«Сәжде» сүресі, 743-ші бөлім, 26-30 аяттар:
«Сәжде» сүресінің 26-30 аяттарының тәпсірі
بسم الله الرحمن الرحیم
«Сәжде» сүресінің 26 аяты:
«أَوَلَمْ یَهْدِ لَهُمْ کَمْ أَهْلَکْنَا مِن قَبْلِهِم مِّنَ الْقُرُونِ یَمْشُونَ فِی مَسَاکِنِهِمْ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ أَفَلَا یَسْمَعُونَ»
Бұлардан бұрын қаншама нәсілді жойдық. Олардың жұрттарында жүгіріп жүргендігі бұларға жол көрсетпей ме? Расында, мұнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма? (26)
Алдыңғы бағдарламада Құдай зұлымдардан мазлұмдардың кегін әперетіндігіне уәде берді. Осы аят оларға: «Бұрынғы көптеген күнәһар қауымдардың көзін жойып, сендер бүгін солардың қирандыларында аяқ басып жүргендеріңді көріп, білетіндіктерің сендерге жетекшілік ету үшін аз ба?» дейді.
Ад пен Самуд қауымдарының қирандыларының қалдықтары Мекке мен Шам арасындағы жолда орналасқан. Мекке халқы сауда сапарларында солардың қасынан өтетін. Бір кездері мықты, бай қауымдар өмір сүрген жерлерге күнә мен зұлымдық және бейбастақтық салдарынан зауал туып, олардың өркениеттері құрыды.
Бұл қауымдардың қирандылары қатты дауыстап, жолаушыларды ғибрат алуға шақыратындай. Бірақ ешкімнің құлағы естімейді, дауыстарға көңіл аудармайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Бұрынғы өркениеттерден қалған ежелгі ескерткіштер естелік суреттерге түсірілуден бұрын өткендердің тағдырларынан ғибрат алатын мекен болуы керек.
2. Өткен – болашақ жолының шырағы. Адам ашық көз және құлақпен өткендердің оқиғаларын зерттеп, зерделеп, солардан ғибрат алуы керек.
3. Егер еститін құлақ бар болса, үнсіз, иесіз қирандылар біз үшін жолдауға ие.
4. Өткендердің ежелгі ескерткіштерін келешек ұрпақ ғибрат алуы үшін сақтау керек.
«Сәжде» сүресінің 27 аяты:
«أَوَلَمْ یَرَوْا أَنَّا نَسُوقُ الْمَاءَ إِلَى الْأَرْضِ الْجُرُزِ فَنُخْرِجُ بِهِ زَرْعًا تَأْکُلُ مِنْهُ أَنْعَامُهُمْ وَأَنفُسُهُمْ أَفَلَا یُبْصِرُونَ»
Олар көрмей ме? Рас суды, шөл жерге апарамыз да сол арқылы малдары әрі өздері жейтін өнім шығарамыз. Олар сонда да көрмей ме? (27).
Күнәһарларға қатысты Алланың қаһарын баяндаған аяттың жалғасында осы аят жаратылыстың барлығына қатысты Алланың кең рақымы мен мейіріміне тоқталып: «Адамдардың жері көгалданып, көркеюі үшін, адамдар мен жан-жануарлардың өмірі мен оларға қажет азық-түлік пен қорек әзірлену үшін Құдайдың сусыз, өсімдіксіз шөл далаларға қалай су жеткізетінін көрмейсіңдер ме?» дейді. Таулар мен төбелер, аңғарлар сынды жер бетіндегі биіктіктер мен төмендіктерге байланысты теңіздер мен мұхиттардан жер бетінің көптеген жеріне су жеткізетін мүмкіндік жоқ. Теңіздер мен мұхит сулары тұзды әрі ащы болғандықтан ішуге жарамсыз.
Құдай теңіз суларын күн арқылы буландырып, оларды бұлтқа айналдырып, екі мәселені де шешті. Осылайша бұлттар желдің соғысымен қозғалып, жердің құрғақ жерлеріне жаңбыр түрінде жауады. Мұнымен қатар суды буландыру үдерісінде теңіз суының ащылығы мен тұзы кетіп, мөлдір, таза, ішуге жарамды су жер тұрғындарының ықтиярына беріледі. Бұл – барша оны байқайтын үлкен нығмет. Бірақ, оның ұлылығына көңіл бөлінбейді. Табиғаттағы су айналымының есептелген ағысы жер бетіндегі тіршілік иелері өмірлерінің жалғастығында маңызды рөл атқарады.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Адамдар мен жан-жануарлардың қоршаған ортасы мен жасыл табиғат – Құдайтанудың ең жақсы сыныбы. Бірақ бұл сыныптың оқушылары таным мен мағрифатқа қол жеткізуді қаласа ғана.
- Теңіздер мен мұхиттардан алыс аймақтарда бұлттардың қозғалысы мен жаңбырдың жаууы кездейсоқ емес. Бұлардың барлығы хәкім Пәруәрдігердің ерік-жігерімен жүзеге асырылады.
- Жаңбырдың жаууы мен өсімдіктердің өсу жүйесі – Алланың белгілері. Оларға немқұрайдылық танытпауымыз керек.
«Сәжде» сүресінінің 28-29-30 аяттары:
«وَیَقُولُونَ مَتَى هَـذَا الْفَتْحُ إِن کُنتُمْ صَادِقِینَ»، «قُلْ یَوْمَ الْفَتْحِ لَا یَنفَعُ الَّذِینَ کَفَرُوا إِیمَانُهُمْ وَلَا هُمْ یُنظَرُونَ»، «فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَانتَظِرْ إِنَّهُم مُّنتَظِرُونَ»
Олар: "Егер шыншыл болсаңдар, бүл шешім қашан болады?",- дейді. (28) "Шешім күні кәпірлерге имандары пайда бермейді әрі оларға мүрсат да берілмейді" де. (29) Енді олардан бет бұр да күт! Расында олар да тосуда. (30)
«Сәжде» сүресінің соңғы аяттары болып табылатын осы аяттар былай дейді: «Кәпірлер мен мүшіріктер пайғамбардан әрдайым хақтың жалғанды жеңетінін, Құдай мұндай уәделерді иманды адамдарға бергенін үнемі еститін. Сол себепті келеке етіп, пайғамбар мен мүміндерге: «Құдай күнәһарлардан кек алып, дәлел аяқталған соң оларды өлтіреді» деп сендер айтатын уәделерің қашан жүзеге асады?» десті. Құдай оларға жауап беріп: «Ол күн келеді. Бірақ, сол күні сендердің имандарың қабылданбайды. Сендерге мұрсат беріледі деп ойламаңдар. Ол күні қайтуға мүмкіндік берілмейді» дейді.
Сүренің соңғы аяттары хақты түсінетін, бірақ оны мазақтауды мақсат ететін қырсық адамдардан аулақ болуға, оларға: «Құдайдың сендер мен біздің арамызда төрелік етуін күтіңдер» деп айтуға бұйырды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Кейде сауал ақиқатты тану үшін емес, оны келеке ету үшін қойылады.
2.Қысылтаяң кездегі иманның құны жоқ. Себебі, ол кезде адамның еркі жойылады.
3.Дәлел мен уағыз әсерлі болмаған кезде күнәһарлардан бойды аулақ салу керек.