Қаң 02, 2018 19:48 Asia/Almaty

"Сәжде» сүресінің 1-2-3-4-5-6 аяттарының тәпсірі

                                          بسم الله الرحمن الرحیم

«Лұқман» сүресінің аяқталуымен бұл бағдарламада Құран Кәрімнің Меккеде түскен 32-ші сүресі «Сәжде» сүресін бастаймыз.

«Сәжде» сүресінің 1-2-3 аяттары:

«بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـنِ الرَّحِیمِ»

«الم»، «تَنزِیلُ الْکِتَابِ لَا رَیْبَ فِیهِ مِن رَّبِّ الْعَالَمِینَ»، «أَمْ یَقُولُونَ افْتَرَاهُ  بَلْ هُوَ الْحَقُّ مِن رَّبِّکَ لِتُنذِرَ قَوْمًا مَّا أَتَاهُم مِّن نَّذِیرٍ مِّن قَبْلِکَ لَعَلَّهُمْ یَهْتَدُونَ»

Ұғымын Алла біледі. (1) Бұл Кітап әлемдердің Раббы тарапынан түсірілген. Мүнда шәк жоқ. (2) Олар: "Оны өзі жасады" дей ме? Олай емес, сенен бұрын ескертуші жіберілмеген елге ескертуің үшін ол Раббыңнан бір шындық. Әрине, олар тура жол табар. (3)

«Сәжде» сүресі – олардың алдында «моғаттаэ» қаріптері келетін Құрандағы 29 сүренің бірі. Әліп пен лам және мим әріптерінен басталған «Бақара» сүресі сияқты бұл сүре де осындай қаріптермен басталған. Келесі аят бұл қаріптердің Құранның түсірілуімен байланысты екендігін және араб әліпбиінің осы қаріптерінен құралған кітаптың ұлылығының көрсеткіші екендігін баяндайды. Бірақ, сөздері мен тіркестерінің реті бұл сияқты кітапты ешбір адам баласы әкеле алмайтындай етіп жазылған.   

Құран – хақтан бастау алып, хақтан басқа онда ештеңе айтылмаған кітап. Бірақ, оны қабылдағысы келмейтін қарсыластар мен теріске шығарушылар кітапты пайғамбардың өзі шығарып, оны Құдаймен байланыстырды деп жала жабады. Хазірет адамдарды өздерінің жаман істерінің салдарлары мен соңынан қорқытып, ескерту жасаудан басқа мақсатқа ие болмаған. Бәлкім, хазірет адамдар қорқып, жаман  істерден алыстап, жетекшіліктің тура жолына түсер деп үміттенген.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Теріске шығарушылар Құран туралы күмән тудыруды мақсат еткенімен, Құранның шындығына ешбір шәк пен күмән жол таба алмайды. Себебі, бұл кітап әлемдіктердің Пәруәрдігері тарапынан түсірілген.

2. Құран – шариғат кітабы. Кітаптың бастауы – жаратылыс жүйесін Жаратушының өзі. 

3.Адамдар бұрмалаушылық пен теріс жолдан алыстауы үшін қорқытып, оларға ескерту жасау – пайғамбарлардың ресалатының негізгі мақсаттары.

«Сәжде» сүресінің 4 аяты:

«اللَّـهُ الَّذِی خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَیْنَهُمَا فِی سِتَّةِ أَیَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ  مَا لَکُم مِّن دُونِهِ مِن وَلِیٍّ وَلَا شَفِیعٍ أَفَلَا تَتَذَکَّرُونَ»

Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны меңгерді. Сондықтан сендердің Одан өзге ешбір иелерің де шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар ма? (4)

Алдыңғы аят Құранның Құдай тарапынан түсірілуі туралы болды. Бірақ, бұл аят жаратылыстың Құдай тарапынан жаратылуына тоқталады. Құранды түсіруде Құдайдың серігі болмағаны сынды осы кітаптың барлық аяттары ол тарапынан түсірілген. Жаратылысты жаратуда да Құдайдың ешбір серігі болған емес. Аспан мен жердегі жаратылыстың барлық бөлшектері Оның ерік-жігерімен жаратылған.

Құран аяттары пайғамбардың 23 жылдық ресалаты кезінде біртіндеп түсірілгені сынды әлемнің жаратылысы да біртіндеп, алты кезеңде орын алды. Алайда, осы кезеңдердің әрқайсы ұзақ уақытқа созылған болуы мүмкін.

Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі Алланың абсолютті билігі мен жаратылысына мән берместен, оның жаратылыстарына жүгініп, соларды өздерінің қамқоршысы немесе шапағатшылары санайды.

Оның рұқсатымен шапағат ететін Құдайдың әулиелерінен басқа ешкім де, еш нәрсе де адамға шапағатшы бола алмайды. Күнәларды кешіру құралы немесе илаһи нығметтерге қол жеткізудің құралы ол тарапынан.

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Жаратылыс істерінің билігі оның Жаратушысының қолында. Жаратушы жаратылысты жайына қалдырып немесе жаратқандарының қолына тапсыра салмаған.
  2. Адам Алланың нығметтерін еске салып, ескерту жасауды қажет етеді. Кері жағдайда қапылдыққа ұшырап, ұмытады.

«Сәжде» сүресінің 5-6 аяттары:

«یُدَبِّرُ الْأَمْرَ مِنَ السَّمَاءِ إِلَى الْأَرْضِ ثُمَّ یَعْرُجُ إِلَیْهِ فِی یَوْمٍ کَانَ مِقْدَارُهُ أَلْفَ سَنَةٍ مِّمَّا تَعُدُّونَ»، «ذَلِکَ عَالِمُ الْغَیْبِ وَالشَّهَادَةِ الْعَزِیزُ الرَّحِیمُ»

Ол көктен жерге дейін істі игереді. Сосын сендердің санауларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде оған көтеріледі. (5) Ол көместі де, көрнеуді де білуші. Өте үстем, тым мейірімді. (6)

Жаратылыс жүйесі Құдай арқылы басқарылады деген алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар оны тағы қуаттап: «Аспаннан жерге дейінгі жаратылыстың барлығы оның билігінде. Одан басқа әлемде Құдай жоқ. Ол осы әлемнің істерін ғана басқарумен шектелмейді. Сендердің барлық істерің мен қылықтарың қияметте оған оралады. Оның ғылымы мен құдіретінен ешбір нәрсе тысқары емес» дейді.

Адамдар үшін мың жыл дегеннің мағынасы мынада: қиямет күні ақырзаманға дейін болатынның барлығы сол күні Алланың сотына ұсынылады. Құдай жасырын және айқын істерден хабардар өзінің шексіз білімі негізінде және өзінің ғиззаты мен рақымы бойынша құлдарына қатынас көрсетеді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Әлемнің жаратушысы мен басшысы бір. Шынайы таухид барлық істердің Құдайға оралатындығымен байланысты.

2.Жаратылыста барлық нәрсе одан және оған оралатындығы сынды істердің билігі де одан және оған оралатындығында.

3. Әлем істерінің билігі мен әлемдегі заңдар Алланың шексіз ғылымына негізделген.

4.Құдайдың әлемдегі пайда болудан жасырынға дейінгі барлық істеріне қатысты ғылымы бірдей.