«Сәжде» сүресі, 739-шы бөлім, 7-9 аяттар
«Сәжде» сүресінің 7-8-9 аяттарының тәпсірі
بسم الله الرحمن الرحیم
«Сәжде» сүресінің 7-8 аяттары:
«الَّذِی أَحْسَنَ کُلَّ شَیْءٍ خَلَقَهُ وَبَدَأَ خَلْقَ الْإِنسَانِ مِن طِینٍ»، «ثُمَّ جَعَلَ نَسْلَهُ مِن سُلَالَةٍ مِّن مَّاءٍ مَّهِینٍ»
Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркемдестірді. Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды. (7) Сосын оның нәсілін бір жай судың негізінен жаратты. (8)
Алдыңғы бағдарламада Құран аспандар мен жердің барлық істерден хабардар Құдай тарапынан басқарылатыны баяндалды. Алайда мына аят екі жайтты қуаттайды: біріншісі, Құдай жаратқанының барлығын, жансыз қатты денелер мен өсімдіктерден бастап, жан-жануарлар мен адамдардың барлығын ең жақсы түрде жаратты. Оның жарату құралында ешқандай кемшіндік пен мінге жол жоқ; екіншісі, бұл аяттарда барлық жаратылыстардың арасынан адам жеке аталған. Себебі, Құдай алғашқы адамды су мен топырақтан жаратып, оның кейінгі ұрпағын ананың жатырында ұрық арқылы пайда болғызып, дамытып, туу арқылы дүниеге келтіреді.
Адам ұрығының сырттай қарағанда жай бір су болғанымен, құрылысы мен ондағы маңызды жасушылары тұрғысынан өте нәзік, күрделі, әрі нақты екендігін айту қажет. Ол Пәруәрдігердің ұлылығы мен ғылымы және құдіретінің белгілерінің бірі саналады.
Келесі жайт, адамды маймылдың эволюциясының өнімі санаған Дарвиннің эволюциялық теориясына қайшы бұл аят былай дейді: «Құдайдың қалауымен алғашқы адам су мен топырақтан жаратылған. Бұл тұрғысынан оны мен ұрпағының арасында айырмашылық бар. Себебі, адамның өзі топырақтан жаратылғанымен, ұрпағы ұрық арқылы жаратылады. Дарвиннің эволюциялық іліміне сәйкес, алғашқы адамның әкесі мен шешесі болған. Ол солардың ұрығы арқылы жаратылған.
Алайда бұл сүренің 7-ші аяты ғана емес, сонымен қатар Құранның басқа да аяттары Адамның әке-шешесінің болмағанын қуаттайды. Мысал ретінде Әли-Ғымран сүресінің 59-шы аятында хазірет Исаның әкесіз дүниеге келуі мен Адамның әке-шешесіз топырақтан жаратылуы бір деп аталған.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Әлемнің жүйесі – ең жақсы жүйе. Себебі, ол Құдайдың шексіз ғылымы мен хикметі және құдіреті негізінде жаратылған. Онда кем-кетік болуы мүмкін емес.
2.Қарапайым су тамшысынан адам сынды құнды әрі таңқаларлық жаратылыс иесін жаратқан шебер – Құдай.
3.Су мен топырақ және азғана ұрықтан жаратылған адамның тәкәппарлық пен менмендікке салынып, өзін жоғары санауы жөнсіз.
«Сәжде» сүресінің 9 аяты:
«ثُمَّ سَوَّاهُ وَنَفَخَ فِیهِ مِن رُّوحِهِ وَجَعَلَ لَکُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ قَلِیلًا مَّا تَشْکُرُونَ»
Сосын оны бейнелеп, ішіне өз рухын үрледі. Сондай-ақ, сендерге есту, көру және түсіну қабілетін берді. Аз шүкір етесіңдер. (9)
Бұл аят Адам мен оның ұрпағының жаратылу кезеңдеріне тоқталып: «Құдай адамның денесін сымбатты етіп жаратып, оған тұрақты форма берді. Содан кейін адамға жан бітіріп, оны басқа мақұлықтардан ерекшелендірді» дейді.
Алғашқы адам топырақтан жаратылып, адам кейпіне келтірілген соң Алланың қалауымен оған жан бітіп, ерекше тіршілікке ие болды. Осы уақытқа дейін жалғасып жатқан оның ұрпағының ұрығы жатырға түскен соң 9 айлық кезеңнің ортасында ерекше тіршілікке ие болады.
Осы аяттарда жан ұғымының Құдаймен байланыстырылуы Құдайдың адамдарға сыйлаған, оларды басқа тіршілік иелерінен ерекшелендіретін ерекше тіршілік екендігін білдіреді.
Басқа тіршілік иелері де көз бен құлаққа ие болғанымен, Құдай адамға сыйлаған жан адамның осы сезім мүшесі арқылы түсінікке қол жеткізуіне, оның басқа жандылардан өте жоғары болуына себеп болады. Өйткені, Құдай оның ішіне көз, құлақ та кіретін бес сезіммен бірге солардың көмегімен өзінің көргендері мен естігендерін сараптап, жаратылыста үстемдік етіп тұрған заңдарды ашуы үшін адамға ақыл мен түсіну қабілетін де сыйлады.
Адам осы заңдарды физика, химия, биология мен басқа да ғылымдар түрінде дайындап, солардың негізінде әртүрлі жаңалықтарды ашып жатыр. Сол себепті әрдайым даму үстінде. Басқа тіршілік иелерінің өмір тәсілдерінен ешқандай өзгеріс байқалмайды. Мысалы, бүгінгі күнгі бал арасы мыңдаған жылдар бұрынғы бал арасындай ұя салып, солар сияқты бал шығарады.
Бұл аят адамды танудың ең маңызды құралдарына, яғни көз бен құлаққа, ақылға сілтеме жасады. Бұлардың кейбіреуі сыртқы, бірі ішкі, келесісі көрінбейтін құралдар.
Іс жүзіндегі танымдарға көз бен құлақ құралдары арқылы, жалпы, рационалды танымдарға ақыл арқылы қол жеткізіледі.
Құдайдың мұндай үлкен нығметтеріне шүкір мен алғыс айту қажет. Бірақ, өкінішке орай, адамдардың көбі Жаратушыны ұмытып, оның нығметтеріне алғыс айтпайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Адамның шарапаты мен ұлылығының белгілеріне оның бойына илаһи демнің үрленуі мен ерекше өмірдің сыйлануы жатады.
2.Шүкір айтудың бастамасы өзі мен Құдайды тануда. Адам өзін танымайынша, Құдайды танымайды. Адам Құдайды танымаса, оған шүкіршілік білдірмейді.
2. Адам екі қырлы тіршілік иесі: оның бір қыры – материалды, екіншісі – рухани. Бұл құнды әрі маңызды.
3.Шарапатты, салих адамдар материалды қырды рухани қырға қызмет еткізеді. Бірақ, білімсіз, пәс адамдар рухани қырды жайына қалдырып, тек өздерінің материалды қажеттіліктерімен айналысады.