللَّـهَ سَخَّرَ لَکُم مَّا فِی السَّمَاوَاتِ وَمَا فِی الْأَرْضِ وَأَسْبَغَ عَلَیْکُمْ نِعَمَهُ ظَاهِرَةً وَبَاطِنَةً  وَمِنَ النَّاسِ مَن یُجَادِلُ فِی اللَّـهِ بِغَیْرِ عِلْمٍ وَلَا هُدًى وَلَا کِتَابٍ مُّنِیرٍ»

Көрдіңдер ме? Рас, Алла (Т.) сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бойсұндырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы, не нұрландырушы кітабы болмаған кейбір адамдар Алла жайында таласады. (20)

Алдыңғы бағдарламада Лұқманның перзентіне сенім, ахлақ және әлеуметтік салалар бойынша айтқан ақыл-кеңестері аяқталды. Осы аяттар Лұқманның насихаттарынан бұрынғы құдайтану тақырыбына оралып, жалпы халыққа қаратып: «Құдай аспан мен жерді әрдайым сендерге – адамдарға қызмет ететіндей етіп жаратып, бағдарлады. Аспандағы күн мен ай және жердің күнді айналуы мен өзін айналуы сияқты табиғи құбылыстар тіршілік пен өмір жағдайын сендер, адамдарға әзірледі. Теңіздер мен мұхиттар, жердің асты мен үстіндегі әртүрлі пайдалы қазбалар, құрлық пен теңіздегі әртүрлі жан-жануарлар, өсімдіктер мен ағаштардың әр түрі, ауылшаруашылық өнімдері осының барлығы сендер адамдардың игілігі үшін жаратылған. Олардың кейбір бөлігі тікелей адамның бақылауында, келесі бөлігі де Алланың басқаруымен адамға пайда келтіру мақсатында қызмет етеді.

Адамның физикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін материалды нығметтермен қатар Құдай пайғамбарларын жетекшілікке сайлап, аспандық кітаптарын жіберіп, адамның ой-пікір және рухани қажеттіліктеріне де көңіл аударып, оның дамуы мен кемелдікке жету құралын әзірледі.

Бірақ, өкінішке орай, әрқашан тарих бойында адамды қамтитын осыншама нығметтерге алғыс айтудың орнына ақылға қонымды және ғылыми айқын дәлелдерсіз Құдаймен қарсыласатын адамдар болған. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Адам – жаратылыстың ең сүйіктісі. Аспан мен жердегінің барлығы адамның пайдалануы үшін жаратылған.

2. Алланың адамдарға нығметі һәм кең ауқымды әрі көп, һәм алуан түрлі: материалды және рухани, сыртқы және ішкі. Ондай болса, адам неліктен шүкірсіздік танытады?

3. Пікірталас пен айтыс ғылым мен адамның ақылы немесе жетекшілік пен аспандық кітап негізінде болса пайдалы.

«Лұқман» сүресінің 21 аяты:

«وَإِذَا قِیلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنزَلَ اللَّـهُ قَالُوا بَلْ نَتَّبِعُ مَا وَجَدْنَا عَلَیْهِ آبَاءَنَا  أَوَلَوْ کَانَ الشَّیْطَانُ یَدْعُوهُمْ إِلَى عَذَابِ السَّعِیرِ»  

Қашан оларға: "Алланың түсірген нәрсесіне ілесіңдер" делінсе олар: "Жоқ, аталарымызды тапқан нәрсеге ілесеміз" дейді. Егер шайтан оларды жалындаған азапқа шақырса да ма? (21).

Алдыңғы аятта: «Құдай туралы шәк келтіретіндер анық дәлел мен қисыннан кенде» деді. Осы аят былай дейді: «Олардың дәлелдерінің көбі ата-бабаларының әдет-ғұрыптарын сақтап, солардың жолдарын жалғастырумен байланысты. Олар өздерінің ата-бабаларының әдет-ғұрыптарынан бас тартқылары келмейді. Алланың жетекшілігіне ерудің орнына өздерінің аталарының бос, жалған сенімдері мен істерін жалғастырады. Мұндай қисын бұрыс әрі бүлдіргі. Бұл осы топтың да ата-бабалары сияқты тозаққа түсуіне себеп болады.  

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Ата-бабалардың бұрыс сенімдеріне әсірешілдікпен еріп, оларға көзді жұма еліктеу хақты қабылдауға кедергі болады. Адамның ақылы мен ойын ақиқатты түсінуден ұстайды.
  2. Мәдени мұралар мен ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтау ақыл және дінмен ымыралас жағдайда ғана құнды. Әйтпегенде, құрдымға себеп болады.
  3.  Шайтан әрдайым адамды жалған, бұрмаланған жаққа шақырады.

«Лұқман» сүресінің 22-23-24 аяттары:

«وَمَن یُسْلِمْ وَجْهَهُ إِلَى اللَّـهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ فَقَدِ اسْتَمْسَکَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَى وَإِلَى اللَّـهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ»، «وَمَن کَفَرَ فَلَا یَحْزُنکَ کُفْرُهُ  إِلَیْنَا مَرْجِعُهُمْ فَنُنَبِّئُهُم بِمَا عَمِلُوا إِنَّ اللَّـهَ عَلِیمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ»، «نُمَتِّعُهُمْ قَلِیلًا ثُمَّ نَضْطَرُّهُمْ إِلَى عَذَابٍ غَلِیظٍ»

Кім өзін Аллаға тапсырып, игілік істесе, сонда ол расында берік тұтқаны ұстаған болады. Бүкіл істердің соңы Аллаға тән. (22) (Мұхаммед Ғ.С.) кім қарсы келсе, сонда оның қарсылығы сені кейітпесін. Олардың қайтар жері Біз. Сонда оларға не істегендерін баян етеміз. Расында Алла, көкіректегілерді толық біледі. (23) Оларды аз пайдаландырып, сосын ауыр азапқа зорлаймыз. (24)

 

Бұл аяттар адамдарды Алланың шақыруы алдында екі топқа бөледі: бір топ барлық болмыстарымен Құдай жаққа келіп, оған бойсұнады. Келесі топ қырсықтыққа салынып, Құдайға күпіршілік жасайды. Бірінші топ – илаһи жетекшіліктің арқанына жабысып, дұрыс жолды табатын ізгілер, басқаларға жақсылық жасайтын адамдар. Оларды ақыретте жақсылық күтеді. Бірақ, екінші топ тіпті дүниеден пайда тауып, одан ләззат алғанымен, соңында жаман салдарға ұшырайды, осы дүние мен ақыретте қиындықтарға душар болады.

Рақым пайғамбары кәпірлер оны қинағанда күпірліктері үшін жазаға ұшырайтындықтан қуанған емес. Керісінше, хазірет әрдайым оларға жанашыр болып, олардың тура жолдан тайғаны үшін қайғырды. Бірақ, олар күпір жолын таңдағандықтан еш пайда болмады. Пайғамбар оларды Құдайға иманға келтіруге мәжбүрлей алмады.

Оы аяттан үйренетініміз:

1.Егер бүкіл әлем Құдайдың бұйрығына бағынса, Құдай оларды бізге, адамдарға қызмет етуге міндеттесе, біз неліктен Құдайға мойынсұнбаймыз?

2.Адам осы дүниеде өзінің жағдайын сақтау үшін сүйеніштерді таңдап, адамдарды немесе заттарды пана тұтады. Бірақ, мүміндердің жалғыз сүйеніші –Құдай. Олар Алланың мықты арқанына жабысып, түзу ғамалдар жасап, құтқарылу жолын іздейді. Рауаяттарға сәйкес, пайғамбарлар мен имамдар да Алланың мықты арқандары.

3.Осы дүниедегі өмірде өз жолын әлемнің болашағына деген көзқараспен және сол туралы ойлау арқылы таңдайық. Сонда өмірдің соңында жаман салдарға душар болмаймыз.